400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ 6 сынып Ағаш бетіне геометриялық оюды орындау

Материал туралы қысқаша түсінік
технология пән мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақтың тақырыбы:



Ағаш бетіне геометриялық оюды орындау



Мұғалімнің аты-жөні: Алиева Г


Күні: 31.01.2018ж

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сыныбы: 6 «А»



Сабақ негізделген оқу мақсаттары

Тақырыптың маңыздылығымен танысады, ойын жеткізе білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады.

Оқушыларда әртүрлі бұйымдарды құрастыру кезінде іс-тәжірбиелік білім мен біліктілікті қалыптастыру.

Өз халқының салт – дәстүрін сыйлауға, құрметтеуге, мақтан етуге, өркендетуге тәрбиелеу. Шығармашылыққа баулу.

Сабақ нәтижесі:

Тақырыптың маңыздылығымен танысады, ойын жеткізе білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады.

Оқушыларда әртүрлі бұйымдарды құрастыру кезінде іс-тәжірбиелік білім мен біліктілікті қалыптастыру.

Оқытудың тілдік мақсаты


Қазақ тілінде- Ағашты ою

Орыс тілінде- Резьба по дереву

Ағылшын тілінде- Wood carving


Бағалау критерийі

Жеке, топтық,топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер,топқа бірігуге арналған асықтар және АКТ, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру,ойын, көрнекілік. Рефлексия

Пәнаралық байланыс

трих, бейнелеу

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы:


Сабақтың басы

Сәлемдесу.

Топқа біріктіремін: Түрлі түсті асықтар арқылы топқа біріктіру».

Оқушыларды Асықтарды алып 1,2 топқа бірігіп отырды.

І-топ « Балташы , ІІ-топ Оймашы



Психологиялық ахуал қалыптастыру: топтар бір біріне стикерге

тілектер жазып ұсынады

Мақсаты: қалыптастырушылардың көңіл-күйін көтеру,жағымды

эмоция туғызу.

Үй тапсырмасын пысықтау. /Ыстық орындық /арқылы

Түрлі түсті асықтар арқылы топтарға бірігеді












Жаңа білім

Ағашты қолмен өңдеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері

Жарақат алу себептері дұрыс емес саймандарды қолданудан немесе құрал-саймандарды дұрыс пайдалана алмаудан болуы мүмкін.

Жұмысқа дейін:

1. Жұмыс киіміңді киін (фартук, халат).

2. Жұмысқа қажетті құрал-саймандарыңды түгендеп, мұқият тексер.

3. Жұмыс орныңды, саймандарыңды ережеге сай орналастыр. Жұмыс орныңда артық ешқандай зат тұрмасын.

Жұмыс кезінде:

1. Дайындаманы верстакқа мықтап бекіт.

2. Әр амалды өзіне тиісті сайманмен атқар. Саймандарың қайралған әрі жарылмаған болсын.

3. Нұсқау карта бойынша әр амалдарды (қосу, жоу, тесу, біріктіру т.б.) өзіне тиісті құралдарды пайдаланып атқар.

4. Жұмыс орныңды әрдайым тазалап отыр.

5. Жұмыс кезінде әр нәрсеге алаңдама.

6. Құрал-сайманың бүлінсе міндетті түрде ауыстырып ал.

Жұмыстан кейін:

1. Жасап жатқан бұйымыңды, материалдарды кезекшіге немесе мұғалімге тапсыр.

2. Жұмыс орныңды ретке келтір. Қолмен сыпыруға, ауызбен үрлеуге болмайды. Верстактың қысқыш қораптардың арасын 2-5 мм етіп қой.

3. Өзіңді ретке келтір.

4. Шеберханадан мұғалімнің рұқсатымен шық.


Жаңа сабаққа түсінік беріп өту.

Өнерді таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан,

Апамның киізінен,

Қошқардың мүйізінен үйрендім.

Ә.Қастеев.

Көне заманнан қазіргі кезге дейін халықтың тұрмыс-дәстүрімен тығыз қайнасып, өмір сүріп келе жатқан өнердің бір түрі –ол қолданбалы өрнек өнері.

Қазірде ою-өрнектерді композициялық құрылымына қарай бір жүйеге келтіру үшін ғалымдар ою-өрнекті төрт топқа бөледі: 1. Зооморфты 2.Өсімдік пішіндес 3. Геометриялық 4. Космогониялық.

Әр ою-өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: «қошқар мүйіз» оюы молшылықты меңзейді, «ағаш» оюы ынтымақ бірлікті, «ирек» оюы адамның өмір жолы, судың белгісі, «шеңбер» оюы жарық өмір жолы дегенді білдіреді.

«Құс», «түйе табан», «итқұйрық» ою-өрнектері кебеже, жүкаяқ,әбдіре, асадал сынды бұйымдарда, ал өсімдік пішіндес оюлар «гүл», «жапырақ», «қырмызы гүл», т.б. ағаш бұйымдарда шебердің талғамына қарай топтастырып беріліп отырған. Геометриялық өрнектер кілемде, шым шиде, ағаш пен тастан өңделген бұйымдарда сондай-ақ барлық дерлік бұйымдарда композиция құру барысында пайдаланады. Космогониялық өрнектер көбіне кілемде, жүзіктерде кездеседі.

Жоғарыда өрнектердің композициялық құрылымы дегенді айттық.Композиция дегеніміз -өрнекті бұйымның бетіне реттеп орналастыру, жүйелеу.

.




Топтарға тапсырма.ағаштарға ою салу..



















































Сабақтың ортасы

Сергіту сәті: асық ойнау

Сарамандық жұмыс

Сарамандық жұмыс. 

«Ашық микрафон» әдісі арқылы,қауіпсіздік ережесін қайталау

Ағаш бетіне бедерлеп өрнек ою.

1.Салынатын өрнек жобасын қағазға салу.

2.Тақтай бетін тегістеп сүргілеу.

3.Өрнекті ағаш бетіне көшіру.

4.Өрнекті ою.

Оқулық, қабырғаға ілінген плакаттар

Түрлі-түсті маркерлер.

Топтық жұмысқа арналған ресурстар



Сабақтың соңы.



Сабақты бекіту.



Ой қорыту. Жасаған жұмыстарын қорғау.

Топтық жұмыс (тілдік мақсатта) үш тілде жазылған сөздерді дұрыс орналастыру








Тақырып бойынша түйген білімдерін жазады.



Кері байланыс





Бағалау


«Білім ағашы» кері байланыс.. Стикерлер жабыстыру



Сабақ соңында оқушылар өз ойларын жапырақ тәріздес қағаздарға жазып, ағаш суретіне жапсырады.

Немесе жапырақ түстеріне байланысты мағына беруге болады.

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып,ағашқа жабыстырады.










Дескриптор - ағаш түрлері жайында айтады;

- ағашқа оюдың дұрыс орналастыру жұмыстарын жүргізеді;

- оюдың ерекшеліктерін түсіндіреді;





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
452
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі