400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 6 саны және цифры Математика 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сыныпқа арналған ашық сабақ Математика пәнінен. тақырыбы 6 саны және цифры. өз тәжірибемнен,
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: Математика

Мұнайлы ауданы.№11 жалпы білім беру орта мектебі

Күні:


Сынып: 1-сынып

Қатысқандар

Қатыспағандар

Сабақтың тақырыбы:

6 саны және цифры

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары

1.1.1.2 Оқушыларды 6 санының сандық сәуледегі орнымен, оның құрамымен таныстыру; 6 цифрын жазуды және салыстыруды үйренеді.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Бір таңбалы сандарды санайды. Цифр мен санды ажыратады. 

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Тура және кері санайды.Санын көрсетіп,өрнектің мәнін табады.

Кейбір оқушылар орындай алады: 6 санының құрамын айтады.

Бағалау критерийлері

-Бір таңбалы сандарды (тура, кері) санайды.

-6 санын басқа сандармен салыстыра алады.

-Бір таңбалы сандарға берілген есептерді шығарып, 6 санын таба алады.

->,<, = белгілерін дұрыс қояды.

Тілдік мақсат:

Алты-шесть-six

Бір, екі, үш, төрт, бес, 6 санының құрамы

Құндылықтарды дарыту:

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауын дамыту. Өзгелердің мәдениетіне және көзқарасына құрметпен қарау.Жауапкершілікті сезіну


Пәнаралық байланыс:

Көркем еңбек, ағылшын,дүниетану,анатілі

Әдістер:

СТО. Бағалау. Жас ерекшеліктеріне сай оқыту. Диалогтық оқыту.

АКТ қолдану дағдылары.

Бейнеүзік ,интербелсенді тақта. Ноутбук.Оқулық, жұмыс дәптері, қима қағаздар.

Алдыңғы оқу

5 саны мен цифрын біледі, салыстырады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)


Ресурстар

Сабақтың басы






Топқа бөлу

  1. Психологиялық ахуал.

Кел,балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек,

Көңілді боп жүрейік

Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы үш топқа бөлемін.

«Үшбұрыш» тобы

«Төртбұрыш» тобы

«Бесбұрыш» тобы


Өткен сандарға байланысты сұрақтар мен ашық сұрақтар беремін.

1. Өткен сандарды ретімен сана?

2. 5 санынан кейін қандай сан келеді?

3. 4+1 санының мәні нешеге тең?

4. 5+1 қосындысы нешеге тең?

Ым-ишара арқылы ынталандырамын.



Интербелсенді тақтадан





«Ширату» алған білімді пысықтау мақсатында

Логикалық тапсырма

  1. Табақта 5 алма,

Қолымда 1 алма.

Қосқанда барлығы

Болады неше алма? 6 алма

  1. Дүкеннен бір сабын алдым,

Оның және қабын алдым.

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы алдым.

Қанша болды қолда бәрі? ( 6)


Бүгінгі біздің іс-әрекетіміз математика. Жаңа тақырыбымыз 6 саны мен цифры.


Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу.


Оқулықпен жұмыс.

Білу





Жеке жұмыс











Тыңдалым

Айтылым







































6 саны сандық сәуледе бес санынан кейін тұрады.

1 2 3 4 5 6 7 8 9


«Кезбе тілші» әдісі

Біз осы уақытқа дейін қандай сандармен таныстық?

Олардың ішіндегі ең үлкен сан қай сан?

Үстелдің үстіне 1-5 ке дейін кеспеқағаз орналастыру.

Тақтаға алты оқушыны шығарып кез –келген бір санды таңдатып, сандардың өсу ретімен тұрғызу, одан кейін кему реті бойынша тұрғызу.

Дескриптор: 1-5 ке дейін тура және кері санай алды,өсу реті мен кему реті бойынша тұрғызды.

Оқу нәтижесін айқындау үшін «шапалақ ұру» арқылы ынталандырамын.


Бейнеүзіктен «Шалқан» ертегісін тамашалайды.Кейіпкерлерді есте сақтайды.

Жұппен жұмыс. «Шалқан ертегісі» Ертегінің барлық кейіпкерлерін санайды. 6-шы кейіпкерді табады.

-Көмекке келген не?

-Тышқан

-Ол нешінші кейіпкер?

-Алтыншы.

-Олардың орнын атап,орналастыр.


Дескриптор: Кейіпкерлерді атап орнын анықтайды.6 санының құрамын біледі.

Сандарды тура және кері санайды.


Оқушы жұбын «Алақан» әдісі арқылы мадақтайды.


Бүгінгі сабақта 6 санының сан қатарындағы орны және 6 санының құрамымен танысамыз.


Оқулықпен жұмыс: Оқушылардан жеке жұмыс жасауларын және салыстыра алатын сандарын салыстыруды ұсынамын. Оқушылардың салыстыруға өрнектер құрастыру түсіну, білу дағдыларының даму деңгейін анықтап аламын.


Суретпен жұмыс: Әрбір суретке келетін мысалды тап.Гүл санына қарай өрнекті анықтайды, мәнін табады.

2+4

3+3

4+2

Сызба бойынша 6 cанының құрамын анықтау



Дескриптор:Өрнекті тауып,6 саныныңқұрамынбіледі.

Оқунәтижесінайқындауүшін ым-ишара арқылы мадақтаймын


Кір жаятын жіпке 6-ға дейінгі сандарды қыстырғышпен іледі.











Интербелсенді тақтадан ертегіні көрсетемін.





Сандық сәуледен 6 санын анықтайды.





















Топтық тапсырма

«Гүлденген бақ»,«Шығарып көр»Оқушыларға гүлдер топтамасын таратып беремін. Топпен ойын ұйымдастырамын. Оларға партаның үстіне гүлдер саны мен түсі суреттегі көбелек санымен түсіне сәйкес келетіндей етіп, 6 санын әртүрлі тәсілмен қойып көрсету қажеттігін ұсынамын. Мысалы, суретте 3 қызыл және 3 жасыл көбелектің суреті салынған. Оқушы 3 қызыл және 3 жасыл гүлді алып қойып, жалпы санын санау керек. 6 саны 3 және 3-тен алынады. Оқушыларға басқа екі нұсқасын қарастыру қажеттігін айтамын. Гүлдердің әртүрлі түстерін қолданып, басқа комбинациялар жасауды ұсынамын..

Мысалы, 3 қызыл, 1 жасыл және 2 көк. Жалпы сыныппен тексеруден кейін сурет бойынша қосуға өз беттерінше мысалдар құрастыруды ұсынамын..

Жауабы:3 және 3;4 және 2;5 және 1.

Дескриптор:

-Түрлі  көбелектер санына сәйкес түстерін ажыратады.

-Қосу амалын пайдаланып мысал құрастырады.

Оқу нәтижесін айқындау үшін «смайликтер» арқылы ынталандырамын
















Рисунок 1

Сергіту сәті

«Көңілді күн» видеоролик


Талдау

Жеке жұмыс«Гүл шоғы»

Оқушылар әртүрлі гүлден құралған гүлшоғына зер салып қарап, олардың атауларын айтуын сұраймын. Түймедақ гүлінің санын одан кейін қоңыраугүлді санатып, қай гүлдің артық, қай гүлдің кем екенін сұраймын. Осылайша кекірегүлмен, түймедақпен жұмыс жасатамын. Оқушыларға қандай гүлдердің артық немесе кем екені туралы қорытынды жасатамын,салыстыру амалын орындайды.

Жауабы:6.

Дескриптор: 

-Тапсырмаларды орындайды. -Салыстырады .

-Жауабын табады.

Оқу нәтижесін айқындау үшін «Бас бармақ» арқылы ынталандырамын


Дәптермен жұмыс

Жұмыс дәптерімен жұмыс жүргіземін Суретпен жұмыс. 6 санын жазып үйренеді. Алдымен ауаға жазып көрсетемін.Алты-шесть-six

Сандарды салыстыр

>,<,= белгілерін қой


1*6 6*3 1*5

2*6 4*6 6*6










Дескриптор:

-6 цифрының баспа, жазба түрін ажыратады.

- жаза біледі

Оқу нәтижесін айқындау үшін «Жұлдызшалар» арқылы ынталандырамын.
























Қорытынды

Топтық тапсырма

«Балық аулау» ойыны арқылы әрбір балықта берілген есептерді қармаққа түскен жағдайда шешуін тауып ыдыстарға салу.

Дескриптор: балық бейнесіндегі есептерді дұрыс орындай алады.

Дәлелдеу:Қосылғыштарорныауысқанменқосындыныңмәніөзгермейтініндәлелдейді.

«От шашу» әдісімен мадақтау.



Рефлексия:

Оқушылардың орындаған жұмыстарын талдау – жинақтау.

-Бүгін біз қандай цифрмен таныстық?

-6 саны туралы не білеміз?

-Сан түзуінде 6 саны қайсаннанкейін

тұр?

-6 санынқалайалуғаболады?

-6саны қаншазаттыңсанынбілдіреді?

-6 саныныңқұрамынамысалкелтіріңдер


Керібайланыс:

«Бағдаршам»әдісі арқылы анықтау


Түсінбедім


Енді түсініп келемін




Түсіндім





Қосымша ақпарат


Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?



Бағалау-Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

-Жеке жұмыс

-Топтық жұмыс

-Ойлау жаттығулары

Сабақ бойынша рефлексия.

«Бағдаршам» әдісі арқылы балалардың меңгерген білімдер нәтижелерін анықтадым.


Қауіпсіздік ережелерін сақтау.


Логикалық тапсырмаларды


Қорытынды бағамдау

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі?

-Кері байланыс

- «Кезбе тілші» әдісі

-Топпен жұмыс

Сабақты жақсартуға не ықпал етеді?

-Интербелсенді тақтадан ертегімен жұмыс.

- топтық тапсырмалар

-Жеке,жұптық жұмыс

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

-Топпен жұмысты әрі қарай жалғастыру.

-Логикалық тапсырмалар беру.


Ықшамсабақ жоспарлау

Оқу бағдарламасы-нан оқу мақсатын дұрыс таңдай білуді және тиімді жоспарлауды үйрендім.Ықшамсабақта сабақты жоспарлап өту мен талдау қиын болды.Сабақты жоспарлауда ықшамсабақтың нақты қадамдарға жету үшін тиімділігін білдім.

Және де кері байланыстың оқу мақсатына жетуде көп ықпал ететіндігін ұғындым.





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
17 қараша
1809
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі