Материалдар / Ашық сабақ 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану сабағының жоспары сабақ 5-сынып Сабақтың тақырыбы: Табиғат- шабыттың қайнар көзі.Сабақтың мақсаты:Оқушыларға табиғаттың адам өмірдегі маңыздылығын түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: Білімділік:«Табиғат», «шабыт» ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту; Дамытушылық:оқушыларды табиғатқа қамқор болуға баулу; Тәрбиелік: еңбексүйгіштікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қырқүйек 2021
704
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Екібастұз қаласы №18 ЖОББММ

Мерзімі:11.03.20

Сабақтың тақырыбы: Табиғат- шабыттың қайнар көзі

Құндылық: дұрыс әрекет.

Қасиеттер: еңбексүйгіштік, қамқорлық, мейірімділік.

Мұғалім: Нурхаева Макпал

Сынып:5 «а»

Оқушылар саны: 25


Сабақтың мақсаты:Оқушыларға табиғаттың адам өмірдегі маңыздылығын түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік:«Табиғат», «шабыт» ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту;

Дамытушылық:оқушыларды табиғатқа қамқор болуға баулу;

Тәрбиелік: еңбексүйгіштікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер стикер, видеопроектор

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

5 Т- еске түсіру

1-Тәртіп

2- Талап

3 –Тыныштық

4-Тазалық

5- Татулық

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.


1. Жағымды көңіл күйге келу.

«Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді дұрыс ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады,елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоциаңыз бен тілек- қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің көзін ашады.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Енді, нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,басыңызға тек сәулелі ой келеді. Нұр бірте- бірте күшейе бастайды, сіздің денеңізден тарап, жан- жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: « Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзі ашуға болады.


2. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқулықтан 110-111 бет, Мұхтар Әуезовтың әңгімесін оқып келу.

Сұрақтар:

  1. Табиғаттың қандай көріністері Абайдың көңіліне шаттық сыйлады?

  2. Табиғатқа тамсану адамды не нәрсеге шабыттандырады?

  3. Табиғаттың қандай әсем құбылыстарын адамның мінезіне теңеуге болады? Неліктен?

  4. Адам табиғаттан қандай қасиеттерді үйренуге болады?

  5. Өзің табиғаттың ғажап көріністеріне куә болған кезде қандай сезімде боласың?Әңгімелеп бер


3. Дәйексөз.

Табиғатсыз- адамзаттың күні жоқ,

Мұны айтар табиғаттың тілі жоқ.

(Халық мақалы)

(Оқушыларға хормен оқыту, ұл балаларға 2 рет, қыз балаларға2 рет айтқызып, дәптерге жаздырту).


-Дәйексөздің мағынасын қалай түсіздер?

Оқушылардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын.


4. Әңгімелеу.

Өрмекші, құмырсқа,қарлығаш

(Әңгіме)

Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады:

- Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?

- Көремін, өрмек тоқып жүр.

- Анау құмырсқаны көремісің?

- Көремін, ауызында бір нанның уалшығы бар, жүгіріп кетіп барады.

- Жоғары қара, аспанда не көрінеді?

- Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында кесе тістеген шөбі бар.

Сонда атасы айтты:

- Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған әбірет. Өрмекші маса,

шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң, өзіне азық етуге. Құмырсқа бала-шағаларына тамақ аулап, бір нанның талшығын тапқан соң өзі жемей, аузына тістеп, қуанғаннан, үйіне жүгіріп қайтып барады.

Қарлығаш балапандарына ұя істеуге шөп жыйып жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сені де құдайтағала босқа жүруге жаратпаған, жұмыс жұмыстауға әдеттену керек,- деді.

Мәтінді талдауға арналған сұрақтар:

  1. Баласы атасынан не туралы сұрады?

  2. Мәтінде қандай жәндіктер туралы айтылады?

  3. Құмырсқа, өрмекші, қарлығаштың қандай әрекетін байқадың?

  4. Жәндіктердің бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?

  5. Біз қандай жұмыстарға әдеттенуміз керек?

  6. Өзіңнің табиғатқа деген еңбекқорлығыңды қалай көрсетіп жүрсің?

Ыбырай Алтынсарин

(шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері

5. Шығармашылық іс-әрекет, топпен жұмыс:

Баяу музыка қосылады.

Әр топқа тапсырма шартын түсіндіремін.

1-топ: «Менің табиғатқа деген қамқорлығым» тақырыбына коллаж құрастыру.

2-топ: «Табиғат мені шабыттандырады» тақырыбында әсем табиғатты көз алдарыңа елестете отырып сурет салыңдар.

10 минут уақыт беріледі.



6.Топпен ән айту.

Сөзін жазған

Әнін жазған

«Туған жер»


Армысың туған жерім, ауылым,
Жайлауы жазы қандай.
Құшақ жайып қарсы алар бауырым,
Жайдары жаны жаздай.

Қайырмасы:
Туған жер топырағыңнан айналдым,
Жадымда мәңгі есімің
Мөп-мөлдір бұлағыңнан нәр алдым,
Ауылым ақ бесігім.

Армысың туған жер атамекен

Өзіңнің жоқ қой тенің
Сағыныш сезіммен тартады екен
Кіндік қан тамған жерім
Қайырмасы:

Туған жер топырағыңнан айналдым
Жадымда мәңгі есімің
Мөп-мөлдір бұлағыңнан нәр алдым
Ауылым ақ бесігім


7.Үй тапсырмасы.

Оқулықтан Сабақ №26, 114- беттегі Сырбай Мәуленовтің«Мен елімді сүйемін» әңгімесін оқып келу.

Дәптерден 88 беттегі № 2 тапсырма


8.Сабақтың қорытынды сәті:

Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!