Сабақтың тақырыбы: 5 санын және цифрын
қайталау.
Сабақтың мақсаты: 1-ден 5-ке дейінгі
сандарды , олардың
таңбалауын, құрамын қайталау,білімдерін
бекіту, бақылау.
Ой-өрістерін
дамыту.
Жан-жануарларға деген
қамқорлықтарын тәрбиелеу.
Көрнекілік: үйлестірмелі қағаздар,
слайдтар,суреттер.
Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру
кезеңі.
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар
алдарыңда парақша берілген соған көңіл күйлеріңді
салыңдар. Енді қасыңда
отырған көршілеріңе көрсет.Дұрыс бала-
лар,көңіл күйлерің жақсы
екен.
2 Жаңа
сабақ.
Балалар,
біздің бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ.Сабағымызды бастамас бұрын үш
топқа бөлініп алайық.
1 топ:
Алма
2 топ:
Алмұрт
3 топ:
Шие
Балалар мына суретте қай
ертегі бейнеленген.
Дұрыс
“Бауырсақ” ертегісі.
Саяхатымызды бастамас бұрын
мына тапсырмаларды орындап алайық.
( 1- 5 дейін тура , кері
санау ).
Ал енді , балалар, ертегіге
саяхат жасаймыз.
Кел,тыңдайық
ертегі,
Естіген жанды
елтеді.
Талай ғажап
оқиға,
Қызық сырын
шертеді.
Ерте, ерте, ертеде бірата
мен әже болыпты.
Атасы:
кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші.
Әжесі: неден пісірейін ұн
жоқ қой.
Атасы: қаптың түбін қақ,
бауырсақтық ұн табылып қалар.
Әжесі:
солай істейді: қаптың түбін қағып, қалған ұннан бауырсақ пісіреді
де суытып терезе алдына қояды.Бауырсақ домалап
кетеді
Орман
ішіне домалап келіп, қоян ананың көжегін үйретіп жатқанын
естиді.
Сұр
көжегім, көжегім,
Еркелігін
сеземін.
Сабаққа
мойын бұратын
Сеніңде келді
кезегің
Білмесең надан
боласың
Жау қолында
қаласың
Үйреніп бәрін біле
алсаң,
Ақылын жетіп
толасың.
(көжегі
қорқып бауырсақты көріп қашып кетеді).
Қоян:
бауырсақ, бауырсақ мен сені жеп қоямын.
Бауырсақ: жоқ, сен мені жеме,
саған өлең айтып беремін, соны тыңда:
Әже қойма
қырнаған,
Екі уыс ұн
жинаған,
Қаймаққа
илеген,
Майға
пісірген,
Терезе алдына
суытқан,
Бауырсақпын
домалақ!
Атадан
кеттім,
Әжеден
кеттім,
Қоян сенен де
кетемін!
Қоян:
қой, бауырсақ сенің өлеңің жақсы, сен одан да менің тапсырмамды
орында.
Бауырсақ: енді не істеймін,
балалар, сендер маған көмек көрсетіңдерші.
2+3
4+1
5-2
5-1
Шөп үстінде құлпынай жеп
жатқан аюға кездеседі.
Аю:
бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: жемеші мені, мен
саған қандай өлең айтып береді екем.
Әже қойма
қырнаған,
Екі уыс ұн
жинаған,
Қаймаққа
илеген,
Майға
пісірген,
Терезе алдына
суытқан,
Бауырсақпын
домалақ!
Атадан
кеттім,
Әжеден
кеттім,
Қояннан да
кеттім
Аю сенен де кетемін!
Аю: Әй, балалар,
балалар!
Менде қызық ойын
бар,
Ал ықылас
қойыңдар.
Кәне тәртіп
сақтайық,
Мен
берген тапсырманы,
Бұлжытпай
орындайық.
Ойын:
“Қайсысы артық”.
Бауырсақ:
жарайсыңдар балалар, мені тағы құтқарып
қалдыңдар.
Бауырсақ: домалап ағаш
түбінде жатқан қасқырға кездеседі.
Бауырсақ: жемеші, мен саған
өлең айтып беремін.
Қасқыр: жоқ, бауырсақ өлеңің
керек жоқ сен менің тапсырмамды орында.
Лото
ойыны .
Бауырсақ:
рахмет, балалар, қасқырдан да құтқардыңдар деп әрі қарай домалап
кетеді.
(Бауырсақ
келе жатып, бір дыбыстарды естиді).
Түлкі: Түлкішегім,
құлыным.
Сен ғой менің
тілегім.
Аңшы
кімді қумаған?
Жарылмасын жүрегің!- деп
түлкі баласын үйретіп жатыр екен.
Түлкі: бауырсақты көріп
–амансың ба бауырсақ көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы, мен
сені жеймін.
Бауырсақ: жеме, мен саған
өлең айтып беремін.
Әже қойма қырнаған,
Екі уыс ұн
жинаған,
Қаймаққа
илеген,
Майға
пісірген,
Терезе алдына
суытқан,
Бауырсақпын
домалақ!
Атадан
кеттім,
Әжеден
кеттім,
Қояннан да
кеттім
Аюдан да
кеттім,
Қасқырдан да
кеттім
Түлкі сенен де
кетемін!
Түлкі: оңай құтыла алмайсың,
менің тапсырмамды орында.
Түлкінің
тапсырмасы:
Кел
балалар ойнайық,
Ойнайық та
ойлайық.
Қандай сұрақ болса
да,
Шешпей оны
қоймайық.
Тапсырма
«Көршісін тап»
Қорытынды:
Енді балалар,қорытындыға
қызықты тапсырма орындаймыз.*Бірдей екі бауырсақты тап.*
Ал, балалар, біз бүгін
бауырсаққа көп көмек көрсеттік.
Бауырсақ: бізге көп алғыс
айтады, ол сендерге бос келген жоқ сый-
сияпат
әкелді. Ол бауырсақ.
Ал кім нан туралы тақпақ
біледі.
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады
ма?
Мадақтау. Қортындылау.