400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 5 сынып . Лабиринттен шығуды табу.

Материал туралы қысқаша түсінік
информатика пәнінен сабақ беретін ұстаздарға, жаңа бағдарлама бойынша түсіндіруге көмегін тигізеді деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Талқылау және программалау

Мектеп: Целиноград ауданы Қоянды орта мектебі.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Далелкан Калида

Сынып: 5

Қатысқандар: __

Қатыспағандар:____

Сабақтың тақырыбы

Лабиринттен шығуды табу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.3.2.3-орындаушыларға және олардың командалар жүйесіне мысал келтіру.

5.3.2.2- алгоритмді сөз түрінде ұсыну.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы: Алгоритмді сөз түрінде құрастырады.

Оқушылардың басым бөлігі: Лабиринт ұғымын түсінеді, командалар жүйесін ажырата біледі.

Кейбір оқушылар: Командалар жүйесін анықтай алады.

Бағалау критерийі

1. Орындаушыларға және олардың командалар жүйесін ажыратады.

2. Алгоритмді сөз түрінде құрастырады.

Тілдік мақсаттар


Алгоритм дегенді қалай түсінесіздер?

Лабиринт деген не ?

Алгоритм - Алгоритм - Аlgoritm

Шығу - Выход - Exit

Лабиринт - Лабиринт - Labyrinth

Бұйрық- Команда- Сommand



Құндылықтарға баулу



Құрмет, ынтымақтастық, азаматтық жауапкершілікке баулу.

Пәнаралық байланыс

Математика, бейнелеу.

Бастапқы білім

Алгоритмді сөз түрінде ұсыну.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру. оқушылармен амандасу, түгендеу.

1.Психологиялық ахуал.

«Табиғат мінезі» жаттығуы.

Топқа бөлу. «Түс таңдау».

Түрлі түсті карточкалар тарату.

Қорапта үш түрлі түсті карточкалар бар. Соларды таңдау бойынша 3 топқа бөлінеді. Сонда КЫЗЫЛ, ЖАСЫЛ, САРЫ 3 топ шығу керек.

Үй тапсырмасын «Бас бармақ» әдісі арқылы тексеру.

« Алгоритмді сөз түрінде ұсыну » тақырыбы бойынша оқушылар не білгенін, не түсінгенін айтады.





«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау.












карточкалар








Сабақтың ортасы


Тақырыпты ашу: Оқушылар бүгінгі өтілетін сабақ тақырыбы « Лабиринттен шығуды табу ».

Тапсырма: Суретке қарап, үйге қайсы жол арқылы жетуге болатын командалар жүйесін жаз.















Оқушылар «Смайлик» әдісі арқылы бағаланады.

Ө те жақсы



Жақсы



Орташа






Топпен жұмыс. «Түрлі – түсті гүлдер» әдісі үш топ қорапта тұрған түрлі – түсті гүлдерді таңдайды. Көк түсті гүлді алған оқушылар 1- топқа бөлінеді. Сары түсті гүлдерді алған оқушылар 2- топқа жиналады, жасыл түсті гүлді алған оқушылар 3- топқа жиналады.

Слайдта 3 тапсырма берілген 3 топ осы тапсырмаларды орындайды.

1-топ. Алгоритм дегеніміз не? оны не үшін пайдаланады?

2-топ. Мектепке келер алдында қандай алгоритмдерді орындайсың?

3-топ. Алгоритмның жазылу формасы деген не?

«Бас бармақ» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды











Деңгейлік тапсырмалар

А- деңгейі

Машина жұлдызға жету үшін Орындаушы қолданатын командалар жүйесін құрыңыз.

Дескриптор

- «Алға жүру» командасын қолданады;

- «Солға бұрылу»/«Оңға бұрылу» командасын қолданады;

- нәтижеге жету үшін орындалатын командалар жүйесін құрады.

В- деңгейінің тапсырмасы

Маймылдың қысқа жолмен бананға жету жолын анықтаңыз және жету жолының сөздік алгоритмін құрыңыз. Суретін салыңыз.

Командалар жүйесі: Алға (1 қадам), Солға, Оңға.









Дескриптор

- бананға дейінгі ең қысқа жолды анықтайды;

- алгоритмді жазады.

- суретін paint те салады.


С- деңгейінің тапсырмалары


Атай өзеннің бір бетінен екінші бетіне өтуі керек!осы тапсырмаға сәйкес алгоритмін жазып суретін paint те салыңыз.

Дескриптор

- Командалар жүйесін құрастыра алады.

- алгоритмді жазады.

- суретін paint те салады.

Қосымша тапсырма:

Аяз атаның қысқа жолмен шыршаға жету жолын анықтап,алгоритмін жазыңыз.











Дескриптор

- шыршаға дейінгі ең қысқа жолды анықтайды.

-алгоритмді жазады.

«Жұлдызша » әдісі арқылы оқушылардың орындаған деңгейлік тапсырмаларының дескрипторларына сәйкес қай деңгейде екеніндігі бағаланады. Яғни 3 жұлдыз – өте жақсы, 2 жұлдыз – жақсы , 1 жұлдыз - орташа, қосымша тапсырма орындаған оқушыға 4 жұлдыз беріледі.

Бағалау парақшалары.




Оқулық, Постер, слайд, Компьютер,

жұлдызшалар,

бағалау парағы.







Сабақтың соңы

Кері байланыс

«Алма ағашы »:

Қызыл алма-мен бәрін түсіндім, көңіл күйім тамаша.

Сары алма- мен бәрін түсіндім, көңіл күйім жақсы.

Жасыл алма- мен түсінбедім, көңіл күйім жоқ.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма.

Лабиринтттен шығу тақырыбында Google-дан қосымша ақпарат жинау.



Оқулық , Постер.

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушыларды үнемі қолдап отырамын.

Басбармақ, жұлдызша беру арқылы ынталандырамын.Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың деңгейлері сараланады .А,В,С деңгейлік тапсырмалары және арнайы тапсырма беріледі.


Бағалау парақшалары.

« Басбармақ» әдісі.









« Смайлик » әдісі.

Қауіпсіздік ережелері











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
403
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі