400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 5 сынып "Сенім туралы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ мақсаты: адам өміріндегі сенімділіктің маңыздылығын түсіндіру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: -сенім ұғымының мәнін аша отырып,адалдық қасиетін ұғындыру. -өз өзіне сенімді болу,сенімділік таныту іскерліктерін қарапайымдылық қасиетін дағдыландыру. - адамдармен қарым қатынас құруға,шыншылдық қасиеті арқылы тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Бекітемін:

Мектеп: Шаған ЖОББМ

Тақырып:Сенім туралы.

/23-сабақ/. Күні:25.26/ 02.2019ж.

Құндылық: ақиқат

Қасиеттер: адалдық,қарапайымдылық,шыншылдық

Мұғалiм –Куанышкалиева Ф.А., Сынып -5 а,ә,в . Оқушылар саны -

Сабақ мақсаты: адам өміріндегі сенімділіктің маңыздылығын түсіндіру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

-сенім ұғымының мәнін аша отырып,адалдық қасиетін ұғындыру.

-өз өзіне сенімді болу,сенімділік таныту іскерліктерін қарапайымдылық қасиетін дағдыландыру.

- адамдармен қарым қатынас құруға,шыншылдық қасиеті арқылы тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Дәйексөз,ұнтаспа,аңыз,әндер жинағы.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 5-Т ережесі. 5-затты тексеріп, ұпайларын түгендейміз.Тыныштық сәтi.

2. Үй тапсырмасын тексеру

23-сабақ.Артылған ақша әңгімесі.

Сенім қандай іс әрекеттердің бастауы бола алады?

Өзіне сенімді адамның бойында қандай қасиеттер болады?

Сенімділіктің болуы маңыздыма?

Өзіңе сенім артқан кезде қандай күйге бөленесің?

Сабақ барысын талқылау:

3. Дәйексөз

«Әрқашанда таза болсын ар – ұжданың, жүрегің,

Өзгелер де саған адал, әділ болар білемін.»

Мұхаммед Бабыр




-Адами құндылықтардан айырылып қалмау үшін не істеуіміз керек?


4. Оқиғаларды әңгімелеу.(мұғалім сыйы)



Үш елек.

Бір адам Сократтан былай деп сұрапты.

- Сенің досыңның маған не айтқанын білесіңбе?

- Сәл кідір,-деп оны Сократ тоқтатты,алдымен айтқалы тұрғаныңды үш рет електен өткіз.

-Үш електен?

- Бірдеңе айтпас бұрын,алдымен оны електен өткізу керек. Алдымен шындық елегінен.

Оның шындық екеніне көзің жете ме?

-Жоқ мен тек естідім.

-Онда сен ол шындық па,жоқ па,оны білмейсің.Онда екінші елек жақсылық елегінен өтейік.

Менің досым туралы жақсы нәрселер айтпақшысың ба, әлде жоқ па? Соны ойлан.

- Мен тек естідім.

-Бірақ ол шындық па,жоқ па өзіңде білмейсің.

Үшінші електі қолданып көрейік.Сен айтқың келгенді менің тыңдауым соншалықты қажет пе?

-Жоқ,ондай қажеттілігі жоқ.

-Сонымен,- деді Сократ,-Сен айтқың келгендеріңде шындық та, жақсылық та, пайда да жоқ

Оны айтудың қажеті не?

Cұрақтар:

1.Сократтың іс-әрекетіне қарап ,қандай адам деп айтуға болады?


2.Сократтың бойындағы қандай жақсы қасиетті өз бойыңа алар едің?

Әділдікке, шындыққа көз жеткізбей тұрып жалған айту жақсылық
әкелмейді және пайдасы болмайды.



5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Шындық туралы өлеңді құрастырып айту.

1. Өтiрiк айтсам, өте киналамын,

Шындық айту – менiң борышым.

…….

…….

Кайырмасы:

Шындықты жолға алсам, шындықпен достассам,

Шындықпен жүрсем мен – бақыт болады.

Әркiмге, әркiмге шыншылдық ұнайды,

Өйткенi шындықта - өмiрдiң заңы.

2. Егер бiр адам бiзгеөкпелесе,

……

Шындықты қурметтей адамдар білдi,

……

Қайырмасы.



6.Топпен ән айту

«Сенім»

Мәдина Садуақасова

1.Сездірмей жүрген,

Тек өзім білген.

Бір сенім бар,

Жоғалмас мүлдем.

Сол сенім бар да,

Асығам алға,

Ақ тілегім, биікке самға.

Қ-сы

Тағдыр жолы көп торабы,

Ақ пен қара жолағы.

Сенім – маған серік болады.

Ақ таңдарды мен көремін,

Дауылды да жеңемін.

Жүрегіммен сенемін.


2. Жылуын берер,

Шапағат төгер,

Махаббатым адаспай.

Асқардай биік,

Армандар жиып,

Мен өтемін

Өмірді сүйіп.



7.Үй тапсырмасы.

24-сабақ.Ө.Тұрманжанов Сенім оқып келесіздер.


8.Сабақтың соңғы тыныштық сәті.

Көзімізд жұмып, еркін жайғасайық! Енді, бүгін өткен сабағымыздан нені түсіндік, өзімізге нені алдық, не ү йрендік, сол жөнінде бір сәт ойланып, ой елегінен өткізейік және жүрек түкпіріне сақтайық.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 наурыз
778
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі