Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 5 сынып Ту тіккен Рахымжан

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне сабаққа қолдануға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Ту тіккен Рақымжан (Кәкімжан Қазыбаев)
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Ұлы Отан соғысының тарихи маңызын, халықтың Отан сүйгіштік қасиетін, қаһарман ерлігі мен еңбегін әңгімелеу. Р. Қошқарбаев туралы жаңа мәліметтер беру.
Дамытушылық: Жас ұрпақты өз Отанын сүюге, бейбітшілікті нығайту мен берік сақтауға, ержүректілікке тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Оқушылардың ойын, тілін дамыту, ортада өздерін еркін ұстап,
ойларын ашық айта білуге, жолдастарының пікірлерін тыңдай білуге үйрету, патриоттық сезімге баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі-тәсілі: сұрақ-жауап, Бжс технологиясы
Пәнаралық байланыс: музыка
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық

-Балалар, терезеге қараңдаршы, далада кун сәулесі жарқырап тұр.Бізге сәулесін шашып тұр.Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

-Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін дей отырып, бір бірімізден жылы, жақсы тілектерді аямайық.
Сабақтың эпиграфы: Мен, өз халқымды сүйемін, оның мені бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтан тұтамын.
(Н.Ә.Назарбаев)

Топқа бөлу: Кәмпиттің түріне қарай 3 топқа бөлу.Өміріміз осы кәмпиттей тәтті, заманымыз тыныш, бейбітшілік болсын.

Топтың көшбасшысын сайлау, бағалау парақтарын үйлесіру
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Өрмекші торы әдісі бойынша :

Өткен сабақ тақырыбы бойынша ерсілі - қарсылы сұрақ қою. ООМ бойынша материалды бекіту үшін тексеру жүргізіледі
1. Қажымұқан жайлы не білесің?
2. Халық қайда жиналды? ипподромға
3. Трибуна алдына не жайылды.? Кілем
4. Алаңға кімдер келді? Түрік солдаттары.
5. Төреші алаңға кімді алып келді? Мұқанды.
6. Трибунадағы халық қалай айқайлады?
7. Аренаға қандай балуан шықты? Нұрлы.
8. Нұрлы қай балуанның орнын басып еді? Қара Ахметтің.
9. Балуандар күреске қандай киіммен шықты? шапан
10. Екі балуанның сыртқы бейнесі қандай?
11. Олар бірі – біріне қалай қарады?
12. Түрік салты бойынша балуандар күреске қалай шығады?
13. Күрес барысында Нұрлының қандай екені көрінді? Салмағы басым.
14 Нұрлы қалай күш көрсеткісі келді? Күшінің басым екенін сездіргісі келді.
15. Мұқанның тәсілі қандай? Титықтатып, шаршату.
16. Нұрлы неге шаршап қалды? Бірден шабуыл жасады.
17. Мұқан түрік балуанын қалай құлатты?
18. Түрік балуанын қандай дәрежеге жеткізді? Қара терге түсті.
19. Жерде тұра алмаса да Нұрлы қандай әрекет жасады?
20. Мұқан Нұрлының жауырынын жерге қалай тигізді? көтеріп алып ұрды.
21. Оны қалай орындады? Фото суретке түсіріп алатындай етіп,
22. Мұқан еліне қалай оралды?
23. Күрес қай жерде болды?
ІІІ.Жаңа сабақ.
1. Қызығушылығын ояту
- Балалар, “ соғыс” сөзін қалай түсінесіңдер?
Бомбылау
Ату Аштық
Ата - анадан Ерлік
айырылу
Қара қағаз
Табандылық
Жеңіс
- Бүгінгі бізідң әңгімеміз жеңіс туралы болмақ.
-« Жеңіс» деген сөзді айтқанда есімізге не түседі?
( Оқушылардың пікірін тыңдау )
“ Жеңіс ” деген – жақсылықтың сыңары,
Жігер мен құштарлықтың құралы,
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы
“ Жеңіс ” күні. Адамзат аңсап күткен күн.
Біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбыт мереке жоқ.
биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлағалы отырмыз.
2. Мағынаны тану
- Міне, балалар, өздеріңіз айтып өткендей ата-бабаларымыз егемендік
жолында қаншама ерлік көрсеткен, елміз үшін құрбан болған. Бүгін біз есімі халықтың жүрегінде жатталып қалған, Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері Рақымжан Қошқарбаев туралы танысамыз.
Дәптермен жұмыс.
Күннің жады. Ту тіккен Рақымжан.
Кәкімжан Қазыбаев (10 мамыр 1929, Талдықорған облысы Сарқан ауданы Бақалы ауылы – 21 қазан1989, Алматы) – жазушы, мемлекет қайраткері.
Р. Қошқарбаев суретін көрсету
Р. Қошқарбаев 1924 жылы Ақмола облысының Ақмола ауданында дүниеге келген.1942 жылы әскерге алынып,1 944 жылы Бішкектегі жаяу әскер училищесін бітрген. 1944 жылы қазан айынан бастап 1 – Белорусь майданындағы 150 – Идрицк атқыштар дивизиясы құрамында взвод басқарып, Польша және Германия жерлеріндгі ұрыстарға қатысқан. 1945 жылы 30 сәуір күні Берлиндегі фашистердің ұясы Рейхстагқа лейтенант Р.Қошқарбаев бастаған взвод шабул жасады. Жаудың мықты қарсылығына қарамастан 7-8 сағат бойы жер бауырлап алға жылжыды. Ақыры олар борап тұрған оққа қарамастан, қиян - кескі ұрыспен Рейхстаг баспалдағына көтеріліп, оның кіре беріс бағанасына Р.Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Г. Булатов ең бірінші болып Жеңіс туын желбірете тікті.
Суреттер көрсету.
Оқулықпен жұмыс.
а) Оқып беру
ә) Оқушыларға мәтінді тізбектей оқыту.
Сөздік жұмысы.
Рейхстаг – жаудың ұясы
Батальон -
Комбат -
Артиллерия –
Ой дамыту.
Сергіту жаттығуын жасау. Батырлық ерлік туралы мақал жарысын өткізу.
Ой толғау
- Рақымжан командирден қандай тапсырма алды?
- Жаудың соғысты бастаған үйі – Рейхстагқа Жеңіс туын тігуді тапсырды. - Командир Рақымжанды неге таңдады?
- Рақымжанның ер жүректілігін, батырлығын, істерін бұрын көреген, оған істей алады деп сенді.
- Политрук Васильченко неге көзіне жас алды?
- Ол өз баласындай жақсы көреді, өз әкесімен қоштасқандай болды.
-Тапсырма қалай орындалды?
- Өте қиын болды, әрбір минут, әрбір сағат санаулы болды, ойдағыдай жақсы орындалды.
- Туды Рақымжаннан басқа кім тігісті?
- Григорий Булатов.
- Жауынгерлер “ урлап ” жауып тұрған оққа қарамастан неге алға жүгірді.
- Ту желбіреп тұрғасын оларға күш берді , “ Біз жеңдік, олар жеңілді”, - деді.
- еңіс туы қашан тігілді?
- 1945 жылы, 30 сәуір. 6 сағ.30 мин.
Ой қорыту.
- Балалар, не білдік?
- Не түсіндік?
- Рақымжан Қошқарбаев кім?
- Соғыстан кейінгі жылдардағы өмірі туралы не білеміз?
Соғыстан кейінгі жылдары Эльба бойындағы кеңестік оккупациялық әскер бөлімінде қызмет атқарды. 1947 – 1967 жылдары Ақмола облысының атқару комитетінде нұсқаушы, Қазақ КСР Мин. Кеңесі жанындағы қоныс аударушылар жөніндегі бас басқармада инспектор, 1967 жылдары “Алматы ” қонақ үйінің директоры болды.
“ Қызыл ту ” , “ І дәрежелі Отан соғысы ” ордендері, көптеген медальдармен марапатталған.
1999 жылы “ Халық қаһарманы ” атағы берілді.
Халық қаһармандарымен таныстыру.
1. Бауыржан Момышұлы
2. Талғат Бигельдинов
3. Рақымжан Қошқарбаев
4. Қасым Қайсенов
Оқушылар хорменен: “Ешкім де ұмытылмайды,
Ешнәрсе де ұмыт қалмайды”
“ Жеңіс үшін жанын пида еткен әкелер мен ағаларға, апаларға басымызды иеміз”.( 1 минут үнсіздік, еске алу )
Үйге тапсырма.
1. Мәтінді оқып, мазмұнын айту.
2. “ Біз бейбітшілікті жақтаймыз ” тақырыбына шығарма жазу.
Бағалау. Ең соңынан “ Бейбітшілік сақталады” әнімен сабақ аяқталады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
476
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12