400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 5 саны мен цифры.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі мекемелерде өз іс тәжірибемді әріптестріммен бөліскім келеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиеші : Ускенбаева Назима

Білім беру саласы: Таным

Бөлім :Қарапайым математикалық ұғым

Тақырыбы: 5 саны мен цифры

Мақсаты:

Білімділік:Балаларға математикалық терминдерді қалыптастыру.5 саны көлеміндегі сан мен цифр ұғымдарын қалыптастыру. Оларды атай тбілуді үйрету. 5 көлеміндегі тсанды тура және кері санауға үйрету.

Дамытушылық : Сандарды тура, кері санауға үйрету, логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой - өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:.Балаларға ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге , өз отанын құрметтеп сүйе білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік :Слайд, асықтар ,дидактикалық ойындардың заттары

Сөздік жұмыс : сақа

Полингвалды компонент: бес-пять-five

Инклюзивтік әлеумет: Балаларға 5 санын үш тілде санауды үйрету

Кіріспе бөлім

Тосын сәт

(Топта мыстан кемпір отырады.)

Кенжебек келіп

- Апа менің алтын сақамды бересіз бе?

-Жок мен тұрсам отыра алмаймын,отырсам тұра алмаймын балам. Саған сақаңды бере алмаймын , себебі сен менің көптеген тапсырмамды орындауың керек.

-Ендеше мен тәрбиеші апайдан көмек сұрайын.

- тәрбиеші апай сіз маған алтын сақамды табуға көмектесесізбе?

-Оны мыстан алып қойды ,ол маған көп тапсырма бермекші , ал мен оны бір өзім орындай алмаймын.

-Жарайды көмектесейін , бірақ менің шәкірттерім бар , біз саған бәріміз бірігіп апаның тапсрмаларын орындауға көмектесеміз.

Мытан кемпірдің 1 тапсрмасы:

-Мыстан қай жыл мезгілі екенін білмейді екен , соны айтып берейікші.

Қар еріп ,су көбейіп ,

Сай –салаға қашады

Ағаш басы бүршік жарып ,
Бәйшешек гүл ашады

Достарым айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады?

-Бұл көктемде болады.

-Көктем мезгілінің неше айы бар?

-Көктем мезгілінің үш айы бар (наурыз, сәуір , мамыр)

-Көктем мезгілінің ерекшелігі неде?

-Көктем мезгілінде қар еріп, құстар ұшып келеді, бәйшешек гүлдейді.

-Жарайсыңдар балалар

-Балалар қараңдаршы суретте қандай жануарлар тұр?

-Бұл суретте үй жануарлары

-Дұрыс айтасыңдар

-Қанша үй жануары тұр?

-4 үй жануары тұр

-Ал мына суретте неше гүл?

-Мұнда 4 гүлдің суреті

-Балалар 4 ке дейін тура және кері санап көрейікші(балалар санайды)—

-Жарайсыңдар балалар

-Дұрыс айтасыңдар менің қолымда 4 асық бар

Балалар менің қолымда неше асық бар санайықшы?

-1,2,3,4

-Осы 4асыққа 1 асық қоссақ қанша асық болады ?

-5 асық болады

Мыстан: Балалар сендердің жастарың нешеде?

-Біз 5 жастамыз

Негізгі бөлім :

-Балалар мынау қандай сан?

-Бұл 5 саны

-Ондай болса беске дейін асықтарды санайықшы санайықшы (1,2,3,4,5) кері ,тура санау

-Жарайсыңдар балалар

Балалар енді 5 ке дейін ағылшын және орыс тілінде санайықшы

-Балалар менің қолымдағы тапсырма мыстанның екінші тапсырмасы ол санай алмайды екен, ол бізге ойын беріпті.
-Дидактикалық ойын: «Төлді сана»

Шарты: Балалар топ болып тжұмыс жасайды.Әр топтың алдында төлдер бейнеленген дөңгелек жатады балалар сол төлдерді санап ,әр төлдің қасына санап санына қарай асық қойады.

-Мыстан апа біз орындап шықтық

-Балалар біз енді орнымыздан тұрып апамен бірге сергіп алайық

Сергіту сәті:

Балалар видеомен сергіту сәтін жасайды

-Балалар алдарыңда мыстан апамыздың үшінші тапсырмасы тұр ,ендеше соны орындап шығайық.

Дидактикалық ойын: «Ретімен орналастыр»

Шарты : Балалар асықтарды тізбектеп шығады ,санайды, түстерін атап шығады.

-Балалар ойын ұнады ма?

-Ия ойын ұнады.

-Мыстан апа көрдіңізба менің шәкірттерім және Кенжебектің достары өте көп біледі, біз кез –келген тапсырманы орындай аламыз.

-Ия сендер көп біледі екенсіңдер бірақ меің тапсырмам әлі көп ,сендер оны орындай алмайтын шығарсыңдар.

Қорытынды

-«Ханталапай» ұлттық ойын

-Шарты :Ойынға барлық бала қатысады . Қоржындағы асықтарды балалар алдына шашып тастаймын , балалар асықтарды «ханталапай» деп таласып жинап алады . Бес 4 асықтан артық жинаған бала жеңімпаз атанады.

-Жан сенің қолыңда неше асық бар ?

-Менің қолым да 4 асық бар

-Ал олардың түстерін атап берші?

-Менде үш қызыл асық және 1 сары асық бар

Жарайсыңдар балалар сендер оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар, тапсырмаларды орындап шықтыңдар , енді мен сендерге көңіл күй таңбаларын берейін.

- Мыстан апа біз сіздің барлық тапсырмаңызды орындап шықтық енді Кежебектің алтын сақасын кайтарып беріңізші

-Жоқ сендер барлығын дұрыс орындадыңдар , бірақ менің тапсырмаларым біткен жоқ.


































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
766
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі