жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ 5"А" сынып "Мейірімділік -асыл қасиет"
Мектеп: Ленин орта мектеп КММ
Мерзiм:12.02 2020
Мұғалім : Бегенова Г.К.
сынып -5
Тақырып:Мейірімділік –асыл қасиет
Құндылық: Сүйіспеншілік.
Қасиеттер: мейірімділік қайырымдылық, , қамқорлық, сыйластық,түсіністік
Сабақ мақсаты: Оқушыларға мейірімділік туралы түсіндіре отырып сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері:
|
Ресурстар құралдар, мәлiметтер, Слайдтар. |
Ұйымдастыру кезеңі Тыныштық сәті Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. Сұрақтар: Қандай күйде болдыңдар? Қандай әсер етті?
|
Сабақ барысын талдау:
3-мин |
«Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек – осы төртеуі кімнің бойында болса, сол шын АДАМ болады.» Шәкәрім Құдайбердіұлы Сұрақтар:
|
5-мин |
Оқып үйренейік. Ана махаббаты Р. Акдемір Үйдің ең әдемі жері үстіңгі қабаттағы бөлменің терезесі еді. Ол жерден бүкіл көше және қаланы қоршаған таулар тамаша көрінетін. Ана күнде кешке қарай балаларымен күні ұзақ жұмыста жүрген ерін де әдетінше сол жерде қарсы алатын. Жексенбі кешінде де күндегі жерінде отырып, ері мен балаларының үйге қайтуын асыға күтетін. Алыстан олардың төбелері көрініп, үйге жетер-жетпестен қуанышпен амандасатын. Ана кемтар еді. Көп жылдардан бері аяқтары сал болып, науқастан жүре алмай қалған-ды. Бірақ сонда да көзі балаларының үстінен түспейтін, киімдерінен кішкене бір дақ немесе аяқ киімдерінен батпақ ізін көрсе шыр-пыр болатын. Балаларының оған ықылас бөліп, бірге кезген серуендерін, тыңдаған әуендерін және оқу жағдайларын естіген сайын көздері жанып, оларды шын көңілімен тыңдайтын. Әсіресе балалары өрісте жайылған сиырларды және бір күні күтпеген жерден алдарынан шыққан қоянды көргендерін түсіндірген кезде ана өзін сондай бақытты сезінетін... Бір күні әкесі балаларына: «Келесі жексенбіде бір қалашыққа кетеміз. Ол жерде біраз жұмыстарым бар. Таңға жуық пойызбен жолға шығып, кеште қайтып ораламыз», – дейді. Балалар қуанғандарынан қолдарын шапалақтап жібереді. Бұл – өзен жағасында демалып, көңіл көтеру. Бірден нелер алатындарын ойланды... Арқаға асатын сөмке, құтылар, футбол добы, аспалы тор төсек... Басқа да біраз нәрселер... Балалар өзара қызық әңгімеге кірісіп кетті. Ана бір күн бойы үйде жалғыз қалатынын ойлағанда көңілі құлазып, мұңайып қалды. Іші пысқаннан өзін алдаусыратып терезе жанына отырып, қанша кітап оқыса да, уақытын өткізе алмайтынын түсінді... Шіркін, балаларының бірі жанында қалса ғой. Бірақ, ана ешнәрсе демеді. Себебі балаларының көңіл күйін бұзғысы келмеді. Түстен кейін анасының жанында отырған кіші ұлы бір кітап оқып берді. Анасы да ұлының қате оқыған сөздерін қайталап, көмегін тигізуде. Біраздан кейін кіші ұлы оқып отырған кітабын қоя салып, кенеттен есіне бір нәрсе түскендей анасының кеудесіне басын қойды, кішкене қолдарын мойнына асып:
Анасы ұлын аймалап:
Келесі күні таңертең кішкене қызы ас үйде жұмыс істеп жүргенде қолайсыз бір жағдай болды. Айша жуған табағын сүртемін дегенде, жерге түсіріп сындырып алды. Өзі де қатты қобалжыды, бұны көріп тұрған анасы қызына жақындап:
Кішкене қыз анасының бұл сөзіне қатты қуанды. Үйінен оқуға шығар алдында:
Ана кешке қарай бөлмесіне барып, тігін тігіп жатқан. Үлкен ұлы ішке кірді. Жан-жағына қарап, ұялып әрлі-берлі жүрді. Бір нәрсе айтқысы келген сияқты. Бірақ ешнәрсе айтпады. Анасының:
Осындай мейірбан және түсінігі мол балаларының барлығына қуанған ананың көздеріне жас толды. Кешке барлық болған жағдайды балаларынан құпия түсіндірген кезде, әкелері:
Ана қол шапалақтап қуана келісім берді. Олар сол жексенбіні шынында да өте тамаша өткізді. Олар осы бір демалыс күнін жылдар бойы ұмытпады. Ойланайық,пікірлесейік. Сұрақтар:
бөленесіңдер? Жаңа ақпарат Ана туралы Мұғалім сыйы. Мейірімді және ілтипатты бол! Өнеге: аудармалар /М.Кемел,Қ.Темірбаева – Астана: 2010 Ұстазға жас жігіт келіп шәкірттікке қабылдауын сұрайды.
Сол кезде ұстаз жас жігітті шәкірттікке алады. Әңгіме желісі бойынша сұрақтар * Жас жігіт ұстаздан не себепті шәкірттікке қабылдауды сұрады? * Ұстаз жас жігітке қандай ақыл- кеңес берді? * Жас жігіттің ұстазға келгендегі мақсаты не деп ойлайсыңдар *Айналаңа мейірім тарату дегенді қалай түсінесіздер ? * Мейірімділікті басқаларға қалай көрсетер едің? |
интернет материалдары
5-минут
|
Шығармашылық жұмыс. Оқушыларды 2 топқа бөліп, топтық тапсырма беру. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 1 топқа: «Мейірімділік» атты кестесін толтырады.Мұндағы бірінші бағанға –мейірімді істерді, екінші бағанға – мейірімді адамның қасиеттерінің тізімдемесін жасайды. 2 топқа: «Мейірімді жүрек» атты шағын әңгіме құрастырып жазу. Тапсырманы орындап болған соң оқушылардың жауаптары тыңдалады. 2-Тапсырма:«Кім және не мейірімді?» түсіп қалған сөздерді орнына қою керек. (баяу музыка ойнап тұрады) 1-топ Тату-тәтті …. Мейірімді! (достарым) Кіршіксіз ақ …. Мейірімді! (қар) Бәрімізді көтеріп түрған …. Мейірімді! (жер) Қадірлі …. Мейірімді! (әкем) Еркелеткен …. Мейірімді! (атам) Тату-тәтті …. Мейірімді! (достарым) 2-топ Жарқыраған ашық....мейірімді (аспан) Қызыққа толы... мейірімді (әлем) Аялай соққан самал ... мейірімді (жел) Қамқоршы ... мейірімді (апам) Ер қамын ойлаған ... мейірімді (ел)
Ал бүгінгі сабағымызға арқау болып отқан Мейірімділік, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады.Сондықтан жүрегіміз әрдайым мейірімділікке толы болса адамға жат қылықтарға ешқашан жол болмайды.Қазір қоғам қалай тез дамыса,адам санасы да сондай дәрежеде дамып өсіп келеді.Адам санасы өскен сайын ертеңгі болашағымызда жүректері мейірімге толы адамдар көбейе бермек. |Оқушылар бір-біріне мейірімділік сыйлығын сыйлайды) |
13-мин |
Үй тапсырмасы. «Мейірімділік-асыл қасиет» тақырыбында эссе жазып келу. |
1-мин |
Топпен ән айту. “Мейрім” әні Ш.Смаханұлы,С.Кәрімбаев
|
2-мин «Гимн мейірім» трио |
Баяу әуен қою. Ал, балалар, қолымызды, аяғымызды айқастырмай, арқамызды тік ұстап, терең демалайық. Көзімізді жұмамыз. Бугін сабақта өткен құндылықтар мен қасиеттерді еске түсірейік.Сабақта айтылған ойлар мен пікірлерді жүрегімізге сақтайық. |
1-мин |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген