жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ. 6 сынып .Қазақтың зергерлік өнері.
ҚМЖ
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Қазақтың ұлттық қолөнері Мектеп: №23 ЖОББМ Қарағанды қаласы Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Былғарбек Жанаркүл Жарлықасынқызы
Сынып: 6 Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы |
3-сабақ . Қазақтың зергерлік өнері. |
||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) |
6.1.3.1. тұрмыстық-әлеуметтік тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну. 6.2.3.1. ауызша мәтіндер құрауда сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріп айту.
|
||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты |
1. Зергерлік өнер тақырыбындағы мәтіннен жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну. 2. Сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдерді құрастыру. 3. Сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшеліктерін сақтай отырып айту. |
||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
|
||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Пәнге қатысты сөздік қор мен термин: Білезік, сақина, тіл-көз, сақтайды, соқтырған, тағады, сән-салтанат, ине, қайшы,зергерлік бұйымдар Диалог пен жазу үшін қолданылатын тіркестер: Менің анықтамам... Мен ойлаймын... Менің ойымша..... Мен келісемін.. |
||||||||||||||||||||||||||||
Құндылық тарға баулу |
Ұлттық өнерді құрметтеу; Өнерді насихаттау;қарым қатынас жасау әдебі
|
||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Тарих, мәдениет, әдебиет, еңбекке баулу |
||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім |
Қазақ даласындағы қолөнердің шығу тарихы, түрлері туралы біледі, ою-өрнек түрлері туралы біледі. «Көңілді доп» әдісі арқылы кері байланыс орнатылады. |
||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 7 мин |
Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық .Оқушыларды шеңбер қылып тұрғызып, «Досқа тілек» әдісі арқылы тілек айтқызу. «Көңілді доп» әдісі арқылы өткен тақырып бойынша білімдеріне шолу жасалады.
ҚБ. Жауап берген оқушыларды «Бас бармақ» әдісімен мадақтап отырады. «4 сурет 1 сөз» әдісі арқылы жаңа сөздермен танысып, бүгінгі жаңа тақырыпты анықтайды . Жаңа сөздер: сақина, сырға, білезік, шолпы. Мына суретте нені көріп отырсыздар? Үйде әшекейді кім тағады?
Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбы, сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушыларды мұғалім суреттер арқылы топқа бөледі . ( Топ атаулары: «Сақина», «Білезік»,«Сырға») |
Көңілді доп
Интербелсенді тақта, суреттер Жаңа сөздер: сақина, сырға, білезік, шолпы
|
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 25 мин |
ТЖ 1– тапсырма Тыңдалым алды тапсырма. «Суреттер сөйлейді» әдісі. Тірек сөздермен суреттерді сәйкестендіріңіздер. Тақтада суреттер көрсетіледі . Тірек сөздер: шебер, зергерлік бұйымдар ,сырға, алқа,білезік, ою, жасау, соғу. тіл-көз, сән-салтанат,ине ,қайшы. Суреттер:
Мәтінді тыңдау. Зергерлік өнер–қазақ қолөнерінің бір түрі. Зергерлік өнер Ұлы Дала елінің салт – салтанатын,байлығын,биік талғамын көрсеткен.Зергерлер көбінесе әйелдердің сәндік бұйымдарын жасайды. Сәндік бұйымдарға білезік,сақина, жүзік, сырға жатады. Сырға – құлаққа тағатын сәндік зергерлік бұйым. «Сырға тіл –көзден» сақтайды» деген түсінік бар. «Құлағың ауырмасын, жаман сөз естіме, ажарлы бол!» –деп тілек айтқан . Білезік– ертеден келе жатқан білекке тағатын сәндік бұйым. Қыз бала 3-4 жасқа келген кезде ата– анасы білезік соқтырған. Білезікті екі қолға ,кейде бір қолға екі білезік тағады.Әшекей бұйымдарды «қыз бала сән – салтанатта өссін!» деген оймен алтын күмістен соқтырған . Білезік бергенде: « Қолың өнерлі болсын!» –деп тілек айтқан. Сәндік бұйымдар оюмен әшекейленген. Жүзік– қыздар мен әйелдердің саусағына тағылатын зергерлік бұйым.Зергерлер жүзікті асыл тастармен безендіріп, ою–өрнекпен әшекейлеген.Зергерлік бұйымдар қазақ өнері мен мәдениетін паш етеді. Тыңдалым кезіндегі тапсырма. ТЖ «Конверттегі сұрақтар» әдісі бойынша таратылған тірек сөздер арқылы берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.. Тірек сөздер: зергерлік өнер,сәндік бұйымдар , ажарлы бол,өнерлі болсын,жасайды, асыл тастар,ою.
5. Сәндік бұйымдардың түрлерін атаңыздар? 6. Сәндік бұйымдар немен әшекейленген? Тыңдалымнан кейінгі жұмыс. ТЖ. 2-тапсырма: «Семантикалық карта» әдісі бойынша кестені толтырыңыз . Кестедегі сөздерді анықтамаларымен сәйкестендіріп қосыңыздар..
Бағалау критерийі:. зергерлік өнер тақырыбындағы мәтіннен жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсінеді . Дескрипторлар: - тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді мағынасымен байланыстырады; - зергерлік бұйымдардың қолданысын ажыратады; - қосымша мәліметтермен толықтырады. ҚБ Мұғалім стикер тарату арқылы оқушылардың жауабын бағалайды. Сергіту сәті. «Қарлығаш» әніне денені шынықтыруға арналған жаттығулар жасау.
ЖЖ. 3- тапсырма. «Кестені толтыр» әдісі бойынша тірек сөздер қолданып, тақырыпқа байланысты кестеге 4 сөйлем құрастырыңыздар. Тірек сөздер: зергерлік бұйымдар, шеберлер, әшекей, сәндік бұйымдар .
Бағалау критерийі: - сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдерді құрастырады; Дескрипторлар: - сөйлем түрлерін ажыратады; - тірек сөздерді қолданады; - сөйлемдерді құрастырады. КБ күлегештер арқылы бағалау. ТЖ 4– тапсырма. «Зергерлік бұйым дүкенінде» ойыны. Тыңдалым материалында айтылған зергерлік бұйымдарды көздеріңе елестетіп, бірлесе отырып суретін қағаз бетіне түсіріңіздер. Жаныңыздағы топпен алмасу арқылы бір-бірлеріңіздің суреттеріңізге баға беріңіздер. «Зергерлік дүкенде» тақырыбына диалог құрып, «Құрметті...», «Бүгін дүкенге зергерлік бұйымдардың жаңа топтамасы келді.» «Өтінемін...», «...алғысым шексіз!», «...қандай әдемі!», «...сіздерге ұнай ма?»,«Өте қуаныштымын!», «Рақмет» т.с.с. сөз орамдарын қолданыңыздар. Мысалы: -Айару , сен зергерлік бұйым дүкенінде болдың ба? -Не сатып алдың? -Қандай білезік? -Сырғаң қандай әдемі! . -Асыл тасты әшекей алыңыз. Бағалау критерийі: - сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшеліктерін сақтай отырып айтады. Дескрипторлар: - зергерлік бұйымның суретін салады - өз жауаптарында сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдерді қолданады - интонациялық ерекшеліктерін ескеріп айтады ҚБ «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау. |
Интербелсенді тақта ,суреттер Тірек сөздер: зергерлік бұйымдар , шебер, сырға, алқа,білезік, ою, жасау, соғу,.тіл-көз, сән-салтанат, ине ,қайшы. Әшекей бұйымдардың суреттері. Ақ қағаз
Оқулық ,мәтін 109-бет
Конверттегі таратпа материалдар ( мұғалім алдын-ала тірек сөздерді таратып береді) Тірек сөздер: зергерлік өнер,сәндік бұйымдар , ажарлы бол,өнерлі болсын,жасайды, асыл тастар,ою.
Кесте
Сөздер анықтамасы
Стикер
Денені шынықтыруға арналған жаттығулар жасау.
Кесте
Тірек сөздер: зергерлік бұйымдар, шеберлер, әшекей, сәндік бұйымдар .
Тірек сөздер :
А3 қағазы, түрлі-түсті қарындаштар, көмекші сөздер
|
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 8мин |
«Рефлексиялық шеңбер» Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.
Үйге тапсырма: Әр оқушы өз қалауы бойынша ұнаған әшекейін жасап келу |
Рефлексиялық шеңбер
|
|||||||||||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||||||||||||
Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз? |
Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
|||||||||||||||||||||||||||
Оқушылардың барлығы орындай алады: мәтінді қолдану арқылы зергерлік өнер туралы түсінік алады, жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсінеді. «Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша тірек сөздермен суреттерді сәйкестендіреді.. Қолдау үшін тірек сөздер, кесте, мәтін, зергерлік бұйымдардың суреттері ұсынылды. Оқушылардың көбісі орындай алады: әшекей бұйымдардың суреттері бойынша аттарын атайды, «Семантикалық карта» әдісі бойынша зергерлік бұйымдардың мазмұнын кестеге сәйкестендіреді, зергерлік бұйымның суретін салады., «Кестені толтыр» әдісі бойынша сөйлемдер құрастырады. Қолдау үшін мәтін, кесте, әшекей бұйымдардың суреттері ,тірек сөздер берілді. Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: «Зергерлік бұйым дүкенінде» ойыны әдісі бойынша сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшеліктерін сақтай отырып құрайды,айтады., тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.. «Конверттегі сұрақтар» әдісі бойынша сұрақтарға жауап береді. Қолдау үшін мәтін, көмекші сөздер, таратпа материалдары , кесте беріледі. |
Бағалау критерийлеріне негізделген тапсырмалар дескрипторлары және: «Бас бармақ» ,стикер, күлегештер, ауызша мадақтау , қошемет сөздер , «Бағдаршам» әдісі арқылы ҚБ жүргізілді. «Рефлексиялық шеңбер»әдісі арқылы кері байланыс орнатылды.
|
Оқушыларға сергіту сәті өткізілді...Бұл оқушылардың шаршамауы мен зерігуіне жол бермейді, балаға жақсы көңіл- күй сыйлайды.және оқушылардың арасында жағымды қарым -қатынас орнатады. PowerPoint таныстырылымы, аудиомәтін тыңдау үшін компьютер қолданылды . Жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасы сақталды |
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия |
Төменде өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз |
||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?
Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?
Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен?
|
|||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. 2. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақта не нәрсеге назар аудару керек?
|
|||||||||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген