Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 5 сынып Қызыл кітап

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың тақырыпқа байланысты білімдерін толықтыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы Қызыл кітап.

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

базғдарламасына

сілтеме) 5.О.5. Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.

Сабақтың түрі Аралас сабақ

Қажетті құрал-

жабдықтар Интерактивті тақта ,тақырыпқа қатыста слайдтар, кітап, тақта, бор, парақ, маркерлер мен плакаттар, көрнекілік құралдары.

Оқыту әдістері «Жасырын смайлик», «Броундық қозғалыс», «Радиоға қоңырау шалу»

Дереккөздері Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті

І. Сабақтың басы

Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасады,түгендейді.Назарларын сабаққа аудартады. Кезекшімен сұхбат жүргізеді. Үй тапсырмасын тексеру. «Жасырын смайлик» әдісі Қызығушылықты ояту: Бейнеролик Қызыл кітап туралы қызықты деректер - Бейнеролик не туралы? - Неліктен «Қызыл кітаптың» парақтары түрлі түсті? - Амандасады, сабақ құралдарын шығарып, кезекші өз міндетін атқарады. Қай партаның астында смайлик жасырын тұрса, сол жұп үй тапсырмасы бойынша жауап береді.

ІІ.Сабақтың ортасы

1-тапсырма. «Броундық қозғалыс» Мәтінді оқып, талдаңдар. 1-топ. Барыс – сыры жұмбақ жануар. Ол өзіне өзгелердің назарын еріксіз аудартады. Барынша жіті көз тігуге мәжбүр етеді. Өзін-ше дербес, тәкаппар, топтанып жүруді ұнатпайтын, мейлінше сақ, бірақ қорқақ емес, барынша батыл, бірақ өзгелерге қиянат жасап, біреудің мекені мен жеміне көзін алартпайтын, басқаларға жоқтан өзгеге бола азу көрсетіп, тырнақ батыруды білмейтін, бірақ өзінің есесін ешкімге де жібермейтін, айнала төңірегіндегілерді ақырып-бақырмай-ақ, айрықша шалымдылығымен өзін сыйлата алатын текті жануар. Әр топтан бір спикер шығып, өз мәтінін басқа топтарға түсіндіреді, талдайды.

Сергіту сәті 2-топ Қазіргі кезде Алтайдың еліміздің аумағына тиесілі шыңдарында он қар барысы мекен етеді. Қызыл кітапқа енген аңның есебін ғалымдар соңғы рет 2001 жылы шығарған екен. Таудың басында күн қатып, түн қатып, барыс санау да оңай шаруа емес. Оның үстіне асқаралы биікте адамның жүріп-тұруына қиындық келтіретін табиғаттың тым қаталдығы, әккі аңның екі аяқтының көзіне түспейтін епсектігі тағы бар. Сондықтан арнайы мамандар анкета толтырып, қар бетіне түскен ізді сараптап, келесі ізбен шатастырмау үшін өшіріп, фототұзақ (фотоловушка) құрып, тіпті тезегіне дейін теріп санап, есебін шығарады. 3-топ. Барлық жерде саны өте аз; тек аздап Алматы қорығында жиірек кездеседі. Іле Алатауында 30-35, Теріскей Алатауында – 2-3,Кетпенде – 2-3 барыс тіршілік етеді. XX ғ. 60-80 жылдары Күнгей Алатауында оның іздері жиі кездесетін. Сол жылдары Жоңғар Алатауында 50 барыс тіршілік етті, ал Сауырда іздері ғана көрінді. Батыс Тянь-Шаньда сирек, Ақсу-Жабағылы қорығында 2-3 барыс өмір сүреді. XX ғ. 70-80 жылдары Қазақстанда барлығы 180-200-дей барыс бар екендігі анықталды, ал қазірде бұл көрсеткіш 120-130-дай ғана. Сирек, таралу аймағы тарылып, саны кемуде. Осы күні Қазақстанда жалпы саны - 200 бастан аспайды; санының кемуінің негізгі себептері - қасақылық және негізгі қоректік объектілер (таутеке, арқар, елік) санының азаюы. 2-тапсырма. «Радиоға қоңырау шалу» әдісі 1-топ. Неліктен? Қалай ойлайсың? Сөздерін пайдаланып проблемалық сұрақтар құрастырып радионың жүргізушісі ретінде сұрақтар қояды 2-топ. Радиоға келген қонақ ретінде сұрақтарға жауап береді 3-топ. Радиоға қоңырау шалушы ретінде сұрақтарға берілген жауаптарды саралайды «Бұл не?» ойыны Тақырып бойынша проблемалық сұрақтар құрастырып, оларға жауап береді. Тақтаға шыққан оқушы суретте көрсетілген қандай жануар екенін табу үшін сұрақтар қояды

1-топ.

Барыс – сыры жұмбақ жануар. Ол өзіне өзгелердің назарын еріксіз аудартады. Барынша жіті көз тігуге мәжбүр етеді. Өзінше дербес, тәкаппар, топтанып жүруді ұнатпайтын, мейлінше сақ, бірақ қорқақ емес, барынша батыл, бірақ өзгелерге қиянат жасап, біреудің мекені мен жеміне көзін

3-тапсырма. Тірек сөздерді пайдалана отырып кестені толтырыңдар.

Сұрақтар Жауаптар «Қызыл кітап» жайлы не білесің? «Қызыл кітап» не үшін жазылған? Неліктен «Қызыл кітап» жан-жануарлардың өсіп, көбеюіне өз әсерін тигізеді деп ойлайсың? 4-тапсырма. Өлеңді оқып, талдаңдар. Қарамен жазылған сөздерге мән беріңдер. Отыра алмас ұл шыдап, қызың шыдап. Жоғалғандар тізімі — ұзын шұбақ. Қызыл кітап —мезгілсіз кеткендердің Бастарына қойылған қызыл шырақ! Күрделі кез, күрделі біздің бұл кез! Жаутаңдайды адамға түзде мық көз. Қызыл кітап —Шәһит боп кеткен аңның Бастарына қойылған қызыл күмбез. Қашқан кезде адамнан, ізін қандап, Тау текесі өтеді құзыңды аңдап, Қызыл кітап—тірі жан тимесін деп, Хайуанатқа берілген қызыл мандат! Жетіп жатыр жындылар әлі бірақ, Киік көрсе дол атып, алып ұрад. Қызыл кітап —кітаптан біз білетін Тереңірек, мәндірек, қалыңырақ! Сұрақтарға жауап жазады. Тәрбиелік маңызы зор. 1978 жылдан бастап шығарылды. Онда түрлі ақпараттар бар. Қызыл түсті кітап. Табиғат қорғаушысы. -Қызыл кітап арқылы жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтап қалуға болады. -Иә, сонымен қатар құстар мен жануарларды айтуға болады.

Бағалау. Оқушыларға әр тапсырма сайын топқа байланысты суреттер таратылады. Сол бойынша ең көп сурет саны бойынша бағаланады. Топтар бір бірін бағалайды. Қорытындыны мұғалім өзі айтады.

Үйге тапсырма. 4-тапсырма. Қарамен берілген сөздердің мағынасын ашып жазу. Үй тапсырмасын жазып алады.

Рефлексия.

«Қызыл кітап» әдісі. Оқушыларға стикерлер таратылады. Сол бойынша сабақтан алған жаңа ақпараттарын жазып қызыл кітапшаға салады. Кері байланыс жүргізіледі. Мен бүгінгі сабақта «Қызыл кітап» туралы жаңа мәліметтер алдым.

алартпайтын, басқаларға жоқтан өзгеге бола азу көрсетіп, тырнақ батыруды білмейтін, бірақ өзінің есесін ешкімге де жібермейтін, айнала төңірегіндегілерді ақырып-бақырмай-ақ, айрықша шалымдылығымен өзін сыйлата алатын текті жануар.

2-топ

Қазіргі кезде Алтайдың еліміздің аумағына тиесілі шыңдарында он қар барысы мекен етеді. Қызыл кітапқа енген аңның есебін ғалымдар соңғы рет 2001 жылы шығарған екен. Таудың басында күн қатып, түн қатып, барыс санау да оңай шаруа емес. Оның үстіне асқаралы биікте адамның жүріп-тұруына қиындық келтіретін табиғаттың тым қаталдығы, әккі аңның екі аяқтының көзіне түспейтін епсектігі тағы бар. Сондықтан арнайы мамандар анкета толтырып, қар бетіне түскен ізді сараптап, келесі ізбен шатастырмау үшін өшіріп, фототұзақ (фотоловушка) құрып, тіпті тезегіне дейін теріп санап, есебін шығарады.

3-топ. Барлық жерде саны өте аз; тек аздап Алматы қорығында жиірек кездеседі. Іле Алатауында 30-35, Теріскей Алатауында – 2-3,Кетпенде – 2-3 барыс тіршілік етеді. XX ғ. 60-80 жылдары Күнгей Алатауында оның іздері жиі кездесетін. Сол жылдары Жоңғар Алатауында 50 барыс тіршілік етті, ал Сауырда іздері ғана көрінді. Батыс Тянь-Шаньда сирек, Ақсу-Жабағылы қорығында 2-3 барыс өмір сүреді. XX ғ. 70-80 жылдары Қазақстанда барлығы 180-200-дей барыс бар екендігі анықталды, ал қазірде бұл көрсеткіш 120-130-дай ғана. Сирек, таралу аймағы тарылып, саны кемуде. Осы күні Қазақстанда жалпы саны - 200 бастан аспайды; санының кемуінің негізгі себептері - қасақылық және негізгі қоректік объектілер (таутеке, арқар, елік)



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2021
728
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12