15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "6 саны және цифры" 1 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
|
Пән |
МЕКТЕП: «Комсомол»жалпы орта |
|||||||||||
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: |
1А Сандар мен цифрлар |
|||||||||||
|
КҮНІ:20.09 2017ж |
Мұғалімнің аты жөні: |
Джанзакова Азиза Калбаевна |
||||||||||
|
СЫНЫП:1 «а» |
Қатысқандар |
Қатыспағандар |
||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: 6 саны және цифры |
|
|||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.1.1.2 бір таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру 1.1.1.3 бір таңбалы сандардың құрамын анықтау 1.1.1.1 натурал сандардың және нөл санының құрылуын түсіну; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау |
|||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: 6 саны мен цифрын оқып жаза алады және салыстырады; Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Өрнектер құрастырып, мәнін таба алады; Кейбір оқушылар орындай алады: 6 санның құрамын анықтайды, 6 санын алудың басқа комбинацияларын орындай алады. |
|||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
Сандарды салыстырады, жазады Бір таңбалы сандар арқылы өрнектер құрастырады. 6 санының құрамын анықтайды және 6 санын алудың басқа комбинацияларын құрастырады. |
|||||||||||
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге қатысты лексика мен терминология: Сан және цифр, алдыңғы сан, келесі сан, санның құрамы, сандық кесінді Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: ...санынан кейін, ... алдында, .... арасында, алдыңда, келесі, санды жаза аласыз ба? қай сан артық? кай сан кем? қанша санға артық? қанша санға кем? - Сандық сәуледе 6 санына дейін қандай сандар тұрады? - 6 санын қалай алуға болады? - 6 саны қанша заттың санын білдіреді? - Аптаның сенбі күні реті бойынша қай күні? - 6 санын өмірде қай кезде және қалай пайдаланамыз? -Оқиғаның реті бойынша тышқан көмекке нешінші болып жүгіріп келе жатыр? - Сыныпта 6 санына сәйкес келетін заттардың саны бар ма? |
|||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Бір-бірімен қарым-қатынас жасау адамгершілік құндылықтары |
|||||||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану1.1.2.5 тәулік бөліктері мен апта күндерінің атауларын қолдану Сауаташу 1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау |
|||||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Тапсырмалар слайды |
|||||||||||
|
Бастапқы білім |
Сандарды оқиды, жазады, атайды |
|||||||||||
|
Сабақ барысы |
|
|||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||||||
|
Сабақтың басы 2мин айтылым
3 мин |
Ширату жаттығуын жүргізу «Артық затты тап»
«Үндемес ойыны»әдісі Оқушылар бос тор көздің ішіне 5 саны шығу үшін әр затқа тағы қанша зат жетпей тұрғанын алдарындағы жатқан кеспе сандарының көмегімен көрсетеді.
|
қарындаштар, кітаптар, сөмке, қаламдар, дәптерлер мысық, гүл, шыныаяқ
Сандар жазылған кеспе қағаздар |
||||||||||
|
Сабақтың ортасы Айтылым 5мин
2 мин Жазылым
3мин
5 мин
5 мин жазылым |
Оқулықпен жұмыс 1-тапсырма (Ұ) Ертегі кейіпкерлерін сахналау арқылы санау. (С) Ертегінің неше кейіпкері шалқанды тартып жатыр. Оларға көмекке келе жатқан тышқанның реті нешінші болатынын сұрау.
-Оқиғаның реті бойынша тышқан көмекке нешінші болып жүгіріп келе жатыр?
Қ.Б шалқан смайлигі арқылы бағалау «Ой қозғау» әдісі - Сонымен , балалар, 6 саны сандық сәуледе қай саннан кейін турады? - Санының алдыңда кай сан турады? - 6 санын қалай алдық? - Аптаның сенбі күні реті бойынша қай күні?(Д) - 6 санын өмірде қай кезде және қалай пайдаланамыз? - Сыныпта 6 санына сәйкес келетін заттардың саны бар ма? 2-тапсырма «Гүл теру» әдісі (Ж) Әр бір суретке сәйкес келетін мысалды тап
Қ.Б түймедақ смайлигі арқылы бағалау - Балалар, 6 санын тағы қандай сандардың көмегімен алуға болады? 3-тапсырма (Ж.Ж) «Құпия» әдісі 1. Жемістерді салыстыр. Бос тор көздің ішіне тиісті санды қой. Оларды салыстыр.
2. Сурет бойынша өрнектер құрастыр. Мәнін тап.
3. Себетке 6 саны шығатындай етіп жемістерді орналастыр. 6 санын алудың басқа комбинацияларын қарастыр.
Қ.Б. «Басбармақ» әдісі арқылы бағалау 4-тапсырма (Ж.Ж) «Көркем жазу» әдісі
Қ.Б. жазбаша кері байланыс беремін
|
Ертегі суреті оқулық 24-бет
маскілер: ата, әже, немере қыз, күшік, мысық, тышқан
Сандық сәуле оқулық 24-бет
Сынып ішіндегі заттар
оқулық 24-бет
Жемістердің қима суреттері, карточкалар Жұмыс дәптері 24-бет |
||||||||||



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген