15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ 5 сынып Мен сүйсінген әлем
Жаңаөзен қаласындағы №1.Т.Әлиев атындағы орта мектеп
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Мен сүйсінген әлем»
Дайындаған: Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Б.Б.Дармағамбетова
Өткізген сыныбы: 5 «А»
Уақыты:06.02.2018жыл
2017/2018 оқу жылы
Тәрбие сағатының жоспары
Мектеп: Жаңаөзен қаласы №1.Т.Әлиев атындағы орта мектеп
Күні:06.02.2018ж.Мұғалім:Дармағамбетова Бағила
Сыныбы: 5 «А»сынып Оқушылар саны: 22
Тәрбие сағатын өткізу орны:201 кабинет
Тақырыбы:«Мен сүйсінген әлем» тәрбие сағаты
Мақсаты: Оқушылардың қоршаған ортамен қарым – қатынасын нығайту және адамгершілік құндылықтардың маңыздылығын оқушы бойына сіңіру, өз Отанына, туған жеріне, табиғатқа деген сүйіспеншілігін, сенімін арттыру. Сабақтың міндеттері: Білімділік: Оқушыларға табиғатқа және туған жерге қамқорлық жасау қасиетінің маңыздылығын ұғындыру. Дамытушылық: Оқушыларға табиғаттағы өзгерістерге жауапкершілікпен, жанашырлықпен қарауға ықпал ету. Тәрбиелік:Оқушыларды қамқорлыққа, жанашырлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. |
Ресурстары:(материалдары, көздері)
|
Барысы: 1.Ұйымдастыру (оқушыларментанысу, психологиялықкөңіл-күйорнату, сәттіліктілеу, топқа бөлу) Топқа бөлу балаларға 4 түрлі өлеңнің үзінділері беріледі сол өлеңдерді бірге орындау арқылы әр бала өз топтарын табады. (Туған жер, Отан, Қазақстан, туралы әндер)
Сабақтың
барысы: Қайырлы күн, туған жерім, Отаным,
Қайырлы
күн, күнім, далам, орманым,
2. Әңгімелесу. Мұғалім: - Балалар, айтыңдаршы біз кімбіз? Балалар: -Адамбыз, баламыз, қызбыз, ұлмыз, немереміз, ағамыз, ініміз, қарындаспыз т.с.с. Мұғалім: Балалар, әлемді сүйетін адам қандай болу керек деп ойлайсыңдар? Балалар: -Мейірімді, сымбатты, қамқоршыл, шыншыл, жанашыр, сүйкімді, өнерлі, еңбекқор, адал т.с.с. Мұғалім -Ал адамдар қандай болмауы керек? Балалар: -Өзімшіл, қатыгез, мейірімсіз, кекшіл, мақтаншақ т.с.с.
Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат, Тіршілікте
адам қымбат, сен қымбат. Ауа
қымбат, алатұғын дем қымбат. 3.Бейнекөрініс тамашалау Балалар енді барлығымыз тақтаға назар аударайық мына бейнероликті тамашалап, өз ойларымызды ортаға саламыз. 1.Сұлу табиғат көрінісі 2. Табиғаттың ластануы Бейнекөрініс туралы оқушылар өз ойларымен бөліседі -Балалар, бейнеролик бойынша не айтасыңдар? -Иә. Табиғат адамдардың жауапкершілігінің жоқтығынан үлкен апаттарға ұшырайды екен. Таза табиғат бұл өте тамаша құндылық екен! - Бейнероликте көрген жағдайларды өмірде қайталаймыз ба? - Осы бейнероликтен қандай жақсы әрекеттерді үйренуге болады? - Жақсылыққа жақсылық дегендей табиғаттың риясыз сыйына қандай жақсылық жасар едіңдер?
Мұғалім:
4. Ойын. «Егерде мен ...» Балаларға түрлі табиғат бөлшектерінің суреттері таратылады. Әр бала өзіне келген сурет бойынша, егер ол сол табиғат иесі болса қандай жақсылықтар жасайтынын айтып береді. Мысалы: егер мен құрт болсам, ағаштардың жапырақтарын жемес едім. т.с.с. «Егерде мен құс болсам...» «Егерде мен құрт болсам...» «Егерде мен жаңбыр болсам...» «Егерде мен жел болсам...» «Егерде мен өзімшіл бала болсам...» «Егерде мен мейірімді бала болсам...» «Егерде мен аңшы болсам...» «Егерде мен орман қорғаушысы болсам...»
5.Шығырмашылық жұмыс І топ, ІІІ топ «Мен сүйсінген әлем» тақырыбын сурет салу арқылы қорғау бес құндылық негізінде. ІІ топ, ІV топ «Мен сүйсінген әлем» тақырыбына шағын эссе жазу бес құндылық негізінде.
«Сарбаздар»
әнімен «Жасыл ел ұйымының әні»
орындалады: Табиғатты
аялау адам тілегі |
Талдау
|
7. Сабақтың қорытынды сәті
-
Бүгінгі айтылған барлық жақсы
қасиеттерді жүрегімізге сақтап алайық.
Табиғат-Ана
адамзат баласына бар қажетті нәрсенің
барлығын да беріпті.Ол бізге дем алсын
деп ауа берді,ішсін, бар қажеттіне
жаратсын деп мөлдір су берді, ғажайып
жасыл әлем сыйлады, орман-тоғайымыз
әдемі болсын деп құсы мен әдемі аңдарын
берді, қысқасы біз өмірге қажеттінің
бәрін Табиғат- Анадан алады екенбіз. Кері байланыс:
Ендеше, осы сабақтан алған әсеріңізді ауызша жеткізе қойыңыздар. Сабақ аяқталды. Рақмет!
|
|
«Егерде мен құс болсам...»
«Егерде мен құрт болсам...»
«Егерде мен жаңбыр болсам...»
«Егерде мен жел болсам...»
«Егерде мен өзімшіл бала болсам...»
«Егерде мен мейірімді бала болсам...»
«Егерде мен аңшы болсам...»
«Егерде мен орман қорғаушысы болсам...»

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген