400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Өзін-өзі тану" пәнін басқа пәндермен интеграциялау" жайында психологтін көз-қарасы. Педагогтардың өзін - өзі тануына, өзінің не нәрсеге қызығушылығы, қабілеті бар екендігін анықтауға бағыт беру. Өз - өзіңді тани білсең ғана көздеген мақсатына жете алатындығын ұғындыру. Адам өмір жолының маңызды құрамдасы ретіндегі өзін - өзі тану туралы түсініктерін кеңейту. Әр адамның қайталанбас тұлға екендігін есте тұта отырып, өзін - өзі түсіну, өзін - өзі бағалай білу және өзін - өзі тәрбиелеу туралы халық даналығымен таныстыру. Өзін - өзі тәрбиелеу үрдісінде рухани құндылықтардың қайнар көзі – халықтық тағылымдардың тәжірибесінен тәлім ала білуге баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

1. Сынабаева Ақмарал Мусатракқызы

2. Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№11 орта мектебі» ММ

3. Мектеп психологі

4. akmaral.magauova.91@mail.ru,87024383324

5. "Өзін-өзі тану" пәнін басқа пәндермен интеграциялау" жайында психологтін көз-қарасы

6. Бөлім. Білім беру мекемелерінде өзін-өзі тану тұрғысынан моральдық және рухани білім беру тәжірибесі




































"Өзін-өзі тану" пәнін басқа пәндермен интеграциялау" жайында психологтін көз-қарасы


Педагогтардың өзін - өзі тануына, өзінің не нәрсеге қызығушылығы, қабілеті бар екендігін анықтауға бағыт беру. Өз - өзіңді тани білсең ғана көздеген мақсатына жете алатындығын ұғындыру. Адам өмір жолының маңызды құрамдасы ретіндегі өзін - өзі тану туралы түсініктерін кеңейту. Әр адамның қайталанбас тұлға екендігін есте тұта отырып, өзін - өзі түсіну, өзін - өзі бағалай білу және өзін - өзі тәрбиелеу туралы халық даналығымен таныстыру. Өзін - өзі тәрбиелеу үрдісінде рухани құндылықтардың қайнар көзі – халықтық тағылымдардың тәжірибесінен тәлім ала білуге баулу.

Адам болып өмір сүруге келгенннен кейін, адамгершілік, имандылық, инабаттылық, адалдық және басқа да көп-көп адами сезімдер мен қасиеттерді

иеленіп, оқушы бойына дарыта білгеніміз де абзал. Оқушыларға сабақ бере отырып,олардың рухани, интеллектуалды өсіп-өркендеуіне өзіндік үлесімізді қосқанымыз абзал.

Әрбір оқушы, әрбір бала – болашақтағы үлкен Адам, қоғамның, өз заманының иесі. Тек ол соған лайықты дұрыс қалыптасуы қажет. Кең даланы ен жайлап өскен қалың қазақтың тағдыры қандай сан қилы болса, оның тілі де, тарихы да, әдебиеті мен мәдениеті де дәл сондай, сан қырлы. Сол сан қырлы, сан қатпарлы тіл мен оның әдебиетін балаға жете түсіндіру, олардың бойына рухани құндылықтардың дәнін себу – менің тікелей міндетім. Мәселе, тіпті баланың алдында жатқан кітапта не бар екенін толық жаттап, біліп шығуында ғана емес, оның көп нәрсені түсініп, ой елегінен өткізіп, оны өмірде, тәжірибеде дұрыс қолдана білуінде.

«Мұғалім өз сабағын сүймесе, оған өзі сүйсіне білмесе, ол шәкірт бойына да сүйіспеншілікті дамыта алмайды..» - дейді Ш.Амонашвили демек, шабыттандыра алмайды. Ал, жүрекпен, жанды білім беріп, рухани-адамгершілігін дамыта отырып оқытса, шәкіртіңнің қанаттанып ұшқанын көресің. Онымен бірге өзіңде шабыттанасың.Сондықтан да білім нәрімен сусындататын, саналы етіп ұрпақ тәрбиелейтін - ұстаз.

Өзін-өзі тану пәнін оқытуда сүйспеншілік, сенім, шығармашылық шабыт атмосферасын құру, өзін-өзі зерделеуге, өзін-өзі интуитивті түрде ұғынуға жағдай жасалады.

Өзін-өзі тану сабақтарындағы жағымды ойлау, жағымды күйге келу әдісін қолдану арқылы: тәртіп, өзін-өзі қадағалау, денсаулық, зейін қою, ақылдың байсалдылығы, ес, интуиция, басқаларға деген сүйспеншілік, ішкі тыныштық орнатуға баса назар аудару қажет.

Өзін-өзі тану пәнін басқа пәнмен интеграциялау» тақырыбы қазіргі кездегі өзекті мәселенің бірі болып отыр. Өзін-өзі тану пәнін интеграциялауда мұғалімдердің өткізілген сабақтарда кез келген гуманитарлық және жаратылыс тану пәндерін сабақ кездерінде интеграциялау сабақтан тыс уақыттардағы іс-шараларда пайдаланудың тиімді екендеріне көздері жетті.

Адам сыртқы әлемге тұрақтамай, мәңгілік құндылықтарға тұрақтау керек, өйткені ол өзгермейді. Қандай ұрыс – керіс, жанжал қарсылық болмасын барлығын сүйіспеншілікпен жеңу керек және де мұғалімнің мынандай заңдарын өзіме керек еттім: Баланы сүйю, түсіне білу, шабыттандыра білу.
Мұғалімге мынандай парыздарды білу міндет: Баланың бойындағы шексіз кемелдену мүмкіндігіне сенім, өз бойындағы жоғарғы рухани бастауға сену, тек ізгі әдістердің күшіне деген сенім. 
Ішкі үйлесілімділікке қол жеткізу үшін адам ойы, сөзі, ісі адамның аспектілерімен сәйкес және құндылықтарға сай болуы тиіс, олар ақиқат, дұрыс әрекет, қиянат жасамау, ішкі тыныштық сезімдерін бала бойына қалыптастыра білген мұғалім нағыз заманауи мұғалім боп саналады.


































Тақырыбы: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Орындаған: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нысамбаева П.Е.

Сыртай бақылаған: мектеп психологі Магауова А.М



Қысқа мерзімді ашық сабақ жоспары

САБАҚ: Қазақ тілі

Мектеп: Қостанай қаласы білім бөлімінің «№17 орта мектебі» ММ

Күні: 13.02.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Нысамбаева Перизат Ерболовна

Сынып: 5 «Ә»

Қатысқан оқушылар саны: 20

Қатыспағандар: 1

Бөлім атауы:

Адамның сырт келбеті мен мінезі

Сабақтың тақырыбы

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақтың түрі

жаңа сабақ

Жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.1.6.1 – коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру;

5.Ж5. Оқылым/тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.

Бағалау критерийлері

  • өз пікірін білдіру, жинақы мәтін жазу.

Тілдік мақсат

тақырыпқа байланысты сөздерді(жақсы, жаман, адамгершілік қасиеттер) қолдану.

Құндылықтар

қиянат жасамау

Пәнаралық байланыс

өзін-өзі тану

Осыған дейін меңгерілген білім

Күш атасы

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер


Сабақтың басы


7 мин


І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасады, сабаққа дайындығын тексереді.

Үй жұмысы. Дәптерге жазып келгендерін оқиды.


слайд

Сабақтың ортасы


3 мин












3мин











10 мин

































10 мин

Психологиялық тренинг

«Менің көзіммен» оқушыларға қара нүктесі бар ақ бет көрсетіледі.

Тақтада ақ параққа қара ноқат салынып ілінеді де сұралады. Жауапты оқушы өз дәптеріне жазады. Шешуші сөзді мұғалім өзі айтады.

Егер сіздің көргеніңіз «қара нүкте» болса - адам бойынан ең әуелі кемшілік іздейсіз. Егер алдымен ақ парақты көрсеңіз - жақсылықты іздейсіз.

Өз жауаптарыңды іштей қорыта отырып өз ұғымыңызды қазіргі өмірмен байланыстырайық. Адам қашан да ең бірінші жаманшылықты ойлайды. Жақсыдан гөрі жаманға жоруға үйір келеді. Теледидардағы жаңалық хабарлардың қатары да жаман жаңалықтарға толы келеді.

Мағынаны тану. Оқушылар жасырынған әріптер арқылы тақырыпты анықтап алады. Тақырыпқа сай мақсат қояды.

– Балалар, сіздердің ойларыңызша «Жақсы адам», «Жаман адам» деген қандай адам? (Оқушылардың топ бойынша жауабы).

Қызығушылығын арттыру. Өмір сүру --- Тақырып байланысы

Бірлескен жұмыс ережелері:

  • Тыңдай білейік!

  • Сөйлеушінің сөзін бөлмейік!

  • Басқалардың пікірін сыйлайық!

  • Бірлесе жұмыс атқарайық!

  • Біз үшін әрбір пікір құнды!

Оқылым тапсырмасы. (А4 қағазы беріледі, әр топ өзіне берілген өлеңнің мәтінін оқып, өлеңді сөзбен жазып, жинақтайды).

1-топ: Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба»

2-топ: Сүйінбай Аронұлы «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері »

3-топ: Қастек Баянбайұлы «Жақсы мен жаман» өлеңі

Дискриптор: өлең мәтінді топтарға мазмұндап, жеткізеді.

ҚБ: өзара топтық бағалау.

Бағалау критерийі: лексикалық қолданысты біледі, негізгі ақпаратты анықтай алады.

Тыныштық сәті: «Су асты патшалығына ойша саяхат»

Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көзімізді жұмып, ауаны терең жұтып, еркін тыныс аламыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқандарыңды елестетіңдер. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңдер. Жалаң аяқтарыңмен құмды сезіңдер. Алыстан қара нүкте көрінеді: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңдер. Ол сендерді теңіз түбіне сен үшін келді. Дельфиннің арқасына отырыңдар, мықтап ұстап, жолға шығыңдар. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жақтарыңа қараңдаршы: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған қаншама әсем балықтар. Суда тербелген қаншама ғажайыптар. Қараңдаршы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңдаршы ... Күн батып келеді. Теңіз неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сендер бір нәрсені байқадыңдар ма? Мұнда неткен тұңғиқ, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңдар.

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындаламыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңдар және тыныштыққа құлақ түріңдер. Осындай тыныштық сендерге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сендер су бетіне шығып, жағаға жақындадыңдар. Дельфиннің арқасынан түсіңдер, оны сипап, ризашылықтарыңды білдіріңдер.

Сыныпқа оралыңдар және өз орындарыңа келіңдер. Бірнеше секундтан соң көздеріңді ашыңдар, осы түйсінген тыныштықты өз бойларыңда сақтауға тырысыңдар.

Оқылымнан кейінгі деңгейлік тапсырмалар.

  1. «Жақсы бала»

  2. «Жаман бала»

  3. «Адамгершілік қасиеттер»

Дискриптор: жақсы мен жаманды ажыратады, постер қорғайды.

ҚБ: өзара топтық бағалау.

Бағалау критерийі: жақсы мен жаманды ажыра алады, постер қорғай алады.


Қара ноқаты бар А4 қағазы












слайд

кеспе қағаздар












А4 қағаздары















музыка















А4 қағаздары

Сабақтың соңы

7 мин



Бекіту сұрақтары:

1. Жақсы болу арқылы біз неге қол жеткіземіз?

2. Дұрыс әрекет жасауды қалай түсінеміз?

3. Дұрыс әрекет жасау арқылы жақсы қасиеттермізді қалай көрсетеміз?

«Не жақсы, не жаман?» айдары

Үй тапсырмасы: Жақсылық, жамандық туралы қанатты сөздер, мақал-мәтелдер қатыстырып, эссе жазу.

Рефлексия «Шығу парақтары»

  1. Мен қалай жұмыс жасадым?

  2. Өз жұмысыма көңілім толды ма? Не себепті?

  3. Сәтті шыққан әрекетім қандай болды?


слайд











үлестірме қағаздар







Психологтін ашық сабақ туралы талдамасы

1Picture 9 3 ақпанда 5 «Ә» сынып оқушыларының сабақтарына сырттай бақылау жүргіздім. Қазақ тілі пәнінен «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» атты интеграциялық ашық сабағына қатыстым. Ашық сабаққа 20 оқушы қатысты. Сабақтың оқыту мақсаты қолжетімді болды. Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысып, оқушылар өз пікірлерін білдірді. Қатысушылар оқылым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазды. Оқушылар ақ пен қараның, жақсы мен жаманның аражігін анықтады. Сыныпта жақсы ахуал қалыптасты. Мұғалім уақытты тиімді пайдалана білді. Сабақ жоспарынан ауытқушылық болмады.

Сабақтың аспектілері жақсы өтті. Сабақтың басындағы психологиялық ахуал және кері байланыс – осы екі жағдай мұғалімге сабақты жақсырақ өткізуге мүмкіндік берді деп есептеймін.

ЖPicture 7 алпы сынып топтық жұмыс жасай алады, қалыптасқан. Жеке оқушылар жайлы айтарым: көбісі лидерлікке ұмтылды, бәсеке бар. Оқушылар конструктивті білім алды деп есептеймін, себебі олар өз ойын тұжырымдап, пікір білдірді. Бұл сабақтың нәтижелі болғандығын көрсетті. Мұғалімге келесі сабақтарға дайындалу барысында кері байланыстың бірнеше тәсілдерін қолдану қажет деп ұсыныс жасадым.



Picture 8













Қорытынды

Психолог ретінде ойымды қорытындылай келе осылай өткізілетін сабақтар , білім беру ұйымдарында  барлық  пәндерді   оқытуды  олардың мазмұнын рухани тәрбиемен сабақтастыра, интеграциялап оқытудың маңызы зор екендігіне көз жеткіздік. Бұл пәнді оқу арқылы адам өзінің мінез-құлқы мен қоршаған ортаға қарым-қатынасын жақсы жаққа қарай өзгерте алады. Сол арқылы өзгені де өз арнасына тарта алады. Әлемде болып жатқан барлық жақсылыққа жаршы бола алады. Ал ол жақсылықты жасаған адам қалған мың адамға үлгі болады. Өзін-өзі тану жаратылыстану және гуманитарлық бағыттағы барлық пәндермен тығыз байланысты интеграциялап өткізудің тәрбиелік, тағылымдық маңызы зор. Білім беру ұйымдарында өзін-өзі тану пәнін ингерациялау арқылы ақиқатқа жетуде риясыз сүйіспеншілікпен қызмет етуге, дұрыс іс-әрекет жасауға баса назар аударатын болса жас ұрпаққа тағылымды тәрбие, үлгілі өнеге беруге болатыны, өзін-өзі тәрбиелей отырып жүрегінде ішкі тыныштық орнату арқылы ешкімге, ешқашанда қиянат жасамауға үйрету басты ұстаным болып қалады.

«Өзін-өзі тану» пәні метапән болғандықтан, басқа пәндермен ықпалдасуы үнемі жүреді. Сондықтан да сабақтағы негізгі тақырыпты өмірмен байланыстырса, теория практикаға айналары сөзсіз. Яғни, қоғамға бейімделгіш, рухани бай, белсенді тұлға қалыптасады деп сенемін.


Пайдаланылған әдебиеттер:


1. «Өзін – өзі тану» әдістемелік құралдары

2. «Өзін – өзі тану» тану оқулықтары 1 – 11 сыныптар 2010 ж.

3. Мукажанова Р.А, Омарова Г.А. Методика преподования дисциплины «Самопознание» в школе: учебнно-методическое пособие для учителей. – Алматы: ННПООЦ «Бөбек», 2013..

4. «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы». Халықаралық педагогикалық оқулар материалдары.Алматы, 2012.



Ұсыныс:

  • Белгілі бір сұрақтың жауабын білмесеңіз, қысылмаңыз. Жауабын оқушылармен бірге тауып көріңіз.

  • Оқушыларды қызықтыра біліңіз.

  • Оқушы білім алу жолында қиындықтардан өту керек. Себебі қиындықтарды жеңу кезінде ғана оларды шешуге қажетті қабілеттер дамиды. Алайда қиындық «тым жоғары» немесе «тым төмен» болмау керек.

  • Оқушылардың бойында еңбексүйгіштік қасиетті тәрбиелеңіз.Біліміңіз бен тәжірибеңіз арқылы үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз.

  • Оқушылардан «мінсіз тәртіпті» талап етпеңіз.Авторитарлы ұстанымнан аулақ болыңыз. Себебі сабақ – бұл бала өмірінің бір бөлшегі.Бала еркіндігіне шектеу қоймаңыз.Баланы ашық, жан-жақты, қызығушылығы мол тұлға ретінде тәрбиелеңіз.


Құрметті ұстаздар, өз ісімізге сүйіспеншілік көзімен қарап, оны өз шәкірттерімізге жүрек тілімен ұсынайық.

“Жүрегім бар-қалғандары бола жатады...

...Мен үшін бұл-теориялық пайымдау емес, нағыз шындық, менің дүниетанымымның іргетасы...

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
555
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі