400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Ашық сабақ 5 сынып Еріген заттың массалық үлесін есептеу

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: Қазыбек бек бекетіндегі орта мектебі КММ

Күні : Мұғалімнің аты-жөні: Сарымсақова А Е

Сынып: Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Еріген заттың массалық үлесі

Оқу мақсаттары

5.3.2.3- құрамы белгілі ерітіндіні дайындау

5.3.2.4 еріген заттың массалық үлесін есептеу

Сабақ мақсаттары

Барлығы: - құрамы белгілі ерітінді дайындайды.Еріген заттың массалық үлесін есептейді.

Көпшілігі:- есептеудің математикалық жолын түсінеді.

Кейбіреулері:- массалық үлесін есептеуде кері есептеу жүргізе алады.

Бағалау критерийлері

  • ерітінді дайындайды және еріген заттың массалық үлесін есептейді

  • 100 г ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін есептейді

Ойлау дағдылары

Білу ,түсіну, қолдану.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

еріткіш, ерітінді, еріген зат, еріген заттың массаслық үлесі, пайыз (процент)

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Ерітінді еріген зат және еріткіш/судан тұрады.

Заттың массалық үлесі оның 100 г ерітіндідегі массасын көрсетеді.

Ерітіндінің массасы су және еріген заттың массасынан тұрады.

Ерітіндінің массасын табу үшін судың массасына еріген заттың массасын қосу керек.

Еріген заттың массалық үлесін есептеу үшін еріген заттың массасын ерітіндінің массасына бөліп, 100%-ға көбейту керек.

Құндылықтарды дарыту

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы. Еңбек және шығармашылыққа баулу, өмір бойы білім алу

Саралау

Берілген тапсырмаларды орындау барысында массалық үлесті есептеу жолын үйренеді

Бағалау

Өзара , дескриптор бойынша бағаланады.

Пәнаралық байланыстар

Дүние тану, Математика – 100 санының құрамы, пайыз (проценттер), қосу, бөлу, көбейту.

АКТ қолдану

Интерактивті тақта

Бастапқы білім

Қоспа түрлері және оларды бөлу әдістері.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин








6 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

2. Психологиялық ахуал туғызу.

Бүгінгі көңіл күйлеріңіз қалай?

Өткен білімді пысықтау : «Ұшақтағы сұрақтар» әдісі

1.    Тұндыру әдісіне сипаттама.

2.    Сүзу әдісін тұрмыста қолданамызба? .

3.    Қоспаның біртекті түріне мысал.

4.    Біртекті қоспаға су мен тұз қоспасын жатқызуға боладыма болса не себепті.

5.    Әртекті қоспаларды қандай әдісіпен бөледі.

6.    Әртекті қоспаларға мысал.

7.    Қоспаларды бөлу әдістерін ата?

Интербелсенді тақта







Сабақтың ортасы


7 мин














20 мин




















1-тапсырма: Танымдық сұрақтар

1.200гр суға 20 гр суды қоссақ не болады.

2.Бір кесе шайға 1 қасық ,2,3,4 қасық қантты салғанда не байқалады.

3. 100гр су толы стақан үстіне су құйғанда неге тасыды.

4. 5 % сыртқа қолдануға арналған спиртті ерітінді бұны қалай түсінеміз.

Бағалау: Өзін –өзі бағалау

2-тапсырма . «Тәжірибе алаңы» (жұптық жұмыс)

а) Берілген заттар бойынша (қант , тұз, марганцовка, кофе) ерітінділерін дайындау.

b) Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін табу.

1)30 г қантты 70 г суда қант еріттіндісін дайындаңдар. Ерітіндідегі еріген тұздың массалық үлесін есептеңіз. Берілгені :

m(қант)= 30 г

m(су)= 70 г

Табу керек:

ω (қант) =?

Шешуі:

m ( ерітінді) = 30 г + 70 г = 100 г

ω( қант ) =   = 30%

Жауабы: 10%

2) 30 г тұзды 120 г суда тұз еріттіндісін дайындаңдар. Ерітіндідегі тұздың массалық үлесі қанша?

Берілгені:

m (тұз) = 40 г

m (cу) = 120 г

Табу керек:

ω (тұз) = ?

Шешуі :

m(ерітінді) = 30 г + 120 г = 150 г

ω (тұз) = 30:150*100 =20 %

жауабы: 20%.

3) 450 г cу мен 50 г марганцовка ерітіндісін дайындаңдар.

Ерітіндідегі марганцовканың массалық үлесі қанша?

Берілгені :

m (марганцовка) =50 г

m ( су) = 450 г

Табу керек :

ω (марганцовка) = ?

Шешуі :

m(ерітінді) = 450 г + 50 г = 500 г

ω (қант) =  = 10%

жауабы: 10%

4) 200г су мен 30 г кофе ерітіндісін дайындаңдар.

Ерітіндідегі кофенің массалық үлесі қанша?

Берілгені :

m (кофе) =30 г

m ( су) = 200 г

Табу керек :

ω (кофе) = ?

Шешуі :

m(ерітінді) = 200 г + 30 г = 230г

ω (қант) = 30г:230г x 100= 13%

жауабы: 13%

Дескриптор:

  • Қант, тұз, марганцовка , кофе ерітінділерін дайындайды.

  • еріген заттың массалық үлесін табу үшін формуланы пайдаланады;

  • есептің шешу жолдарын көрсетеді;

  • тұздың , қанттың, марганцовканың, кофенің массалық үлесін есептейді.

Тапсырманы орындап болған жұп қол шапалақтау арқылы белгі береді, жұптар дескриптор бойынша бір-бірін бағалайды.

Бағалау: дескриптор бойынша.


Оқулық, үлестірмелі қағаздар


















5 мин

Кері байланыс:

Үй тапсырмасы: 400 г cу мен 50 г қант ерітіндісі .

Ерітіндідегі қанттың массалық үлесі қанша?

Кері байланыс

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Өзара бағалау.

Дескриптор бойынша

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Білім алушылар техника қауіпсіздігін біледі. Құрал жабдықтармен, реактивтермен жұмыс жасай алады.











Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.








Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: -барлық оқушылар бір тапсырманы орындағанда нәтижелері әртүрлі болады;

2 -барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу;

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Тәжірибе жұмыстарын өздері жасағаны сабаққа қызығушылығын арттырады.

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
12 ұстаз жүктеп алған
12 мамыр
8046
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі