жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ашық сабақ 5-сынып. Жалбыз-емдік өсімдік
Қысқа мерзімді жоспар
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 4-бөлім. Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі. |
Мектеп: «Төсқайың орта мектебі» КММ |
||||||||||||
|
Күні: 28.11.18 |
Мұғалімнің аты-жөні: Нурпеисова Кырмызы Абдрахмановна |
||||||||||||
|
Сынып: 5. Пәні: қазақ тілі |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Жалбыз-емдік өсімдік. |
||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.О.5. Мәтін мазмүнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру. 5.Ж.2. Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу. |
||||||||||||
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар орындай алады: Мәтіннің мазмұнын түсінеді, сұрақ қою арқылы нақты ақпараттарды табады. Құрылымын сақтай отырып, хабарландыру жазады. |
||||||||||||
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Сұрақтар арқылы мәтіндегі ақпараттарды саралайды. Жанрлық ерекшелігіне сай жарнама жазады. |
|||||||||||||
|
Кейбір оқушылар орындай алады: Мәтіндегі ақпаратты пайдалана отырып, ой тұжырымдайды, өмірмен байланыстыра хат жазады. |
|||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
-Алынған ақпараттар негізінде өмірмен байланыстыра хат жазады. |
||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар орындай алады: - Мәтін мазмұнымен танысады, ақпараттарды анықтайды, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. - Ақпараттарды саралай отырып, ойларын тұжырымдап жеткізеді. - Ақпараттарды пайдалана отырып, хабарландыру, жарнама мен хат жазады. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: косметология, кулинария, ароматерапия, мифология, еріндігүлділер тұқымдасына жататын тамырсабақты өсімдік, көп жылдық шөптесін өсімдік, эфир майы, 5 тостағанша жапырақшасы, жоғарғы ерні, төменгі ерні, жаңғақша, дала жалбызы, су жалбызы, бұйра жалбыз, кермек немесе бұрыш жалбыз, эфир майы, ментол, антисептикалық зат. Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер: жалбыздың сулы тұнбасы, ас қорытудың кез-келген бұзылыстарында, жағымды иіс, жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, күлгін түсті, суармалы жерлерде, өзен, көл, бұлақ маӊында, шалғындықтар мен тоғайларда, арық бойында. Мәтін құруға арналған пайдалы тіркестер: ақылды оятатын, көңіл-күйді көтеретін, ас қорытудың кез-келген бұзылыстарында қолданған, қонақжайлылықты білдіреді, «Жалбызды жерде жан қалады, ерменді жерде ер өлмейді», жүз бір ауруға ем, хош иісті ментол, эфир майы алынады, бүйрек пен бүйрек түбекшесі, бауыр мен өт жолының қабынуына қарсы, өкпенің тыныс алу жолдарын тазартады,тіс тазалағыш ұнтақтардың, тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады. Талқылауға арналған сұрақтар: - Тіршілік үшін өсімдіктердің рөлі мен маңызы қандай? - Неліктен халқымыз жалбызды жүз бір ауруға ем деп бағалаған? - «Жалбызды жерде жан қалады, ерменді жерде ер өлмейді» деген халық даналығының мәні не? |
||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
«Зайырлы қоғам және жоғарғы руханият» құндылығы негізінде қазақтың еркін ойлы, рухы мықты, білімді, дені сау, шығармашыл ұрпағын тәрбиелеу. |
||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Әдебиет, жаратылыстану,биология. |
||||||||||||
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
Өсімдіктердің адам өміріндегі рөлі мен маңызы туралы біледі. |
||||||||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||||||||
|
Сабақтың жоспарлан ған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||||||||||
|
Сабақтың басы (7 мин)
2 минут 3 минут 2 минут Сабақтың ортасы 30 минут 1) 10 минут |
Қызығушылықты ояту. Психологиялық ахуал туғызу. « Мен қай өсімдікке ұқсаймын? ». ...Жапырақ-жүрек жас қайың, Жанымды айырбастайын. Сен адам бола бастасаң, Мен қайың бола бастайын. Келісесің бе, жас қайың?! (М.Мақатаев). Әрқайсысы өзін ұқсатқан өсімдік атауымен атайды. Топқа бөлу: «Пазл» әдісі. Сурет бойынша 3 оқушы бір топ құрайды. 2 топқа 2 түрлі сурет. 1-топ 2-топ Үй тапсырмасын тексеру. Т.Ж. «Кезбе тілші» әдісі Әр топтан бір тілші шығып, басқа топтағы оқушылардан сұхбат алады. Тілшінің сұрағы екі сұрақтан кем болмауы керек әрі сұрақтар қайталанбауы тиіс. Сұрақтар: 1. Қандай пайдалы өсімдіктерді білесіздер? 2. Олар несімен пайдалы? 3.Сіздің ауылыңызда қандай өсімдіктер өседі? 4. Оларды қалай пайдаланасыздар? 5. Өсімдіктерді қалай қорғайсыздар? Дескриптор:
Қ.Б. Маңызды, мазмұнды сұхбат жасағандар «Гүл сыйлау» әдісімен бағаланады. Миға шабуыл: «Қазына іздеу» әдісі. Сабақтың тақырыбын болжау.
Бұл өсімдік ағылшынша «mint» (мэнт) деп аталса, орысша «мята» деп аталады . 1-тапсырма: Ж.\Т.Ж. А) «Көршінің сұрағы» әдісі. Мәтінді түсініп оқы, мазмұны бойынша сұрақтар дайында, әр топтан үш оқушы бір сұрақтан көрші топтағы оқушыларға сұрақ қояды. Сұрақтар мәтіндегі негізгі ақпараттарды саралайтын мазмұнда болуы керек әрі қайталанбауы тиіс. Мазмұнды, жақсы қойылған сұрақ иесі анықталады. Қ.Б. Жақсы қойылған сұрақ иесіне жұлдызша беріледі. Ж.Ж. Б) «Маңызды үштік» әдісі Мәтін бойынша алынған негізгі ақпараттарды кестеге орналастыр.
Ең көп сұранысқа ие дүниежүзілік дәрілер көрсеткішінің ішінде тұрған өсімдіктің бірі – жалбыз. Жалбыздың отаны – Англия. Осы жақтан Еуропа континетіне, одан Азия мен Америка елдеріне жеткізілген. Жалбыз – ескі ароматты өсімдіктерінің бірі. Ежелгі уақытта жалбыздың сулы тұнбасын ақылды оятатын, көңіл-күйді көтеретін, ас қорытудың кез-келген бұзылыстарында қолданған. Мифологияда жалбыз қонақжайлықты білдіреді. Бүгінде жалбызды емдік мақсатта, косметологияда, кулинарияда, ароматерапияда қолданады. Жалбыздың емдік қасиеті ертеден мәлім. Оны халық жүз бір ауруға ем дейді. «Жалбызды жерде жан қалады, ерменді жерде ер өлмейді» деген мәтел бұл өсімдіктің осындай қасиетіне байланысты айтылған болса керек. Жалбыз – еріндігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық тамырсабақты өсімдік. Ол – хош иісті, көп жылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 80-100 см. Сабағы тік, жапырақтары қарама-қарсы орналасқан болады. Жапырағын саусақпен уқалағанда жағымды иіс шығады. Себебі, жапырағында 5% эфир майы болады. Маусым мен тамыз айларында гүлдейді. Жалбыздың жапырақтары мен гүлдерінен ерекше хош иісті ментол заты бөлінеді. Эфир майында 55%-ға дейін ментол кездеседі.Оныӊ дала жалбызы, су жалбызы, бұйра жалбыз, кермек немесе бұрыш жалбыз секілді маӊызды түрлері бар. Дала жалбызы суармалы жерлерде, өзен, көл, бұлақ маӊында, шалғындықтар мен тоғайларда, арық бойында өседі. Оны сабынныӊ иісін жақсарту үшін пайдаланады, дәрілік те маӊызы бар. Ал кермек жалбыздыӊ жапырағы мен гүл шоғынан жалбыз эфир майы алынады. Бұл майдыӊ негізгі құрам бөлігі – ментол. Жалбыз өсімдігінің құрамында адам ағзасына пайдалы заттар мол. Соның екі қасығын аралыстырып күніне бір шай қасықтан үш рет екі ай ішсе, жүрек ауруының бәріне ем. Сондай-ақ оны бүйрек пен бүйрек түбекшесі, бауыр мен өт жолының қабынуына қарсы қолданады. Жалбыз ұнтағының осы мөлшерін бал орнына сары майға аралыстырып жоғарыдағыдай ретпен қабылдаса демікпе сырқатын жазып, өкпенің тыныс алу жолдарын тазартады. Булығып жөтелгенді тиып, қарлыққан дауысты ашады. Сондай-ақ, жағымды иіс беретін әрі антисептикалық зат ретінде сұйық дәрілердің, тіс тазалағыш ұнтақтардың құрамына кіреді. Жалбыздың құрамындағы эфир майы парфюмерияда және тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады. Дескриптор: - Мәтінді оқиды, мазмұнын түсінеді. - Мазмұны бойынша сұрақтар әзірлейді. - Сұрақтар арқылы негізгі ақпараттарды саралайды. - Алынған ақпараттарды кестеге түсіреді.
Қ.Б. "Досымды бағалаймын" /жақсы орындалса-гүл, толықтыруды қажет тапсырмаға- жапырақ беру арқылы бағалайды 2-тапсырма: Т.Ж. «Акция» әдісі. Сен осы ауылдағы «Тоskain» супермаркетінің пиар-менеджерісің. Супермаркетте 1-желтоқсан мерекесіне орай акция өтпекші. Пиар бөлімінің меңгерушісі ретінде саған ең бірінші, акцияның өтетіндігі туралы хабарландыру жазу, одан кейін құрамында жалбызы бар өнімдерді жарнамалау ісі тапсырылды. Сен командаңмен бірге осы тапсырманы орындау үшін әуелі хабарландыру жазып, соңынан жанрлық ерекшелігін сақтай отырып жарнама мәтінін дайындайсыңдар және өнімдерді қалай жарнамалайтындарыңды көрсетесіңдер. Дескриптор: - Пиар-менеджер ретінде акцияның өтетіндігі туралы құрылымын сақтай отырып, хабарландыру жазады. - Жарнама жанрының талаптарын еске түсіреді, жарнама мәтінін жазады. - Жарнамалау арқылы жалбыздан жасалған өнімдерді насихаттайды.
Қ.Б: «Екі жұлдыз, бір тілек» 3-тапсырма. Ж. А) «Еркін әңгіме» әдісі. Берілген сұрақтарға жауап бер, өз ойыңды дәйектеп айт. - Неліктен халқымыз жалбызды жүз бір ауруға ем деп бағалаған? - «Жалбызды жерде жан қалады, ерменді жерде ер өлмейді» деген халық даналығының мәні не? Б) Бүгінгі өмірімізбен, тұрмысымызбен байланыстыра отырып, доктор Айболитке хат жаз. Хатта жалбыз туралы жазуды ұмытпа. Дескриптор:
Талапқа сай, мазмұнды жазылған хат иесі марапатталады. Қ.Б: «Қол шапалақтау» |
Ғаломтар https://infourok.ru/ord-zhalbizdi-emdik-asietteri-ilimi-zhoba-bet-1276997.html https://baq.kz/kk/news/paidali-kenes/zhalbiz-turli-auruga-em-65812
|
|||||||||||
|
Сабақтың соңы 3 минут |
Үйге тапсырма: Жалбыз туралы ақпараттарды пайдалана отырып, «Жалбыздың пайдасы» тақырыбында эссе жаз.
Кері байланыс:"Шығу парағы"
Рефлексия. «Даналық ағашы» Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, жапсырады.
|
|
|||||||||||
|
Қосымша мәлімет |
|||||||||||||
|
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? |
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) |
|||||||||||
|
Көпшілігі орындай алады: 1.Мақсат бойынша саралау: оқушылардың басым бөлігі, көпшілігі, кейбір оқушылар үшін орындалуы қолжетімді тапсырмалар сараланды. 2. Нәтиже және жауап бойынша саралау: түрлі деңгейдегі жауап күтілетін және қабылданатын барлық оқушыларға бірдей тапсырмалар сараланды. Кейбір оқушылар орындай алады: 1. Тапсырма бойынша саралау: тапсырма деңгейін күрделендіру арқылы сараланды. 2. Нәтиже және жауап бойынша саралау: оқушыдан дербес шығармашылық пен жеке жауап күтілетін ашық типтегі тапсырмалар сараланды. |
Қалыптастырушы бағалау арқылы: Үй тапсырмасы б\ша «Гүл сыйлау» 1-тапсырмадан соң: «Жұлдызша» «Досымды бағалаймын» 2-тапсырмадан соң: «Екі жұлдыз, бір тілек» 3-тапсырмадан соң: «Қол шапалақтау» |
Жаратылыстану https://infourok.ru/ord-zhalbizdi-emdik-asietteri-ilimi-zhoba-bet-1276997.html https://baq.kz/kk/news/paidali-kenes/zhalbiz-turli-auruga-em-65812 |
|||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия
|
|
||||||||||||
|
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты): Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |
|||||||||||||




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген