жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ 5-сынып Тәуелсіздік нышандары
Қысқа мерзімді жоспар
Мектеп: №71 ЖОББМ |
|||||
Бөлім: Менің Тәуелсіз Қазақстаным. Сабақ тақырыбы: Тәуелсіздік нышандары
|
|||||
Күні:25.09.2020 |
Мұғалімнің есімі:Якубова Нигара Зухритдиновна
|
||||
Сынып:5-сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны
|
|||
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
|
5Т2.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау; 5А1.Тақырып бойынша меңгерген жаға сөздерді олардың синонимдерімен,антоним,омонимдерімен қатар қолдану,ойын жеткізе білу; 5ТБ1.2Лексикалық мағынасы жағынан заттың сипатын,көлемін, салмағын,аумағын білдіретін сын есімдерді ажырата білу,жазба, ауызша жұмыстарда қолдану;
|
||||
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар: Тірек сөздер,жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтай алады.
Оқушылардың басым бөлігі: Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді және нақты ақпаратты анықтайды;
Кейбір оқушылар: Лексикалық мағынасы жағынан заттың сипатын,көлемін,салмағын,аумағын білдіретін сын есімдерді ажырата біледі,жазба,ауызша жұмыстарда қолданады;
|
||||
Бағалау критерийлері: (жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)
|
Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайды. Тірек сөздер,жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтайды. Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді қолданады. |
||||
Тілдік мақсаттар |
Тілдік дағдылар: Тыңдалым.Айтылым.Тілдік бағдар. |
||||
Терминология: Отан,Ту,Елтаңба,Әнұран,халық,Тәуелсіздік. |
|||||
Сөз тіркестері: Тәуелсіздігіміз нышандары,сәулесінің астында,қанатты тұлпар,сәулесі тәрізді,ұлықтау рәсімі. |
|||||
Құндылықтарды дарыту |
«Мәңгілік ел»дің 7 басты құндылығы: Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана. |
||||
Пәнаралық байланыстар |
Қазақстан тарихы. |
||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта,ноудбук,бейнежазба. |
||||
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім |
Тәуелсіздік нышандарының авторлары туралы ақпарат біледі. «Тәуелсіздік» дегенді толық түсінеді. |
||||
Жоспар |
|||||
Жоспарланған уақыт 40 минут |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
|||
Басталуы 10 минут |
Оқушылармен амандасу. Сынып реттілігін қадағалау Оқушыларды түгелдеу. Шаттық шеңбер құрастырып, екі топқа бөлу. 1-топ: 2-топ:
«Миға шабуыл»әдісі арқылы өткен тақырыпты пысықтау. 1.Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесің? 2.Неге 16-желтоқсан Тәуелсіздік күні деп аталады? 3.Қазақстанның тәуелсіздігін ең бірінші болып қай мемлекет мойындаған? Дескриптор: -Сұрақтарға жауап береді; -Нақты ақпаратты анықтайды; -Өз ойын нақты жеткізеді. ҚБ:Мадақтау сөздермен бағаланады.Жарайсың.Жақсы.Керемет.
|
Ф.Ш.Оразбаева, Р.С.Рахметова, Қ.С.Жайлаубаева 5-сынып.Қазақ тілі мен әдебиеті оқулығы, 26-бет. |
|||
Ортасы 25 минут |
Сөздікпен жұмыс. Тәуелсіздік нышаны -символ независимости Бейнеленген-изображен Қанатты тұлпар-крылатый конь Қыран-орел Келешек-будущее Ұлықтау рәсімі-церемония открытия
Жаңа сабақты ашу мақсатында тақырыбында «Мемлекеттік рәміздер-ел мәр- тебесі» атты бейнежазбаны тамашалаймыз. https://youtu.be/9f6CAuZ0K6c
1-тапсырма. «Джигсо»әдісі.Мәтінмен жұмыс.Екі топ мәтінді абзацқа бөліп оқиы және ды екі топ бір-біріне түсінгендерін баяндап береді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері:Ту,Елтаңба,Әнұран.Олар тәуел сіздігіміздің нышандары болып табылады. Қазақстан Республикасының Туында күн сәулесі бейнеленген.Жер жүзіне нұрын шашқан күн сәулесінің астында қияға қанат қаққан қыран салынған.Ол-тыныштық пен баянды өмірдің бейнесі,ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін білдіреді. Елтаңбада көгілдір түстің үстіне шаңырақ бейнеленген.Одан жан-жаққа күн сәу лесі тәрізді уықтар таайды.Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан халықтардың достығын көрсетеді.Елтаңбаның бір бөлігінде ертедегі қанатты тұлпар бейнеленген.Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш-бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі.Төменгі жағын дағы «Қазақстан»деген жазу республиканың атын көрсетеді.Масақ Отанымыздың байлығын білдіреді. Әнұран-мемлекеттің салтанатты әні.Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жыл ғы тарихы,бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.Әнұранды қолын жүректің тұсына қойып,тұрып айтады.Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті білдіреді.
Дескриптор: Топтар өздеріне тиісті болған абзацты түсіндіріп береді; Бір-біріне сұрақтар қояды; Сұрақтарды талқылайды. ҚБ:«Үш шапалақ»әдісі арқылы бағаланады.
2-тапсырма.«Кім жылдам»әдісі.Айтылым.Суреттерде не бейнеленген?Бұл символдар туралы не білесің?Заттың сипатын,көлемін,салмағын,аумағынн білдіретін сын есімдерді қолдандың ба?
Дескриптор: Оқушылар суретке қарап өз ойларын ауызша айтады. Суреттерге қарап сын есімнің түрлеріне де тоқталып өтеді. Тәуелсіздік нышандарында не бейнеленгендігін атап өтеді.
ҚБ:Смайликтер мен бағалау.
3-тапсырма.Жазылым.Мәтінді оқы.Қара әріппен берілген сөздердің синоним-ін ін тауып,сөйлем құра. Біздің көгілдір түсті Туымыз бірлік пен аман-есендікті білдіреді.Тудың ортасында сәулесін шашқан алтын Күн-тыныштық пен байлықтың белгісі. Қазақ халқы ерте заманнан бері қыранды «киелі,қасиетті құс»деп есептеген.Ту дың сабына ұлттық ою-өрнек салынған. Мемлекеттік Әнұранның авторы-Шәмші Қалдаяқов,сөзін жазғандар-Жұмекен Нәжімеденов,Нұрсұлтан Назарбаев. «Менің Қазақстаным»әні Қазақстан Республи- касының Әнұраны ретінде 2006 жылы 10 қаңтарда Елбасын ұлықтау рәсімінде ал- ғаш рет орындалды.
Дескриптор: Мәтінді мәнерлеп оқиды. Қара әріппен берілген сөздердің синонимін тауып,сөйлем құрайды. Синоним,антоним,омонимдерге тоқталып кетеді.
ҚБ:«Басбармақ тәсілі» арқылы бағалаймын.
|
Суреттер,слайд, бейнежазба,смай- ликтер
|
|||
Аяқталуы 5 минут
|
Сабақты «Білім қоржыны»әдісімен кері байланыс жасаймыз.
Қызыл қоржын:Өте жақсы түсіндім,мен үшін қызықты болды. Көк қоржын:Мен сабақты жақсы түсіндім? Сары қоржын:Тақырып бойынша әлі де ізденуім керек.
Үйге тапсырма: 6-тапсырма.Қате жазылған сөйлемдерді тап.Себебін түсіндір. 1.1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Туы,Елтаңбасы,Әнұраны қабылданды.2.Олар мемлекеттік рәміз- зд дер болып саналады.3.Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленеды.4.Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Ата Заңда белгіле- ніп,заңмен қорғалады.5.Тудың авторы-Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков-белгілі су- ретші.6.Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары:танымал суретшілер-Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Уәлиханов.
|
|
|||
Қосымша ақпарат
|
|||||
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? |
«Кестемен жұмыс» Қолдауды қажет ететін оқушыларға бағанның бірінші, екінші бағандарындағы тапсырмаларды орындауға беремін. Қабілетті оқушылар сын есімнің түрлерін қатыстырып сөй- лемдер не мәтін құрастырады. |
||||
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз? |
«Үш шапалақ»әдісі,Мадақтау сөздер, «Басбармақ» тәсілі арқы- лы бағаладым. |
||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
Сабақтың оқу мақсаты шынайы. Тәуелсіздік нышандары туралы толық ақпарат алды. Сыныптағы ахуал бір қалыпты болды. Саралау шаралары тиімді болды. Ия үлгердім,бірақ айтып өтетін дүниелер көп.
|
||||
Қорытынды бағамдау |
|||||
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1«Миға шабуыл»әдісі қызықты өтті. 2. «Джигсо»әдісі табысты болды. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1.Топтық,жұптық жұмыстар. 2.Кері байланыс және қалыптастырушы бағалау. Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?
1.Үлгерімі төмен оқушылармен сабақтан тыс қосымша тапсырмалар орындатып,олардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруды жоспарлап отырмын. |
|||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген