№ 1
картотека
Қарды
бақылау.
Мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін
айту. Қар-түсі ақ, ұстасаң қолың тоңады, жылыға ериді.Ойлау
қабілетін дамыту.
Тақпақ:Аппақ көше, бар
дала,
Аппақ ой мен
қыраттар.
Ақ шатырлы қар
қала,
Ақ жамылып тұр
бақтар.
Қимылды ойын:
«Қардан түрлі бейнелер
жасау».
Мақсаты: Ойынға қызығушылығын
арттыру.
Еңбек: Ағаштар түбіне қар
үю.
Мақсаты: Еңбексүйгіштікке тәрбиелей
отырып,үйілген қардың маңызы туралы түсінік
беру.
Жеке жұмыс:
«Қыс қызығы»тақырыбында әңгіме
құрату.
Мақсаты: Сөздік қорын дамыту, ойын
жүйелеп жеткізе білуге үйрету.
Еркін
ойындар.
№ 2
картотека
Бұршақты
бақылау.
Мақсаты: Бұршақ, домалақ ақ түсті
болатыны туралы түсінік беру.
Қимылды ойын:
«Торғайлар».
Мақсаты: Шапшаңдыққа, ептілікке баулу.
Тез шешім қабылдауға үйрету.
Еңбек: Ағаш түптеріне қар
үю.
Мақсаты: Үйілген қардың маңызын
түсіндіре отырып, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа
үйрету.
Жеке
жұмыс: Қысқа байланысты жұмбақтар
жаттату.
Қыста ғана
болады
Ұстасаң қолың тоңады.
(Қар).
Мақсаты: Тілдік қорын дамыту, ойлау
қабілетін арттыру.
Балаға грамматикалық дұрыс
сөйлеу үлгілерін беру. Әдемі де әсерлі сөйлеуге
үйрету.
Еркін
ойындар.
№ 3
картотека
Қар үстіндегі іздерді
бақылау.
Мақсаты: балаларды қар үстіндегі
адамдардың, жануарлардың, құстардың ізін айырып, білуге үйрету.
Балаларды байқағыш, ойлау қаситтерін қалыптастырып, толықтыра
түсу.
Қар үстіндегі іздерге назар
аударып, оны анықтай білуге көңіл қою. Ауа райының қай кезінде
іздер жақсы көрінеді?
Көркем
сөз:
Ақ киімді денелі, ақ
сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі
жанды,
Үсті – басы ақ қырау түсі
суық,
Басқан жері сықырлап келіп
қалды.
(Абай)
Қимылды
ойын: «Ақ
қоян»
Мақсаты: балаларды ептілікке
баулу.
Еңбек: құс тар үшін жемсалғыш
жасап, оны ағашқа іліп қою, жем
салу.
Мақсаты: қыстаған құстарға,
хайуанаттарға қамқоршы болуға
тәрбиелеу.
Жеке
жұмыс: бір құстың лабиринттен
шығу жолы туралы ертегіні
ойластыру.
Мақал:
Жемберсең құсқа қыста, сауабы
тиер оның жазда.
Еркін
ойындар.
№ 4
картотека
Аязды
бақылау.
Мақсаты: Қыс мезгіліндегі күннің
суықтығы-аяз. Аяздан бетіміз бен
қолымыздың тоңатынын, үсіріп
жіберуі де мүмкін екенін, сол үшін
де
колғап, мойын орауыш
тағатынымызды түсіндіру.
Қимылды
ойын:
«Сырғанақ
тебу».
Мақсаты: Балаларды ұйымшыл тату
ойнауға, шанамен
ойнауға шақыру, таудан төмен
сырғанау әдісін үйрету
Еңбек: Ауладағы қарды
күреу.
Мақсаты: Балаларды еңбек сүйгіштікке,
бірлесіп жұмыс
жасауға үлкенге көмек беруді
үйрету. Күректі дұрыс
ұстауға
үйрету.
Жеке
жұмыс: Жұмбақ
жасыру.
Терезеге
қонады,
Әсем ою
ояды.(Аяз).
Мақсаты: Жұмбақ жаттату арқылы есте
сақтау, ойлау
қабілеттерін дамыту, сөздік
қорларын молайту.
Еркін
ойындар.
№ 5
картотека
Қар жауып тұрған
құбылысты бақылау.
Мақсаты: қардың жауып тұрғанын бақылау,
ауа райына байланысты құбылыстарды түсіндіру, аязды күнде қар жеңіл
болады, олар ауада би билегендей, жылырақ күнде қар ауырлау
тартады,- қалықтап жерге түседі, суық күнде қар ұшқындары жеделдеп
жауады.
Тапсырма: «Қыс»
тақырыбына символдар арқылы суреттер салуды
ұсыну.
Көркем
сөз:
Тазалашы мұз
болған,
Есік алды тайғанақ жата
берсін.
Біз оған теуіп жүрміз
сырғанақ,
Шыға беріп
жалтақтай,
Ұшып түсті
қалпақтай.
Қимылды
ойын: «Аңшы мен
қояндар»
Мақсаты:
жылжымалы лақтырған нысанға затты тигізу,
жүгіруге өрмелеп шығуға жаттықтыру.
Еңбек: Тәрбиеші жұмысты әркімге бөліп беруге
көмектеседі. Бірі қарды жинаса, енді бірі оны тасиды, шанаға
артады, ұжым болып бәрі қарды тазалауға
қатысады.
Мақсаты:
жұмысты бірігіп атқаруға бағыт
беру.
Жеке
жұмыс: «Адасқан қар қиыршықтары» тақырыбына
шығармашылқ әңгіме құрастыру.
Жұмбақ:
Құм сиақты ұсақ
болғанымен,
жер бетін жауып үлгереді.
(қар)
Еркін
ойындар.
№ 6
картотека
Бүгінгі ауа-райын
бақылау.
Айналадағы адамның қысқы
еңбегі.
Мақсаты: Қысқы еңбекпен таныстыру
барысында үлкендердің еңбегін түсіндіру, еңбекке ынтасын
тудыру .
Тақпақ: Қыстыгүні
таңертең,
Ерте оянып жас
бала.
«Қар» деп сыртқа
қарайды,
Көңіл бөлмей
басқаға.
Қимылды
ойын: «Ақ
қоян».
Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа,
ептілікке баулу.
Еңбек: Ауладағы қарды
тазалау.
Мақсаты: Балаларды еңбекке ынтасын
арттыру.
Тазалыққа, ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
Жеке
жұмыс: Жұмбақ
жасыру.
Жазда таудың
басында
Қыста аяқ
астында,
Балмұздақтан
аумаған
Бұл не тағы расында?
(Қар)
Мақсаты: Балаларға жұмбақ жасыра отырып, жылдам шешім таба білуге,
есте сақтау қабілеттерін
дамыту.
Еркін
ойындар.
№ 7
картотека
Қыстап қалатын құстарды
бақылау.
Мақсаты: Қыстап қалатын құстардың
түрлерімен таныстыру, қыстап
қалатын құстар туралы мағлұмат беру,
«олар үшін қыс та, аяз да қатер
емес,аштық қатер»деген ұғымды
қалыптастырып,қамқорлықпен
қарауға
үйрету.
Қимылды
ойын: «Кім
жылдам?»
Мақсаты: Ептілікке, шапшаңдыққа
баулу. Балалардың бойындағы
зейінділік, сезімталдық
қабілеттерін дамыту.
Еңбек: Құстарға жем
шашу.
Мақсаты: Қыста құстарға аштықтың
қатерлігін түсіндіре
отырып, оларға қамқорлықпен
қарауға тәрбиелеу.
Жеке
жұмыс: Қыс келгенде
торғайым
Үй алдына қон
дәйім.
Ойна,жүгір
желкілде,
Тисем саған
оңбаймын.
Мақсаты: Тақпақ жаттата отырып,
балалардың сөздік
қорларының белсенділігін
арттыру, тіл мәдиниетін жетілдіру.
Еркін
ойындар.
№ 8
картотека
Қардың қасиетін
бақылау
Мақсаты:қар туралы балалардың
білімдерін толықтыру, ақ, ұлпа сияқты, күн нұрына шағылысып
жылтырайды.
Көркем
сөз:
Аққу мамық ұлпа
қар,
Жамылады
қырқалар.
Шымшып аяз
бетіңді,
Ширатады
етіңді.
Қимылды
ойын: «Қар
лақтыру».
Мақсаты: Балалардың ойынға ынтасын
арттыру.
Еңбек: Ауладағы қарды
жинау.
Мақсаты