жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ 5 - сынып Қазақтың тұңғыш жиһанкезі
Пәні: қазақ тілі |
|||||||
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Саяхат және демалыс Мектеп: Әбу Сәрсенбаев жалпы орта мектебі Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Тулемисова Роза Салахиденовна Сынып: 5 Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|||||||
Сабақ тақырыбы:
|
Қазақтың тұңғыш жиһанкезі |
||||||
Осы сабақтақол жеткізілетіноқу мақсаттары (оқу бағдарламысына сілтеме) |
5 Т/А4 Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.
5 ӘТН4.4 Сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу, сан есімді зат есім орнына қолдана білу. |
||||||
Сабақ мақсаты
|
Барлық оқушылар: мәтіннің мазмұнын түсініп,тірек сөздерді тауып,мәтіндегі ойға қатысты берілген сұрақтарға ойларын тұжырымдап жауап бере алады.Сан есімдерді мағынасына қарай ажыратып, зат есімнің орнына қолданады. |
||||||
Оқушылардың көбісі: мәтінде айтылған негізгі ойға өзіндік ой-пікірлерін қосып, сан есімдерді кіріктіріп, хронологиялық кесте, жалғасқан шеңберлерді толтырып,сурет бойынша әңгіме құрап, мақал- мәтелдер жаза алады. |
|||||||
Кейбір оқушылар: тыңдалым мәтіні мен ресурстарды пайдаланып, ойтолғау жаза алады. |
|||||||
Ойлау деңгейлері |
Білу, түсіну, қолдану |
||||||
Бағалау критерийі |
1.Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтай алады. 2.Сан есімнің мағыналық түрлерін ажыратып, зат есімнің орнына қолданады. 3.Сан есімді қолдана отырып, күрделі мәтін құрап, ойтолғау жазады.
|
||||||
Тілдік мақсат |
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Жиһанкез, саяхатшы, жазушы, сан есім,аңыз, сұлтан әулеті, араб, парсы, шағатай тілдері, топограф,геодизист, кадет корпусы |
||||||
Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер: Білімге құмар, ерекше зерек, орыс достарының айтуынша, менің ойымша, деп түсіндіремін, дәлелдей аламын, шешімге келдім. |
|||||||
Жоғары дәрежелі сұрақтар: 1.Мәтінде Шоқанның бойындағы қай қасиеті ерекше көрсетілген? 2.Шоқанның білімге құштар болуына әсер еткен қандай жағдайлар деп ойлайсың? 3.Шоқан қай тілдерді меңгерген? Сен үшін көп тіл білудің маңызы бар ма? 4. Орыс достары Шоқанды қалай бағалады? 5.Шоқанға жиһанкез аты неліктен берілді деп ойлайсың? |
|||||||
Құндылықтарға баулу |
Туған жеріміздің тарихында ата-бабаларымыздың ұлы істері сақталған.Солардың бірі- қазақтан шыққан тұңғыш зерттеуші Шоқанның өмір жолын ұрпақтарға үлгі ету, құрмет тұтуға тәрбиелеу. |
||||||
Пәнаралық байланыс |
Сабақтың өн бойында тапсырмаларды орындату барысында Шоқанның зерттеушілік қызметі мен еңбектерін жаратылыстану пәнімен, аңыз әңгімеге, ертегіге, жыр тыңдауға құштарлығын әдебиетпен байланыстырамын. |
||||||
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
Ұлы саяхатшылар туралы оқып келгендерін сұраймын. |
||||||
Сабақтың барысы |
|||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен) |
Ресурстар |
|||||
Сабақтың басы 10 минут |
Ұйымдастырамын. Оқу мақсатын көрсетемін. «Терминдер болжауы» әдісі арқылы топқа бөлемін. Жиһанкез саяхатшы зерттеуші
Ақын-жазушылар суреттерін көрсетіп, осы сөздердің қайсысына қатыстылығын анықтап.тақырыпты болжатамын. Тыңдалым алдындағы тапсырма «Допты қағып ал» әдісі
|
Слайд
|
|||||
Сабақтың ортасы 20 минут
|
Жеке жұмыс. Әдіс: «Түртіп алу» Тыңдалым кезіндегі тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Бала Шоқанның бойында болашақ саяхатшыға қажетті қандай қабілеттер барын анықта. Сан есімдер мен тірек сөздерді жаз.
Сан есімдер:1835жыл,1847 жыл, 12 жас
Тірек сөздер: Жиһанкез, саяхатшы, жазушы, сан есім,аңыз, сұлтан әулеті, араб, парсы, шағатай тілдері, топограф,геодизист, кадет корпусы
Жұптық жұмыс. Әдіс: «Сұрақтар жаңбыры» Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
1.Мәтінде Шоқанның бойындағы қай қасиеті ерекше көрсетілген? 2 3.Шоқан қай тілдерді меңгерген? Сен үшін көп тіл білудің маңызы бар ма? 4. Орыс достары Шоқанды қалай бағалады? 5.Мәтінде қандай термин сөздерді кездестірдің? 6.Шоқанға жиһанкез аты неліктен берілді деп ойлайсың?
Топтық жұмыс «Саяхатшы қоржыны»
Тапсырмалар таңдатамын. «Айналмалы бекет» әдісі Сан есімдер қатысқан мақал- мәтелдер жазып, мағыналарына ажырату, зат есімнің орнына қолданып тұрған сан есімдерді атау
Мысалы: Алтау ала болса ауыздағы кетеді Төртеу түгел болса төбедегі келеді
2.Хронологиялық кесте толтыру
Мәтінде кездескен сан есімдерді оқиғалармен байланыстырып жазу
3. «Жалғасқан шеңберлер» құру
Мәтін бойынша, қосымша материалдар бойынша Шоқан туралы білетіндерін шеңберлерге толтырып жазу
4. «Қазақ отбасындағы әже тәрбиесі»
Сурет бойынша және мәтіндегі тірек сөздерді пайдаланып, мәтін құрау
ҚБ
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Ширату жаттығуы «Ленталы шеңбер» 2 минут Тақырыпқа қатысты сөздерден тізбек құратамын.
Шығармашылық тапсырма «Зердеге тоқу» әдісі
«Егер мен жиһанкез болсам» тақырыбында ойтолғау жазуға беремін. Оқушылардың барлығына да жазуға беремін. Жазу барысында оқушыларға қолдау көрсетемін. ҚБ «Бағдаршам»
Дескриптор 1.Мәтінді мұқият тыңдап, өз ойларын жинақтап, сұрақтарға дұрыс жауап берді. 2.Мәтіннен сан есімдерді тауып, мағыналық түрлеріне ажыратты. 3.Ресурстардан қажетті мәліметтерді пайдаланып, сан есімді қатыстырып,әр түрлі шығармашылық жұмыстарды орындай алды. |
http://drscavanaugh.org/discussion/inclass/discussion_formats.htm)
Шоқан туралы мәтіндер,ауызша журналдар
Суреттер
лента
|
|||||
Соңы
Кері байланыс
10минут
|
«ПОПС» формуласы әдісі
Бірінші сөйлем Менің ойымша...» Екінші сөйлем «Себебі, мен оны ... деп түсіндіремін. Үшінші сөйлем «Оны мен... деген фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын» Соңғы сөйлем « Осыған байланысты мен... шешімге келдім»
|
|
|||||
Саралап оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? |
Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
|||||
Тапсырмаларды жеңілден күрделіге қарай саралап беремін.
Жеке жұмыс Жұптық жұмыс Топтық жұмыс |
Қолдау, «Екі жұлдыз, бір тілек», жұптық бағалау, «Бағдаршам»әдісі Кері байланыс жасаймын,тапсырманы орындау барысында қолдау көрсетемін.Ынталандырып отырамын,ұсыныстар айтамын.
|
Гигиеналық талаптарға мән беремін. Мультимедиядан слайд көрсетемін, аудио тыңдатамын.
|
|||||
.Шоқанның
білімге құштар болуына әсер еткен
қандай жағдайлар деп ойлайсың?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген