жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ 6 сынып интелектуалдық оййын
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Информатик тапқырлар» сайысы
Өткізген: Адамова Жанар Алпысбаевна
Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Информатик тапқырлар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін бақылау, бағалау, үздік топты анықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, тақта, плакат.
Cабақтың барысы:
Тойлатып , додаласып , өлеңдесіп,
Достарым отырсың ба елеңдесіп.
Ата-салт, баба дәстүр жолыменен,
Алайық біз әуелі сәлемдесіп.
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып 6 – сыныптар аралығында өткізгелі отырған «Информатик тапқырлар» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Білімділігі мен тапқырлығы, алғырлығымен танылған оқушыларды ортаға шақырамыз.
Алдарыңызда 6 «а» сыныбы «Интернет» тобы, 6 «б» сыныбы «Вирус»тобы.
1 - бөлім «Таныстыру»
2 - бөлім «Шын жүйрікте шаршау жоқ»
3 - бөлім «Бәйге»
4 – бөлім «Кім епті, еркін ойлы?»
5 - бөлім «Полиглот»
6 – бөлім «Компьютердің пайдасы мен зияны» постер қорғау.
Әділ халқым берерсің әділ баға
Өнері мен өренін салыстыра, - дей отырып сіздерге осы ойында әділ бағасын берер әділқазылар
алқасымен таныстырайын.
І бөлім – «Таныстыру»:
Топтарына қойылған аттың мағынасын түсіндіреді.
Топтарына эмблема жасайды.
Мінекей 2 топтың таныстыруын тыңдадық.
Білімнің ұшқырлығы ғылым деген ,
Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен– дей отырып ІІ бөлімді бастаймыз.
ІІ бөлім «Шын жүйрікте шаршау жоқ» сайысы. Бұл бөлімде сайыскерлерге 10 сұрақ – тан қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 1ұпай беріледі.
І топтың сұрағы:
...- бұл қоршаған ортадан алатын білім, мәлімет немесе команда (Ақпарат)
Көбеюге және басқа бағдарламаларға жұғуға қабілетті, арнайы жазылған шағын көлемді компьютерлік бағдарлама қалай аталады? (Компьютерлік вирус)
Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)
ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек? (60-70см)
Компьютердегі программалардың жұмысын ұйымдастырып отырушы?(Операциялық жүйе)
Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)
Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)
Компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы не деп аталады? (пернетақта)
Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ — та пайда болды.(ия)
1 байт – неше битке тең? (1 битке)
ІІ топтың сұрағы:
Сканер қандай құрылғы? (ақпаратты енгізу құрылғысы)
Процессор — ол . . . .. (компьютердің миы)
Пернетақта, сканер ДК — дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия)
Компьютердің «ақыл-ойы», ең басты бөлігі (процессор)
Редакциялау дегеніміз не? (Редакциялау дегеніміз-өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру немесе құжаттың мазмұнын түзету)
Баспаға шығару құрылғысы не деп аталады? (принтер)
Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)
1 Мегабайт неше неше килобайтқа тең. (жоқ)
Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)
1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған Ада Лавлейс. (ия)
Осымен ІІ бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап отырарсыздар.
Сайыс – толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.- деп ІІІ бөлімді бастаймыз.
ІІІ бөлім - «Бәйге», бұл бөлімде топтарға тапсырма беріледі. https://bilimland.kz/kk#
І топқа – «Ақпарат және ақпараттық жүйе» тақырыбындағы 2 жаттығу. Дұрыс, бұрысын тексеру.
ІІ топқа – «Вирусқа қарсы бағдарламалар» 2 жаттығу. Дұрыс, бұрысын тексеру
IV бөлім. «Кім епті, еркін ойлы?». Шарты: Берілген сөздерді жұмбақтап, ыммен түсіндіру. Әр дұрыс табылған сөзге – 1 ұпайдан.
І топқа: модем, веб-камера, тышқан, процессор, сканер
ІІ топқа: колонка, Paint, компьютер, себет. Осымен IV бөлім аяқталды.
Айналайын алға ұмтылған Дарындар!
Айналайын жеңіс құшқан қырандар!
Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,
Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.-деп
V бөлімді бастайық «Полиглот» топтар берілген сұрақтарға жауап беріп, жауапты үш тілде айту керек, үш тілде жауап берсе 3 ұпай, екі тілде 2 ұпай, бір тілде 1 ұпай беріледі.
Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз? / ақпарат , информация, information/
Windows – дегеніміз не?/ОЖ, операционная система, Operation system/
Қажет емес символды алып тастау пернесі (өшіру, удалить, delete)
Өшіргенді жинаған, уақытша сақтаған.(себет,корзина , basket)
Экрандағы төрт бұрышты аймақ. Ол не?(терезе,окно,window)
Бір байтта қанша бит бар?(сегіз, восемь, eight)
Өзі темір, жаны жоқ.
Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан. (компьютер – компьютер – computer)
Қанша тетік тізілген
Саусағыңды сезінген
Барлық сенің ойыңды
Компьютерге енгізген (пернетақта – клавиатура – keyboard)
Экранның бетінде оның тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады. (меңзер – курсор – mouse pointer)
Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын (тышқан – мышка – mouse)
Осымен V бөлім аяқталды. Әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
Әділқазылар алқасы ұпай сандарды есептеп қорытынды шығарғанша біз жанкүйерлермен(сайыскерлермен) ойын өткізейік.
Ойын: «ИНФОРМАТИКА»
Жетпесіңе жеткізген,
Қызықты уақыт өткізген.
Бар ғылымды сыйдырып,
Білетіні көп бізден.
Жаңалықтың жаршысы,
Жұртты елең еткізген
Информатикаға
мың алғыс! – деп әділқазылар алқасына
сөз береміз.( топтардың қорытынды
ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайды,
марапаттау рәсімі).
Бүгінгі
сайысқа қатысқан барлық оқушыларымызға
алдағы уақытта сәттілік, жеңіс тілейміз!
Сонымен, бүгінгі сайысымыз өз мәресіне
жетті! Құрметті ұстаздар, уақыт бөліп
келгендеріңіз үшін үлкен рахмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген