400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 6 класс

Материал туралы қысқаша түсінік
6 класқа сабақ беретін мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде пайдалануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан тарихы пәнінен сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер

Мектеп: №202 З.Жарқынбаев атындағы орта мектеп

Күні: 12.12-2018

Мұғалімнің аты-жөні: Әбсаттар Қалдыгүл

Сынып: 6 «б»

Қатысқандар саны:19

Қатыспағандар саны:2


Сабақ тақырыбы

Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары


6.4.2.1 Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау;

6.4.1.1 Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара экономикалық байланыстарын анықтау;

6.2.2.2 Ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіру.

Сабақ мақсаттары

Ұлы Жібек жолының қолөнер, сауданың дамуына және қалалардың өсуіне әсерін анықтайды;

Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастардағы маңызын ашады.

Жетістік критерийлері

Қолдану: Жұмыс дәптерлеріне Ұлы Жібек жолындағы Қазақстанның ортағасырлық қалаларын жазады;

Шығармашылық дағды: Ортағасырлық қалаларының тұрғындары ретінде тауар-ақша қатынасының болғанын, қолөнер мен құрылыстың дамығанын, қалалардың көркейгенін дәлелдейді;

Критерийлері:

1. Өз қаласының архитектурасын суреттейді;

2. Қалаңда сауданың қандай түрлері дамығанын анықтайды;

3. Жергілікті шеберханалар өнімдерінің тізімін жасайды;

4. Ақша түрлерін анықтайды;

5. Қаласында қандай діни мекемелер барын зерттейді.

6. Қаласына шетелдік саяхатшылар, саудагерлер болғанын зерттейді

7. Қалаңда атақты ғұламалар мен білім ордаларын болғанын әңгімелейді

Тілдік мақсаттары

Біздің анықтағанымыз...

Қорытындысында...

Құндылықтарды даддамыту




Ашықтық,жауапкершілік

- өзін қандай да бір ұлттың өкілі ретінде сезіну

- патриотизм

- өз елі үшін мақтаныш

- ұлттық сана-сезім

- тәуелсіздік

Пәнаралық

байланыстар

География, әдебиет, дүние жүзі тарихы

АКТ қолдану

дағдылары

Сабақ барысында интерактивті тақта мен жеке ноутбук қолдануға рұқсат етіледі...Оқушылар ақпарат толықтыру үшін персональды компьютер кажет...

Бастапқы білім

Ұлы Жібек жолы халықаралық байланыстардың нығаюына әкелді ме?

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


































































1.Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесіп,топқа бөлу.1-топ:Лазурит жолы,2-топ:Нефрит жолы,3-топ:Жібек жолы.Топ мүшелері ішінара өз міндеттерін бөлісіп алады.Содан кейін әр топ өз атауына байланысты анықтама береді.

Оқушыларды сабаққа бейімдеу мақсатында 10 cөйлемнен тұратын жабық сұрақтар қойылады.

1.Ұлы Жібек жолының тарихы б.з.б 3-2 мың жылдықтардан басталады./ия

2.Ұлы Жібек жолы өзінің атауын б.з.б 2-ші ғасырда алды./жоқ

3.Ұлы Жібек жолы атауын ұсынған неміс ғалымы фон Рихтгофен./ия

4.Жібек жолы бағытымен өткен керуен саудасы пайда әкелумен қатар,қауіп-қатерге де толы болды./ия

5.Тасымалданатын негізгі тауар-асыл тұқымды жылқы мен түйелер болды./жоқ

6. ғасырдың 2-ші жартысында түркілер Ұлы Жібек жолының біраз бөлігіне иелік етті./ия

7.Жібек жолы жүзжылдықтар бойы еш өзгерістерге ұшырамады./жоқ

8.Ұлы Жібек жолы арқылы айырбас сауда жақсы дамыды./ия

9.Сауданы дамытуда,яғни саудагерлерге жол көрсетуде көшпелі егіншілердің рөлі зор болды./жоқ

10.2014 ж Ұлы Жібек жолы ЮНЕСКО- ның әлемдік мұра тізіміне енгізілді./ия

Бағалау:Өзара бағалау.

Жібек жолының картасын, түрлі-түсті суреттерімеберілген иллюстрациясын көрсетіп, Жібек жолы туралы бейне көрсетілім көрсету.




Жұптық тапсырма

«Ұлы Жібек жолының Қазақстанға тигізген әсері»(2 оқушы ортаға шығып,тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып,пікір таластырады)

Бағалау:Басбармақ әдісі

«Үш дата,үш оқиға,үш өзгеріс»әдісі арқылы оқушылар Ұлы Жібек жолы туралы көптеген мәліметтер келтіре отырып,тақырыпқа байланысты өз қорытындыларын жасайды.

Бағалау 2 жұлдыз,1 ұсыныс.

Топтық жұмыс.Салыстыру кестесін толтыру беріледі.

Лазурит жолы тобына: «Ұлы Жібек жолы арқылы тасымалданған заттар мен бұйымдар»

Зат пен бұйым атауы

Бағыты

1.Кілем,жапқыш

Орт Азиядан Қытайға

2.


3.


4.


5.



Нефрит жолы тобына: «Ұлы Жібек жолының тигізген оң және теріс әсерлерін салыстыру»

Оң әсері

Теріс әсері

1.Сауда дамыды

1.Қауіп-қатер болды

2.

2.

3.

3.

4.

4.

5.

5.


Жібек жолы тобына: «Ұлы Жібек жолының өткені мен болашағы жайлы»


Ұлы Жібек жолы

Батыс Еуропа-Батыс Қытай

1.Керуен жолы

1.Тас жол

2.

2.

3.

3.

4.

4.

5.

5.


Интерпретация

Әрбір топ берілген мәселелер бойынша зерттеу нәтижелерін қорғайды.


Бағалау Өзін – өзі бағалау


Үйге тапсырма: «Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы» тақырыбында эссе жазу.

ПТМС формуласы арқылы

1.Позиция(Мен.......................санаймын)

2.Түсіндіру(Себебі....................................)

3.Мысал(Мынадай дәлел,мысалдар келтіре аламын...................................................................)

4.Салдар(Осылайша .................................қорытынды жасаймын)

Рефлексия Сабақтың соңында оқушылар топпен ойласа отырып тақырыпты калай меңгергендігі туралы ортақ шешімге келеді.Қызыл,сары,жасыл стикерлер арқылы(жасыл түс-бәрі түсінікті,сары түс-сұрағым бар,қызыл түс-түсінбедім)

.





www.nci.kz Ақпараттық білім ресурстары орталығы.

7 сынып. Қазақстан тарихы. Электронды оқулығы. 2011ж.


Ұлы жібек жолының тармақтары туралы

http://yandex.kz/video/search? filmId =8gykJoQkUXI&text=%D2% D0%B5%D0%BE&redircnt= 1433408181.1&path=wizard

http://www.abai.kz/content/ makhmyd- kashkari-zhene-diuan-lygat-it-t-rik

Құрманғазы Садықбеков,
филология ғылымдарының кандидаты,
 Сүлейман Демирел университеті. "Түркіс...ан" газеті. Махмұд Қашқари және «Диуан лұат-ит-түрік».


http://bilimdiler.kz/kazakh_tili/ 4673-zhbalasagun-kutty-bilik.html

Жүсіп Баласағұн «Құтты білік»


Babalar Asyl Danalar jusip balasagun Жүсіп Баласағұн Асыл арна.

http://www.youtube.com/watch?v= cJbMjC_4xjw


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Берілген тапсырмаларды талдап, бағалау.

Сабақ барысында бақылау және талқылауды үйлестіру, ал сабақ аяқталғанда сол мақсатқа жеткендігін анықтау.

АКТ – оқушылар жоғарыда келтірілген сілтемелер бойынша жұмыс істей алады.

Сабақ бойынша рефлексия



Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ барысында жүзеге асырылған ОМ нақты ашылды. Оқушылардың ой-өрісі пікірлерін керібайланыс арқылы сабақтағы қол жетімді тапсырмалардың орындалғанын және келесі сабақ жоспарын түзгенде мәтінмен дереккөздердің көп беруге оны талдау арқылы сыныптық жұмыстардың деңгейін бақылауды жоспарлап алдым. Сабақ уақытын тиімді пайдалануды арттыру керек



Ауытқулар олар тек білгендерін ұзақ мәлімдеуі. Себебі тұжырым жасауы ұзақ, және оқушыны айтылым үстінде үзіп тастау мүмкін емес.





Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушылар саяси картада болған өзгерістерді анықтады және кескін картаға түсірді.

2: Оқушылар берілген деректерден барынша ақпарат алып, оны талдап, қорытынды шығарып дәйекті дәлелдер келтірді

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: оқушылардың белсенділігі

2: материалдардың сапалылығы

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Берілген тапсырмаларды оқушының түсінісіп жасағаны, топ және жұп жұмыстары, жеке жұмыстар жетістіктерге және бірін бірі оқыту арқылы толықтырып отыруы жақсы болды, кемшіліктері уақытты үнемдей алмауымыз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
496
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі