400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ 6-сынып "Іздеген жетер мұратқа"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ өзін-өзі тану пәнінен сабақ беретін мұғалімдерге қажет.Қазіргі ҚМЖ үлгіде жазылған сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 05.09.2017

Мектеп: «Теміртау қаласы №4 жалпы білім беретін орта мектеп»

Сабақтың тақырыбы: Өзін-өзі тану – өмірді тану

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Мейірімділік, ізеттілік, бірлік, ынтымақ т.б

Мұғалім: Керимкулова Құндыз Әшенқызы

Сынып:4А

Оқушылар саны:28

Мақсаты:

Оқушылардың «Өзін-өзі тану», «өмір» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

1.4-ші сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұны мен таныстыру.

2.Адамгершілік қасиеттерді білуге,өзін және өмірді тануға деген қызығушылықтарын арттыру.

3.Сыйластыққа, ізгілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.






Ресурстар:

Мультимедиялық тақта, оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер,

аққағаз, гүл, жүрек, көбелек суреттері

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

а) 5 Т ережесін сақтау

Тәртіп

Тазалық

Тыныштық

Татулық

Талап

ә) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

б)Жазғы демалыстарыңды қалай өткіздіңдер?



в) Тыныштық сәті

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Сұрақ: Оқушылар қандай сезімде болдыңдар?

Қорытынды:

Өмірлеріңіз қуанышқа,жүректеріңіз тыныштыққа толсын.










Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Аңыз әңгімені оқып келу







Әңгімелесу «Өнегелік туралы» Б.Момышұлы. Мәтінді әңгімелеу, талқылау

Мұғалім сыйы «Екі дос және қария» аңыз әңгме

Оқушылар аңызды тыңдап, жаңа тақырыптың мазмұнымен байланыстыра отырып талдайды.

Дәйексөзді талдау, 2-3 балаға айтқызу, жаттату «Өзін танымаған адам - өмірді де тани білмейді»

Халық мақалы



Шығармашылық жұмыс: Оқулықтағы қоржында берілген сөздерді пайдаланып, сабақты түсіндіру.



Топпен ән айту: «Шымшық»

Сөзі Қ.Мырзалиевтікі
Әні Қ.Қуатбаевтікі

 Шымшықтың өр тырнағы,
Құдды шабақ қармақтай.
Бар тұлғасы, болғаны,
Бармақтай-ау, бармақтай!
Сонда да ол, асылы,
Мешкейлікке меңзейді,
Күнде жеке басының,
Салмағындай жем жейді!
Күнде жеке басының
Салмағындай жем жейді!

Әнді ерекше көңілмен айтып,сергиді

Дәптермен жұмыс: дәптердегі тапсырмаларды өз беттерінше орындайды.


Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды

Үй тапсырмасы: «Өмірдің мәні» эссе жазып келу


Күнделіктеріне жазады.

Соңғы тыныштық сәті:

  • Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.


Оқушылар көздерін жұмып демалады.








































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
768
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі