400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "5 ке көбейту және бөлу" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
әріптестеріме методикалық көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облысы

Мұғалжар ауданы

Құмжарған орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Алдабергенова Мансия Каймуллиновна

Математика 3-сынып

Сабақтың тақырыбы: 5-ке көбейту мен бөлуді пысықтау.

Сабақтың мақсаты: 5-ке көбейту мен бөлу жағдайларын пысықтау мақсатындағы

сабақта оқушылардың түрлі танымдық тапсырмаларға сай

логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, білім, білік

дағдыларын қалыптастыру. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі.

Сабақтың көрнекілігі: Үлестірмелі карточка, портрет, кестелер, саяхаттың сызбасы.

1 қатар- жай отыр.

2 қатар- сен де отыр.

Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  • Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?

  • 5 санының мағынасы туралы біліп келу, №7 есепті шығару, көбейту кестесін жаттау.

  • Бес қару: садақ, қылыш, найза,сүңгі, айбалта,шоқпар.

  • Бес парыз:иман намаз оқу, ораза ұстау, зекет садақа беру, қажыға бару.

  • Бес асыл, бес дұшпан.

  • Оқушылар бұл қай өлеңде еді?

  • Абай Құнанбаевтың «Адам болам десеңіз» өлеңінде

  • Кәне кім айтып жібереді? (өлең айтылады)

  • Бүгінгі сабағымыз ерекше. Өйткені, біз сіздермен өткен сабақты пысықтай түсу үшін ұлы ақын Абай атамыздың ауылына саяхатқа шығамыз. Саяхатта өлеңдегі «бес асыл істі» отаулық тапсырмаларын орындаймыз.

Саяхаттың бағытымен таныстырамын. Отаулардың арасы жақын болғандықтан атпен аралаймыз. Дәптерлерін ашқызып күн ретін жаздырту.

  1. Сынып жұмысы.

Көрсетілген санды жаз, 30 30 30 30.

«Талап» отауының тапсырмасын орындау.

  1. «Таңба дұрыс па?» ойыны.

Үй тапсырмасын тексеру

  1. Карточкамен жұмыс.

5-ті көбейту кестесін меңгергендігін тексеру.

  1. Ой қозғау.

«Еңбек» отауының шартын орындау.

№1 есепті шығару

  1. Ой ашар.

«Терең ой» отауы.

№2. а) есептегі кестені пайдаланып, есеп құрастыр.

ә) талдау жасау.

№3 Мысалы: а) Бір дәптер 5 теңге тұрады. Осындай 7 дәптер неше теңге тұрады?

Шешуі: 5*7=35

Жауабы: 35 теңге.

ә)Егер бір дәптер 5 теңге тұрса, 35 теңгеге осындай неше дәптер сатып алуға болады?

Шешуі: 35*5=7

Жауабы:7 дәптер.

Б) бірдей 7 дәптер 35 теңге тұрады. Бір дәптердің бағасы қанша?

Шешуі: 35*7= 5

Жауабы: 5 теңге.

В) сұрақ –жауап.

Бұлар өзара кері есептер болып табыла ма?

Неліктен?

Бұлар бір-біріне кері есептер. Себебі, бір есептегі ізделінген шама басқа есепте белгілі шама керісінше болып отыр.

  1. Сергіту сәті.

  2. «Қанағат» отауының тапсырмасы.

№5 есепті өз бетінше орындау.

1 қатар 2 қатар 3 қатар

5,20.40 10,25,50 15, 30,35

а)5-ке кеміт а)5-ке кеміт а) 5-ке кеміт

ә)5-есе кеміт ә) 5-есе кеміт ә)5-есе кеміт

3 қатардан 2 оқушыдан шығып, тапсырманы тақтаға орындайды.

  1. Математикалық көру диктант .

Көбейтіндінің және бөліндінің мәндерін тапқызу, тексерту.

Қай теңдіктер 5-ке көбейту кестесінде келтірілген?

  1. «Рақым» отауының шартына зер салайық.

№7 есептегі теңдеуді шешкізу.

Ойлан тап!

№6 есеп Әр қатардан бір оқушыдан шығып, санды 5-ке бөлгенде қандай қалдық қалуы мүмкін екенін түсіндіреді.

Ойлап қой!

«Орныңды тап» ойыны.

Сабақты қорытындылау.

  • Не істедік?

  • Не үйрендіңіздер?

  • Өз-өзіңді бағалау?

  • Сабақ ұнады ма?

Үйге тапсырма: №4, Бағалау,мадақтау.















Сауат ашу 1-сынып

Сабақтың тақырыбы: Х дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: а) оқушыларға Х дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы

берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.

ә) сөздерге дыбыстық талдау жасауға жаттықтыру.

Дамытушылық: Х дыбысын білдіру арқылы оқушылардың

тіл байлығын,

ой-өрісін, сын-тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тиянақтылыққа,табиғатты қорғай білуге

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,практикалық тренингі мен стратегиялар,

түсіндіру,талдау.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,дүниетану.

Сабақтың көрнекілігі: Х дыбысының жазба, баспа түрі, кеспе әріптер,

буындар, суреттер,сөйлем, текшелер.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру бөлімі:

М: Балалар, бізге бүгін қонақтар келіп отыр.

Сабаққа жақсы қатысайық,бір-бірімізге сәттілік тілейік.

Психологиялық дайындық

О: Ойланайық бір мезет,

Абайлайық, қарайық.

Бірімізге-біріміз,

Күннің нұрын берейік.

М:Енді орнымызға отырайық.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

а) «Жарыс» мәтінін тізбектей оқыту.

ә) Рольге оқыту

б) Мәтіннің мазмұнын 3-4 оқушыдан сұрау.

в) Білімдерін тексеру:

М: -Мәтін не туралы?

-Жарысқа нелер қатысады?

-Қасқыр аңдарға не айтады?

- Аю қалай жүгіреді?

- Аю туралы не білеміз?

О: Аю жыртқыш аңдарға жатады.Аю екі түрге бөлінеді: ақ және қоңыр аю. Аюлар қыста апанда ұйықтайды. Ол үшін жазда май қорын жинайды. Аю жеміс-жидектермен, балықтармен қоректенеді. Ол бірақ араның балын бәрінен де өте жақсы көреді.

Сергіту сәті: Қорбаңдаған аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

ІІІ. Өткен әріптерді қайталау. «Пианино тренингі»

А-алма, С-сағыз, З-Зада, Қ-қала, Л-лақ, М-мата, Ж- жұлдыз.т.б.с...

IV.Жаңа тақырыпты түсіндіру

М: Тапқыр,ойлы пішінде

Шапшаң жұмбақ шешіңдер; (суретін көрсету)

  1. Жел диірмен ---

Қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп? (Х әрпі )

  1. Сәлем алып, алыстан,

Туысыңнан, таныстан.

Келетұғын хат, хабар,

Қай әріптен басталар. (Х дыбысы)

Сурет бойынша жұмыс;

А) Хат, хоккей қандай дыбыстан басталады?

-Х дыбысын айтып көрейік, дыбыстайық.

-Х- қатаң дауыссыз дыбыс (тіл арты, ызың)

Баспа, жазбаша түрлерін көрсету. Бас әрпі, кіші әрпі.

Ә) «Хат» сөзіне дыбыстық талдау жасау.

3-дыбыс,3-әріп,1 дауысты,2 дауыссыз дыбыс бар.

Х- қатаң дауыссыз дыбыс

а- жуан дауысты дыбыс

т-қатаң дауыссыз дыбыс.

Б) «Әріптер бастамасы тренингі»

Бағандағы сөздерді оқыту, мағынасын сұрау, буынға бөлгізу, дыбыстық талдау жасау.

В) Сергіту сәті

М: Салқын күз аяқталып,

Қатулы қыс келеді.

Жапалақтап ұлпа қар жауады.

V. «Әріптер жауғанда» стратегиясы ( қар қиыршықтарына әріптер жазылып қойылады)

А) оқушылар әріптерді реттестіріп «кітапхана» сөзін құрайды.

Балалардан өз мектебіміздегі кітапханашы Сабила Сақыпқызы және

кітапхана туралы ауызша мәтін құрақызу.

Ә) Оқулықпен жұмыс «Кітапхана»мәтінін оқыту «Кім жылдам?»

Тізбектейоқу, іштей оқу,жеке-жеке оқу

VI. Дәптермен жұмыс Дәптер бетін ашайық,

Қолға қалам алайық.

Салақтықтан қашайық,

Әдемі етіп жазайық

Х әрпін ауада жазу, дәптер жолына түсіндіре отырып жазғызу,жазу,тексере жүріп, оқушыларды мадақтау.

Көркем жазу:--------------------------------------------------------------------------

---------------------------------------------------------------------------

VII.

VIII.

IX.



































Сабақтың тақырыбы: «Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу»

Сабақтың барысы: 2 таңбалы санды 1 таңбалы санға бөлу.

Сабақтың мақсаты: а) 34*2 және 68*2 жағдайларындағы ауызша көбейту мен бөлу

жайлы білімін қалыптастыру.

ә) математикалық ұғымдарды меңгеру, ойша саяхат жасау арқылы ой

өрісін, сөздік қорын дамыту, пәнге деген қызығушылығын,

белсенділігін арттыру.

б) өз ойларын толық, дұрыс жеткізе білуге, жылдамдыққа ептілікке

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ.

Сабақтың типі: жаңа білімді дамыту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, ребус шешу, көрнекілік,

түсіндірмелі есептеу.

Сабақтың көрнекілігі: ойын материалдары, ребус, үлестірмелі карточкалар, суреттер.

І. Ұйымдастыру:

1. Психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Бар адамды құрметтеп

Бас иеміз біз.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

  1. № 6 (ауызша тексеру)

  2. 2 оқушы перфокартамен жұмыс жасайды.

  3. 2 оқушы карточкамен жұмыс жасайды.

  1. Ұз-4 см 2. Мына санд. раз. Қосылғыштарға жікте

Ені-2 см 36,97,128,14.

S-?

P-?

ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Бүгін сабақта ойша саяхатқа шығамыз. Саяхатқа поездбен.

Алдымен 2 топқа бөлінеміз.

Поезд 5 вагоннан тұрады.

І топ

ІІ топ

  1. Ребус шешу (көбейту, бөлу) олай болса бүгінгі тапсырма мыналар көбейту бөлу амалына арналады.

2 таңбалы санды 1 таңбалы санға көбейту және бөлу.

  1. Әр вагонның тапсырмасын орындасақ кімде-кім сабақта жақсы жауап берсе, көп жұмыс істесе сол топ жүлдегер атанады.

  2. Поездға мінбес бұрын билет аламыз (көбейту кестесіне арналған карточкалар) .

  3. №1 вагон 1- тапсырма (Жаңа сабақ түсіндіру)

34*2=(30+4)*2=30*2+4*2=68

64:2=(60+4):2=60:2+4:2=34

  1. №2 вагон тапсырмасы №2 жаттығуды 2 топтан 2-2-ден оқушы тақтаға түсіндіреді.

23*2= 42*2=

69:3= 84:2=

  1. №3 вагон тапсырмасын орындамас бұрын логикалық есепті қай топ тез шешеді?

Тауық бір аяқпен тұрғанда 4 килограмм, екі аяқпен тұрғанда неше килограмм?

Шешуі:(320+400):8=90 Жауабы: 90 жұп

  1. №4 вагонның тапсырмасы (математикалық диктант)

300 бен 500 дің қосындысы 100*8 көбейтіндісіне тең.

22-нің 2-ге көбейтіндісі 44:2 бөліндісінен үлкен.

  1. №5 вагонның тапсырмасы (теңдеуді шеш)

С*2=180 180:а=20

C=90 а=9

IV. Бекіту.

  • Сонымен барлық вагондар даяр. Сәт сапар тілейміз.

  • Бүгінгі сабақта біз не үйрендік?

  • Қандай тапсырмалар орындадық?

V. Бағалау.(берілген дөңгелекшелерді санап, жеңімпаз топты анықтаймыз).

VI. үйге тапсырма беру №4,7 (135 бет).





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
718
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі