Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Ашық сабақ 4сынып "Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестерімен жіберген материалдарыммен бөліскім келеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 4

Бөлім: Жанды табиғат. Өсімдіктер

Мектеп: Н.Бозжанов

Мұғалім: Тықырова Құндызай

Қатысқандар саны: 18

Қатыспаған оқушылар:

Күні

06.03.20

Тақырыбы

Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер.

Оқу мақсаты

4.2.1.5 төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктерді ажырату;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктерімен танысады.

Көптеген оқушылар:Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктерді ажыратады.

Кейбір оқушылар: Балдырдың құрылысымен танысады және түрлерін ажыратады

Бағалау критерийі

-Төменгі және жоғары саты өсімдіктерінің ерекшеліктерін атайды.

-Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктерді ажыратады.

-Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктерге мысал келтіреді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Түсіну, қолдану

Тілдік мақсат


Пәндік терминология мен тірек сөздер

Төменгі сатыдағы өсімдіктер,

жоғары сатыдағы өсімдіктер,

Тірек сөздер

Қатпаршақ

Жасыл балдыр

Қоңыр балдыр

Қызыл балдыр

Ламинария

Тыңайтқыш

Құндылықтар

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы еңбек өнімділігін арттыру-өнеркәсіпке және ауыл шаруашылыққа дамыту

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс.

https://youtu.be/SpgydkF431k

Алдыңғы меңгерілген білім

Өсімдіктердің топтарын, тіршілік ортасына бейімделуін біледі. Өсімдіктің мүшелері мен олардың қызметін атай алады.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

8 минут




«Кинометафора» әдісі

Бейне жазбаны көру арқылы сабақтың тақырыбын болжайды.

Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау.

Бағалау парақшасымен таныстыру

Тапсырма

Орындай алдың ба? «Иә,жоқ,толық емес»

Өзіңе қандай баға қоясың «өте жақсы,жақсы,қанағаттанарлық»

Тапсырма жайлы не айтар едің «оңай,қиын»және тағы басқа

1




2




3




4





«Миға шабуыл» Суретпен жұмыс.

Өсімдік мүшелерін еске түсір.

Суреттен өсімдік мүшелерін көрсет, оларды ата.

Тамыр қандай қызмет атқарады?

Сабақ қандай қызмет атқарады?

Жапырақ қандай қызмет атқарады?

Өсімдіктер қандай топтарға бөлінеді? Төменгі және жоғарғы

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктерге қандай белгілер тән?

Дескриптор:

  • Суреттегі өсімдіктердің мүшелерін көрсетеді және оларды атайды ;

  • Жоғарғы және төменгі сатыдағы өсімдіктердің белгілерін атайды ;

ҚБ-Балдырлар арқылы Жасыл , қызыл, қоңыр түсті

АКТ қолдану арқылы бейнежазба

https://youtu.be/SpgydkF431k










Өсімдік мүшелеріне арналған сурет

Сабақтың ортасы

5 минут






















5 минут































3 минут













5 минут











4 минут













5 минут

1 тапсырма-Т.ж.

«Кластер әдісі» Айырмашылығын тап.

(Балдыр және өсімдік мүшелері салынған суреттер мен гербарий тарату).

Өсімдіктерді салыстыру.

Кейбір өсімдіктердің тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі болмайды. Суреттерде бейнеленген өсімдіктердің мүшелерін салыстыру, төменгі сатыдағы өсімдіктерге балдырлар, ал жоғары сатыдағы өсімдіктерге сан алуан өсімдіктер жататыны туралы қорытындыға келеді.


  • Төменгі сатыдағы өсімдіктерге нелер жатады?

  • Жоғары сатыдағы өсімдіктерге ше?

  • Өсімдіктерді неге бұлай топтастырады?

Дескрипторы

  • Балдыр және өсімдік мүшелерімен танысады ;

  • Өсімдіктерді салыстырады ;

  • Төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктерге сан алуан өсімдік екеніне қорытынды жасайды ;

ҚБ-Балдырлар арқылы

2 тапсырма - Зерттеу жұмысы. Т.ж. «Зерттеушілік конференциясы»

Мақсаты: жоғары және төменгі саты­дағы өсімдіктерді ажыратып үйрену.

Әр топқа барлық мүшесі бар өсімдік (құлпынай) пен балдырдың шынайы үлгісін не суретін тарату.

Гербарий қолдану/Суреттермен жұмыс жасау.

Зерттеу жұмысын жүргізуге арналған нұсқаулықпен таныстыру.

1. Өсімдіктердің сыртқы белгілерін бір-бірімен салыстыру, зерделеу.

2. Сыртқы белгілері бойынша ұқсастықтарын анықтау.

3. Ұқсастықтарын кестеге жазу.

4. Екі өсімдіктің айырмашылықтарын зерделеу.

5. Кестеге әр өсімдіктің ерекшелігін жазу.

6. Қорытынды жасау.


  • Балдыр өсімдікпе?

Балдырдың мүшелерін анықтауға тырысу.

Қорытындылау: олардың мүшелерін ажырату мүмкін емес, денесі бөлшектенбеген, түсі жасыл, тіршілік ортасы – су.

Білімді аралық бекіту. Оқулықтағы мәтінді оқу.Мәтіндегі ақпаратты зерттеу жұмысы бойынша жасаған қорытындыларымен (әңгімелерімен) салыстыру.

Дескрипторы

  • Өсімдіктердің сыртқы белгілерін бір-бірімен салыстырады ;

  • Сыртқы белгілері бойынша ұқсастығын анықтайды ;

  • Екі өсімдіктің айырмашылығын зерделейді ;

ҚБ: балдырлар арқылы

3 тапсырма- Ойлан.ҰЖ «Миға шабуыл» әдісі

«Неліктен Жер бетінде жоғары сатыдағы өсімдіктер төменгі сатыдағы өсімдіктерге қарағанда көп таралған?» деген сұрақ бойынша талқылау. Жоғары сатыдағы өсімдіктер барлық мүшелері дамығандықтан таралу мүмкіндігі мол. Олар тамыры арқылы топырақтан қорегін сіңіруге бейімделген, сондықтан құрлықта өседі.

Дескрипторы:

  • Төменгі сатыдағы өсімдіктерге талқылау жасайды;

ҚБ:Балдырлар арқылы


4 тапсырма- Жұптық жұмыс. «Кейс -стади» әдісі арқылы

Өсімдік мүшелерін салыстыр.

Тапсырманы орындау үшін оқушыларға жергілікті жерде кездесетін өсімдіктердің суреттерімен қоса, Қазақстанда мүлде кездеспейтін өсімдіктердің суреттерін беру. Әр өсімдіктің атын жазып қою. Өсімдікті таңдау,мүшелерін сипаттау. Белгілері бойынша қорытынды жасау.

Дескрипторы:

  • Өсімдіктер мүшелерін салыстырады ;

  • Өсімдік мүшелерін сипаттайды ;

ҚБ : Балдырлар арқылы


«Қосымша мәлімет»

Сен білесің бе? Мүктің суретін көрсету. Мүктің сырт пішініне қарап, ол да төменгі сатыдағы өсімдікке жатады деген ой туындауы мүмкін. Мүктер – жоғары сатыдағы өсімдіктердің қарапайым тобы. Ол барлық жерде кездеседі, әсіресе, ылғалы мол ортада өсуге бейімделеді. Себебі мүктің тамыры болмайды. Бірақ басқа мүшелер

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.05.2020
7356
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12