жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ашық сабақ 5 сынып қазақ тілі «Алтынемел» ұлттық саябағында
Орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар
|
Бөлім: |
Ұлы дала табиғаты |
||||
|
Мұғалім: |
Жармагамбетова К.С. |
||||
|
Күні: |
12.04.2021ж. |
||||
|
Сынып: 5 «Д» (Көкжиек баспасы) |
Қатысушылар саны: 16 |
Қатыспағандар саны:4 |
|||
|
Сабақтың тақырыбы: |
«Алтынемел» ұлттық саябағында |
||||
|
Сабақтың мақсаты: |
5.4.3.1. Жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазу. |
||||
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурс-тар |
|
|
Сабақтың басы
|
-Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгін бізде ерекше сабақ өтеді, өйткені сабаққа қонақтар келді. Енді сабағымызды бастайық.Ертеңгілік шеңберді орындайық. Оқушылар орындарынан тұрып, ертеңгілік шеңбер құрайды. Қуанамын мен де, Қуанасың сен де, Бүгін шыққан күнге. Күніміз жақсы өтсін! Түніміз тыныш болсын! Ауамыз таза болсын! Суымыз мөлдір болсын! -Өткен сабақта бізде қайталау сабағы болғандықтан, бүгін біз сабақта жаңа тақырыппен танысамыз. Сабағымызды бастамас бұрын, сұрақтарға жауап берейік. -Қазір қай жыл мезгілі? -Көктем айларын атап шығындар. -Ауа райы қандай? -Аптаның қай күні? -Бүгін нешесі? «Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа сабақты бастаймын. -Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы қандай болады? Тақтада бірнеше суреттер болады. Оқушылар суреттерді көріп: -Табиғат, орман, жануар т.б -Дұрыс айтасыңдар, бүгін біз сабақта «Алтынемел» ұлттық саябағымен танысамыз. -Жарайсыңдар, балалар, енді жаңа сөздердерді сөздікке жазамыз. Жаңа сөздермен танысамыз. Сөздерді оқу, қайталау, сөз тіркесін құрастыру. Ұлттық қорық-национальный заповедник Үңгірлер-пещеры Жер көлемі-площадь земли Мекендеу -обитание Қорықшы –егерь -Балалар, тақтаға назар аударыңыздар, «Алтынемел» ұлттық саябағы туралы видео көрейік. Мына видеодан қандай әсер алдыңдар? Не түсіңдіңдер? Оқулықпен жұмыс жасаймыз.103 бет 1 тапсырма. Айтылым. 1-тапсырма. Суретке қарап,
«Табиғат ғажайыптары» тақырыбында шағын мәтін құрап
жаз. |
Мұғаліммен амандасады. Ертеңгілік шеңберді қайталайды. Слайдта саябақтың фотолары көрсетіледі. Оқушылар оларды атап шығады. Жаңа сөздермен танысады, оқиды,сөз-дікке жаза-ды. -Сөз тіркесін құрастырады Мысалы: Жер көлемі кең. Видеоны тамашалай-ды. Оқушылар өз ойларын айтады. Оқушылар оқулықпен жұмыс жасайды. Суретті пайдаланып, «Табиғат ғажайып-тары» тақырыбына шағын мәтін құрап жазады |
Мұғалім оқушылардың жауабына қарай бағалайды. Басбармақ
Мұғалім смайликтер арқылы бағалайды. |
Слайд Сурет-тер Сөздік дәптер Видео Оқулық Дәптер смайлик |
|
|
Сабақтың ортасы |
Жазылым. 2-тапсырма. Өлеңді оқып, сұраққа жауап береді. 1. Сен қай жерде тудың? 2. Туған жердің табиғаты қандай? 3. Туған жеріңді жақсы көресің бе? Жақсы көрсең не себепті? О, туған жер! Барымның Сәттілері сенікі. Балы болса, жанымның Тәттілері сенікі. (С.Жиенбаев) Тыңдалым. Оқылым. 3-тапсырма. Тыңда. Мәтінді оқы.
«Жалғасын тап» әдісі арқылы ойын ойнату. Карточкада жазылған сөйлемдерді жалғастырады. 1. «Алтынемел» саябағы археологиялық ............... . (ескерткіштерге бай). 2.«Алтынемел» ұлттық саябағында 1800-ге жуық..................................... (өсімдіктің түрі бар.) 3. «Алтынемел» ұлттық саябағында 56-ға жуық.......................... (жануарлардың түрі бар). 4.Олардың көбі «Қазақстанның ........» (Қызыл кітабына кірген). 5. Жер көлемі - ......... . (460 мың гектар). 6.Айналада биік-биік ағаштар, ............. (өзен-көлдер мол.) 7.Оларға жан-жақтан келген туристер......... (қызыға қарайды.) 8.Саябақта 17 қорықшы бекеті мен 3 ......... (туристік бағыт жұмыс істейді). |
Өлеңді оқып, сұрақтарға жауап береді Өлеңді мәнерлеп оқиды. Мәтінді оқып, аударып, түсінгенін айтады. Оқушылар сөйлемді жалғастыра-ды. |
Оқушылар сыныптастарының жауабын тыңдай отырып бірін-бір бағалайды. Мұғалімнің бағалауы. Әр жауапты бағалау. Смайликтер тарату. |
Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған 3 желтоқсан 844
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз "Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі | |




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген