Сабақтың тақырыбы: 5 – ке
көбейту және бөлу кестесі.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік
мақсаты: 5 – ке көбейту кестесін және
соған сәйкес бөлу
жағдайларын құрастыру. 5 – ке
көбейтудің кестелік
жағдайлары туралы түсінікті,
тапсырмаларды ойын
түрінде
өткізу.
Дамытушылық
мақсаты: Жаңа сабақтың мәнін аша
отырып, есептерді,
теңдеулерді шешуде есептеу
дағдыларын
жетілдіруге, көбейту және бөлу амалдары
бар
есептерді шығару арқылы
біліктілігін,
дамытушылық ойын
қалыптастыру.
5-ке көбейту және бөлу
кестесін слайдтар арқылы
баланың ой - өрісін, есте
сақтау қабілетін, өз бетімен
жұмыс істеу дағдысын
дамыту.
Тәрбиелік
мақсаты: Жаңа білімді меңгере білуге,
әдептілікке,
ұқыптылыққа, адамгершілікке,
ұйымшылдыққа, тәртіпті болуға
тәрбиелеу.
Эстетикалық тәрбие беру.
Әдістемелік
мақсаты: Ақпараттық – коммуникациялық
технологияны
пайдалану арқылы оқушылардың
білім – білік,
іскерлік дағдыларын
қалыптастыру.
Сабақтың
түрі: Аралас
сабақ.
Сабақтың
әдісі: .Интерактивті.
Сабақтың
көрнекілігі: Слайдтар.
Пәнаралық
байланыс: Ана тілі,
дүниетану.
Қолданылатын
әдебиеттер: Т.Кучер.т.б. Математика. –
Алматы:
«Атамұра»,2010
Т.Оспанов. Бастауыш сыныптарда
математиканы
оқыту.
Сабақтың
құрылымы:
-
Ұйымдастыру
бөлімі.
-
Кіріспе бөлімі.
1. Үй жұмысын
тексеру.
2. Жаңа сабақты
жариялау.
3. Сергіту сәті.
III. Негізгі бөлімі.
-
Жаңа сабақты түсіндіру
IV. Сабақты
қорытындылау
V. Үйге тапсырма
беру.
VI.
Бағалау.
Сабақтың
барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен сәлемдесу. Құрал –
жабдықтарын дайындатып, назарларын сабаққа
аударту.
II.Кіріспе
бөлімі.
-
Үй
жұмысын тексеру.
-
Балалар, біз өткен сабақта
баға, сан, құн шамалары арасындағы тәуелділік жайлы есептер
шығарған болатынбыз. Ал енді қазір оны қанша меңгергендеріңді
байқау үшін сұрақтар қоямын.
-
Балалар, заттардың құнын табу үшін не
істейміз?
-
Дұрыс айтасыңдар. Заттардың
құнын табу үшін, бір заттың бағасын заттардың санына көбейту керек.
Ал енді, заттың бағасын табу үшін қандай амал орындау
керек?
-
Дұрыс
айтасыңдар балалар, заттың бағасын табу үшін, олардың құнын
заттардың санына бөлу керек.
-
Заттардың санын табу үшін қандай амал орындау
керек екен?
-
Әрине балалар,дұрыс
айтасыңдар. Заттардың санын табу үшін, құнын бір заттың бағасына
бөлу керек.
-
Рахмет
балалар, сендер өткен сабақты жақсы меңгерген
екенсіңдер.
-
Енді,
үйге берілген тапсырманы тексерейік. Үйге қандай тапсырма
берілді?
-
№ 9
есеп. Теңдеулерді шешу.
(Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы, үй
тапсырмасын тексеру)
№
9.
89+х=134
х=134-89
х=45
8
9+45=134
134=134
х-29=161 х+100=137
х=161+29 х=137-100
х=190 х=37
1
90-29=161 37+100=137
161=161 137=137
-
Жаңа сабақты жариялау.
-
Сергіту сәті.
Жасағанда жаттығу,
Керек емес аптығу.
1,2,3. 1,2,3.
Жинап алдық міне күш!
III. Негізгі бөлімі.
-
Жаңа сабақты түсіндіру.
(тақтаға жаңа тақырыпты
жазамын.)
Кітаппен жұмыс.
-
Балалар, №1 есепке қарайықшы.
Мұнда 5-ке көбейтулерді қарастырайық.Көбейтінділердің мәндері қалай
табылған?
-
Иә,дұрыс айтасыңдар.Қосу
амалдары арқылы табылған. Яғни, 5-ті 5-ке көбейту дегеніміз – 5-ті
5-ке 5 рет қосу.
-
Теңдіктің оң және сол жақтарын
салыстырайықшы.Қандай айырмашылығы бар екен?
-
Дұрыс, оң жақта 5-ке көбейту
кестесі, ал сол жақта сол көбейтулердің қосу амалдары берілген.
Бірақ екеуінің мәндері бірдей. Себебі, сол жақ теңдіктегі амалдар,
оң жақ теңдіктегі көбейтудің қалай орындалатынын
көрсеткен.
-
Ал енді, неге әрбір келесі
жолдағы өрнектің мәні алдыңғы жолдағы өрнектің мәнінен 5-ке
артық?
-
Дұрыс айтасыңдар, себебі 5-ті
5-ке көбейту үшін, 5-ті 5-ке 5 рет қосу керек. 5-ті 6-ға көбейту
үшін, 5-ті 5-ке 6 рет қосу қажет.
-
Ал,енді №2 есепке назар аударайық. Мұнда 5-ке
көбейту кестесі қалай құрылғанын қарайық.
6·5=5·6
7·5=5·7
8·5=5·8
9·5=5·9
- Дұрыс, мұнда тек қана орындары
ауыстырылған. Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан, көбейтінділердің
мәні өзгермейді.
- Ал енді балалар, №3
тапсырмада бізге 5-ке көбейту кестесін аяқта деп
жазылған.
(Оқушылар тапсырмадағы 5-ке көбейту кестесін
аяқтайды.)
Тақтамен
жұмыс.
(№1 слайдқа назар аудару.)
5*6=30 5*5=25 30:5=6 35:7=5
(«Алтын балық» ойынын ойнату
арқылы орындау.№2 слайдқа назар аудару.)
Өрнектер құр және олардың мәндерін
тап.
5·6=30
10:5=2
5·4=20
20:5=4
5·3=15
15:5=3
5·8=40
30:5=6
-
Қауынның массасы 5 кг. Осындай 7 қауынның массасы
қанша?
Яғни,
5*7=35кг
-
5 ашық
хатқа 25 тг төленді. Бір ашық хаттың бағасы
қанша?
Шешуі: 25:5=5, Жауабы: 5 тг
төленді.
-
1
жапсырғыштың бағасы 5 тг. 40 теңгеге осындай неше жапсырғыш
келеді?
40:5=8.
656-98=558
306+87=393
300:100=3
(354+636)-920=70
720-(384+216)=120
90·10-756=144
40·7-40·5=80
70·3+70·2=350
80·3+30·2=300
-
№9.
4·b
өрнегінің мәнін тап, мұндағы b=1; 2; 5; 8; 9; 0.
4·1=4
4·2=8
4·5=20
4·8=32
4·9=36
4·0=0
№11.
Қалдықпен бөлуді орында және тексер:
6:5
= 1
(қалд.1)
7:5
= 1
(қалд.2)
8:5
= 1
(қалд.3)
9:5
= 1
(қалд.4)
11:5
= 2
(қалд.1)
12:5
= 2
(қалд.2)
№13.
Тура теңсіздіктер шығу үшін бос тор көздерге қандай санды жазу
керек:
45:5 >
2+5;
30:5 <
40:5-1;
35:5-2·3>9-9;
25:5+6>8·1;
Өздік жұмыс.
№14.
Есепте:
6·5=30
5·9=45 5·6=30 9·5=45 8·5=40
45:5=9
35:5=7 40:5=8 30:5=6 25:5=5
5·8=40
5·7=35 7·5=35 5·5=25 20:5=4
IV. Сабақты
қорытындылау.
(№3
слайдқа назар аудару.)
-
Үйге тапсырма беру.
Балалар, үйге №10 және №12.
№10 –ға назар аударайық. Мұнда 1) Саяжайға орындықтар орнату үшін
әр орындыққа 2 шұңқырдан қазу керек. Түске дейін 6 орындық, түстен
кейін 4 орындық орнатылады. Неше шұңқыр
қазылды?
2) Күзгі гүлзарда жұлдызгүл мен күзгүлі өсіп тұр.
Жұлдызгүл әр қатарда 10 гүлден 5 қатар және 42 күзгүл болды. Күзгі
гүлзарда неше гүл өсіп тұрды?
№12. Қандай фигуралар қиылысады? Фигуралардың
қиылысуынан пайда болған шаршының периметрін тап.
-
Бағалау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушылардың білімдерін
бағалаймын.