жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ 6 сынып Жүрек қалауымен
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: №98 Жалпы білім беретін мектеп
Тақырып: Жүрек қалауымен
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: адамгершілік , қамқорлық, мейірімділік
Мұғалiм: Ибрагимова Айгуль Худайбергеновна
Сынып 6 «Б»
Оқушылар саны: 19
Сабақ мақсаты: барлығынан жақсыны көре білу арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: Білімділік: Ойдың, сөздің және істің бірлігі туралы түсінік беру; Дамытушылық: Барлығынан жақсыны көре білуге баулу; Тәрбиелік: жақсыдан жаманды ажырата білуге тәрбиелеу. |
|
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Сабақтың 5 Т ережесін еске түсіру. Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік. Тыныштық сәті . Оқушылар өз жүректерінің жылулығын сезіндіру мақсатында тыныштық сәті ұйымдастырылады . Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік.Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп,жүрек жылуымызды барлық адамдарға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік .
|
Сабақ барысын талқылау: оқулық, дәптер, түрлі-түсті қағаздар, маркер, плакат. 5 Т ережесін еске түсіреді |
2.Үй тапсырмасын тексеру. № 27 сабақ «Ұлыма хат » мәтінін сұрақтар арқылы сұрау. 72 бет Ұлыма хат Немат келімбетов
|
Оқушылар сұрақтарға жауап береді |
3.Дәйексөз. Мұғалім өзі дауыстап оқып береді, сосын балаларға бірге хормен айтуға ұсынады. Бірінші ұл балалар қайталайды, содан соң қыз балалар қайталайды.Дәйексөзді дәптерге жаздыру.? «Жүрегі таза адам ешқашан қиянат жасамайды» Шәкәрім Сұрақтар:
Қорытындылау. Жақсылық жасау - адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Риясыз жақсылық жасау - биік адамгершіліктің белгісі.
|
Балалар дәйексөздің мағынасын түсіндіреді
Мұғалім балалардың айтқанын қорытындылайдв. |
4 . Мұғалім сыйы . Шегенің ізі Мінезі жаман бір жас жігіт болса керек. Бір күні әкесі оған іші шегеге толы бір жәшік беріп: «Достарыңмен әр жанжалдасып қалған сайын тақтайға бір-бір шегеден қағып отыр» деп табыстапты. Алғашқы күні-ақ баласы тақтайға 10 шеге қағып үлгеріпті. Одан кейінгі апталарда өзін тізгіндей бастаған бала күн өткен сайын шеге санын азайта түсіпті. Бір күні тақтайға шеге қағуын тіптен қойса керек. Бұл жайын әкесіне барып айтыпты. Әкесі болса оны тақтаның алдына апарып: «Ал енді, балам, бүгіннен бастап, достарыңмен татуласқан әр күнің үшін тақтадан бір-бір шегеден суырып алып отыр»,- депті. Біраз күндер өтіпті. Бір күні қараса, тақтайдағы бар шеге шығарылып біткен екен. Сонда оны сырттай бақылап жүрген әкесі баласын тақтайдың алдына ертіп әкеп: «Балам, жарайсың, жарадың,-депті,- алайда, мына тақтайға жақсылап тұрып қарашы? Шегелерді суырғанда қалып қойған қарайған көп тесікті көріп тұрсың. Бұл дегенің тақта әуелгісіндей таза қалпында, әдемі болып қалмайды деген сөз. Достармен төбелескен сайын арада жаман сөздер айтылады. Әр жаман сөз артына мына шегелер тәрізді бір- бір қара тесік қалдырып отырады. Жолдасыңа мың жерден кешірдім дегеніңмен, дәл мына тесіктер секілді кірбіңнің көңілде сыз болып бәрібір қалып қоятындығы шындық. Сондықтан дос қадірін біліп, ешбір досыңның көңліне кірбің ұялатпағайсың, балам»,- деген екен сонда өз ісінің астарын түсіндіріп, өмірлік ұмытылмас сабақ ұқтырған әкесі.
|
Мұғалім бейнеролик көрсетеді . |
5.Шығармашылық жұмыс. 1 топ «Сүйіспеншілік» тобына тапсырма: Абайдың«Ақыл, қайрат,жүректі бірдей ұстап, сонда толық боласың елден бөлек» деген өлең жолын басшылыққа алып, постер құрастыру. . 2-топ «Адамгершілік»тобына тапсырма: «Жүрек нені қалайды»мәтін негізінде көрініс қояды. 3-топ «Қамқорлық» тобына тапсырма: «Жүрекке жол тапқан біздің заманымыздың тұлғалары»
|
Оқушылар топтық шығармашылық жұмыстар жасайды . |
6.Үй тапсырмасы. № 28 сабақ Мағжан Жұмабаевтың «Жан сөзі» өлеңін оқу . 112 бет Жомарттық ,мейірімділік,қайырымдылық туралы эссе жазу. |
Үйге тапсырма беріледі . |
7. Сабақтың қорытынды сәтi. Жақсылық жасау дегеніміз – өздерің айтқандай адамдарға табиғатқа қамқорлық пен қайырымдылық жасауды , көмек көрсетуді білдіреді. Бір –бірімізге жақсы,жылы сөздер көп айтсақ,өміріміз мейірім мен қайырымға толы болып, қуаныш пен шаттыққа кенеледі. Сондықтан да барлық уақытта бір-бірімізге жүрекке жылы тиетін жақсы лебіздерді жиі айтып жүрейік . |
Сабақты мұғалім қорытындылайды Оқушылар стикер арқылы жақындарына, барша Адамзат атаулыға тілектерін жазып , ауызша айтады |
8.Топпен ән айту. "Қайырлы күн" әні Әні мен сөзін жазған Иса Омар
1..Қайырлы болсын күніңіз, Құлпырсын жайнап гүліңіз. Толтырып нұрға маңайды, Риясыз шат боп күліңіз!
Қайырмасы Естілсін жарқын үніңіз Мейірім төксін жүзіңіз Шұғыла шашып əрдайым, Қуантып елді жүріңіз!
2. Жарасып лайым жұбыңыз Бақытты өмір сүріңіз! Тілеулес сізге əрдайым Жандардың барын біліңіз!
Қайырмасы Естілсін жарқын үніңіз Мейірім төксін жүзіңіз Шұғыла шашып əрдайым, Қуантып елді жүріңіз!
|
Барлығы бірігіп ән айтады. |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген