Ашық сабақ
Тақырыбы : С.Құсайынов «Мереке»
Дайындаған : Жаубасар Б.
Күні:12.12.2024ж
Пән: Домбыра.
Пән мұғалімі: Жаубасар Бағытбек
Оқушы: Манатұлы Манас
Сабақтың
тақырыбы: Сейілхан Құсайынов
«Мереке»
Сабақтың
мақсаты:
Білімділігі: Сейілхан Құсайынов күйлері туралы толық мағлұмат беру, күйінің шығу тарихын түсіндіре отырып, күйді үйрету.
Дамытушылығы: Домбырының үні құпия, сиқырлы, әсем болса, оны бейнелеп, жасау соншалықты сан алуан шеберлік пен қажырлы еңбек етудің нәтижесі екенін ұғындыру арқылы оқушылырдың ұлттық сана – сезімін оятып, қазақтың қара домбырасының асыл қасиетін қастерлей білуін ұғындыру.
Тәрбиелігі: Оқушылардың халық мұрасын танып бейнелеп, үйренуге деген қызығушылығын арттыру.Ұлттық өнерге деген құрметін арттыру.
Сабақтың түрі: жеке сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайд, үнтаспа, бейнебаян, аспаптар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Сәлемдесу, оқушыны сабаққа дайындау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
а) Ре мажор гаммасымен қол жүргіземіз штрихтарымен, арпеджиосы.
б) Құрманғазы «Балбырауын» күйін ойнату.
в) Күйдің жылдамдығы қандай?
г) Күйдің шығу тарихын әңгімеле?
ІІІ. Жаңа сабақ: Сейілхан Құсайынов өмірі шыармашылыы
1. Сейілхан Құсайынов 1929 жылы Орал облысы Орда ауданында дүниеге келген. Әкесі Құсайын 1937 жылы отбасымен қуғын-сүргінге ұшырап, алдымен Доссорға, кейін Гурьевке көшіп келеді. Сейілхан осындағы Жамбыл атындағы мектепте оқиды. 7-8 жасынан нағашы атасы Халел Молдашевтан домбыра үйренеді, өңірге белгілі күйші Ғылман Қайрошевтен дәріс алады.1944 жылы Атырауға Алматыдан Қазақстанның халық әртісі Лұқпан Мұхитов бастаған топ гастрольдік сапармен келеді. Құсайынның отбасында қонақта болған өнер иелері жас Сейілханның талантын, күйге деген ынта-ықыласын байқап, оны консерваторияға оқуға шақырады. Ахмет Жұбановтың сынағынан өткен жас күйші үздік оқып, 1951 жылы консерваторияны бітіре салысымен Құрманғазы оркестрінің құрамында өнер көрсетеді. Біртіндеп өнер саласындағы ұйымдастыру жұмыстарына тартылады, Қостанай облыстық филармониясында көркемдік жетекші болады.Сейілхан Құсайыновтың Гурьевке қайта оралуы да осы ұйымдастырушылық қабілетінің қажеттілігінен еді. Облыстың аудан-аймағын аралап жүріп оркестрге адам жинайды. Домбыра тартыстары да, жас шамасы да әртүрлі, күй тартуды өз бетінше үйренген домбырашылардың басын біріктіріп, бір ырғақта күй тартқызу оңайға соқпағаны мәлім. Арасында малшы да, мұғалім де, дәрігер де болды. Оларға нота үйрету алғашқы кезектегі міндет еді. Композитор ретінде С.Құсайыновтың «Көркейіп гүлдене бер, Гурьевім!», Ж.Саинның сөзіне жазылған «Қарамашы, қадамашы» әндері, «Мереке», «Шаттық» және басқа туындылары белгілі.Сейілхан Құсайынов 2006 жылы дүние салды.
2. Сейілхан Құсайыновтың «Мереке» күйін тыңдату.
3. Күйді үйрету,өлшем бірлігі 6/8, тональдігі ре минор (си бемоль) белгісі кездеседі.
V. Сергіту
сәті: Сергіту
сәті. "Ойлан тап!" ойыны.
Музыкалық сауатын шыңдау. Дыбыс ұзақтығымен динамикалық белгілерді
карточкалар арқылы көрсету.
VІ.
Бекіту.
- Күй дегеніміз не?
- Сейілхан
Құсайыновтың
күйлерін ата?
-« Мереке» күйі қай күй жанрына
жатады?
VІІ. Қорытындылау.
Қазақ халқының біздің дәуірімізге дейін сақталып келген асыл мұраларының бірі - күй өнері. Бармағынан бал тамған күйшілер арқылы бізге жеткен ғажайып күйлер халқымыздың музыка мұрасы ғана емес, мәдени байлығы, рухани азығы болып отыр. Сондықтан бабалардан қалған күй өнерін ары қарай жалғастыру біздің міндетіміз.
VІІІ. Үйге тапсырма : «Мереке» күйін белгіленген жерге дейін санап ойнап келу.
ІХ.Бағалау:
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ 5 сынып
Ашық сабақ 5 сынып
Ашық сабақ
Тақырыбы : С.Құсайынов «Мереке»
Дайындаған : Жаубасар Б.
Күні:12.12.2024ж
Пән: Домбыра.
Пән мұғалімі: Жаубасар Бағытбек
Оқушы: Манатұлы Манас
Сабақтың
тақырыбы: Сейілхан Құсайынов
«Мереке»
Сабақтың
мақсаты:
Білімділігі: Сейілхан Құсайынов күйлері туралы толық мағлұмат беру, күйінің шығу тарихын түсіндіре отырып, күйді үйрету.
Дамытушылығы: Домбырының үні құпия, сиқырлы, әсем болса, оны бейнелеп, жасау соншалықты сан алуан шеберлік пен қажырлы еңбек етудің нәтижесі екенін ұғындыру арқылы оқушылырдың ұлттық сана – сезімін оятып, қазақтың қара домбырасының асыл қасиетін қастерлей білуін ұғындыру.
Тәрбиелігі: Оқушылардың халық мұрасын танып бейнелеп, үйренуге деген қызығушылығын арттыру.Ұлттық өнерге деген құрметін арттыру.
Сабақтың түрі: жеке сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайд, үнтаспа, бейнебаян, аспаптар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Сәлемдесу, оқушыны сабаққа дайындау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
а) Ре мажор гаммасымен қол жүргіземіз штрихтарымен, арпеджиосы.
б) Құрманғазы «Балбырауын» күйін ойнату.
в) Күйдің жылдамдығы қандай?
г) Күйдің шығу тарихын әңгімеле?
ІІІ. Жаңа сабақ: Сейілхан Құсайынов өмірі шыармашылыы
1. Сейілхан Құсайынов 1929 жылы Орал облысы Орда ауданында дүниеге келген. Әкесі Құсайын 1937 жылы отбасымен қуғын-сүргінге ұшырап, алдымен Доссорға, кейін Гурьевке көшіп келеді. Сейілхан осындағы Жамбыл атындағы мектепте оқиды. 7-8 жасынан нағашы атасы Халел Молдашевтан домбыра үйренеді, өңірге белгілі күйші Ғылман Қайрошевтен дәріс алады.1944 жылы Атырауға Алматыдан Қазақстанның халық әртісі Лұқпан Мұхитов бастаған топ гастрольдік сапармен келеді. Құсайынның отбасында қонақта болған өнер иелері жас Сейілханның талантын, күйге деген ынта-ықыласын байқап, оны консерваторияға оқуға шақырады. Ахмет Жұбановтың сынағынан өткен жас күйші үздік оқып, 1951 жылы консерваторияны бітіре салысымен Құрманғазы оркестрінің құрамында өнер көрсетеді. Біртіндеп өнер саласындағы ұйымдастыру жұмыстарына тартылады, Қостанай облыстық филармониясында көркемдік жетекші болады.Сейілхан Құсайыновтың Гурьевке қайта оралуы да осы ұйымдастырушылық қабілетінің қажеттілігінен еді. Облыстың аудан-аймағын аралап жүріп оркестрге адам жинайды. Домбыра тартыстары да, жас шамасы да әртүрлі, күй тартуды өз бетінше үйренген домбырашылардың басын біріктіріп, бір ырғақта күй тартқызу оңайға соқпағаны мәлім. Арасында малшы да, мұғалім де, дәрігер де болды. Оларға нота үйрету алғашқы кезектегі міндет еді. Композитор ретінде С.Құсайыновтың «Көркейіп гүлдене бер, Гурьевім!», Ж.Саинның сөзіне жазылған «Қарамашы, қадамашы» әндері, «Мереке», «Шаттық» және басқа туындылары белгілі.Сейілхан Құсайынов 2006 жылы дүние салды.
2. Сейілхан Құсайыновтың «Мереке» күйін тыңдату.
3. Күйді үйрету,өлшем бірлігі 6/8, тональдігі ре минор (си бемоль) белгісі кездеседі.
V. Сергіту
сәті: Сергіту
сәті. "Ойлан тап!" ойыны.
Музыкалық сауатын шыңдау. Дыбыс ұзақтығымен динамикалық белгілерді
карточкалар арқылы көрсету.
VІ.
Бекіту.
- Күй дегеніміз не?
- Сейілхан
Құсайыновтың
күйлерін ата?
-« Мереке» күйі қай күй жанрына
жатады?
VІІ. Қорытындылау.
Қазақ халқының біздің дәуірімізге дейін сақталып келген асыл мұраларының бірі - күй өнері. Бармағынан бал тамған күйшілер арқылы бізге жеткен ғажайып күйлер халқымыздың музыка мұрасы ғана емес, мәдени байлығы, рухани азығы болып отыр. Сондықтан бабалардан қалған күй өнерін ары қарай жалғастыру біздің міндетіміз.
VІІІ. Үйге тапсырма : «Мереке» күйін белгіленген жерге дейін санап ойнап келу.
ІХ.Бағалау:
шағым қалдыра аласыз













