Ашық сабақ "5ке дейін санау"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "5ке дейін санау"

Материал туралы қысқаша түсінік
балалардың 5ке дейін санау дағдыларын қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«5»ке дейін санау»

Мақсаты: 5 ке дейін реттік санау дағдыларын дамыту. Балалардың іс-әрекет дағдыларын меңгерту, геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтау.Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Мотивациялық – қозғаушылық
- Саламатсыздар ма, балалар!
Саламатсыз ба!
- Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық!
Біз әдепті баламыз
Алдыменен қонақпен
Амандасып аламыз.
Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басығой

Ал қанекей бәріміз

Сәлем дейік үлкенге

Сәлем,сәлем,сәлем.

Психологиялық тренинг

Күнмен бірге тұрамыз ,
Құспен бірге ән саламыз
Қайырлы таң! Ашық күн!
Көңілді біз тұрамыз.  

Күлім қағып қолымызды
 1,2,3, деп соғамыз


Жылулық шеңбер.
- Қане, балалар барлығымыз бір - біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы.
- Балалар, мынау ненің суреті? (күннің)
- Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады.
- Таңертең тұрған кезде аналарың қайырлы таң деп айта ма?
Кәне, бізде қайырлы таң тілейік.
- Қайырлы таң көздерім, сендер ояныңдар!!!
- Қайырлы таң құлақтарым, сендер ояныңдар!!!
- Қайырлы таң саусақтарым, сендер ояныңдар!!!
Көздерін, құлақтарын уқалайды.
Шапалақтайды.
- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын,

- Бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдар туралы ашық
оқу - іс әрекеті.

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі.
Қонаққа білім ханшайымы кіреді.

- Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын
Мына шарларды ала келдім.
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Төрт мезгіл. Кәне, атап шығайық... (қыс, көктем, күз, жаз)
Кәзір жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілі?

Күз мезгілінде неше ай бар?

3ай (Кыркүйек,қазан,қараша)

Ал бір аптада неше күн бар?

7күн. ( дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі,  жұма, сенбі, жексенбі.)

Жарайсыңдар.

Балалар қолымда тұрған шарлардың түсі төрт мезгілді белгілейді.
Мына шардың түсі қандай?(ақ)
- Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?
Қыс. қыста жер қандай болады (ақ)
Сары шарды көрсету
Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.(күз)
- Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.
Жер беті сары кілемге ұқсайды.
Жасыл шарды көрсету.
Бұл түс шөптердің түсі сияқты.
- Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады..
Ағаштар бүршік жара бастайды.(көктем)
Қызыл шарды көрсету.
- Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.?
Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады?.(жаз)
- Балалар, түстерін білдік, енді сиқырлы шардың ішінде не бар екенін білгілерің келе ме? Кәне, шарды кім жарады.
Бір бала шығып шарды жарады, Балалар, бізге тапсырмалар берілген, осы тапсырманы дұрыс орындайық.

1 - тапсырма. 1-ден 5-ке дейін санау
Тақпақтарын айту.
2 - тапсырма. Дидактикалық ойын. Сандардың көршісін табу.

«Жоғалған сан».
(1 - ден 5 - ке дейін сандар бойынша ретімен тұрады.)
3 - тапсырма. Логикалық есептер
- Дүкеннен анам  2 допты алып келді, оның біреуін ініме бердім. менде неше доп қалды? (1)
- Қоянда неше құлақ бар?(қоянның суретін көрсету)
Мынау ненің суреті?
- Қолда қанша саусақ бар?
2. Ағашта 5 құс отыр, оның 2 - уі ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды?
3. Себетте 2 алма, табақта 3 алма қосқанда барлығы болады неше алма?

4-тапсырма. Пішіндерді атайық.

Пішіндерді атап,тақпақтар айтады.

Теледидар

Таныс екен баршаға,

Ал пішінім

Ұқсайды ғой шаршыға

Қимылды ойын.

3топқа бөлінеді балалар.

1 топШеңберге сандар жасырынады.Балалар ән басталғанда биілейді. Ән тоқтаған кезде шеңбер ішіндегі санды ашып, сол санға сәйкес шарларды салады.


2 топ 1-5ке дейінгі сандар жерге тастайды 2бала шығады 1дегенде бірге 3дегенде 3ке барады қайсы сан айтылса соған барады таппай қалған бала ойыннан шығады.

3 топ,Бонкамат.Тиын ойны.

Балалар кубикті жерге тастайды қай тиын шықса сол тиын үстінен балалар жүріп шығады.банкоматтың алдына барып қай тиын үстінен жүріп өтсе сол банкоматтың үсттіне барын қолын қояды.
Жеке жұмыс.

Топқа бөлу жұмыртқамен.

1-топ. 1-5липучкамен жапсыру сәйкесін тауып.

2-топ. 1-5 сандарды тауып бояу

3-топ. Жұмыртқа сәйкестендіру.

4-топ. 1-5ке дейін ретімен қою

5-топ. сандарға сәйкестендір күшік

Сергіту сәті:
«Бала, бала, баламыз»  Бір серігіп алсаңдар одан әрі жалғастыру.
Балалар, ақылмен ойлап әр түрлі нәрселер жасауға болады екен.
Қорытынды.

Білім ағашы.

Балалар жапырақтарды жапсырады.

Қоштасу

Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық
Көріскенше күн жақсы
Сау - саламат болайық.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.12.2024
146
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі