400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 6 сынып "Тәуелсіз елдің ұланымыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал ұстаздарға көмек болады деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәуелсіз елдің ұланымыз»атты тәуелсіздік мерекесіне арналға ән кешінің сценарийі 

Мақсаты:
а) Оқушыларға патриоттық тәрбие беру.Өз елін, жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.Рәміздерді құрметтеу.
б) Патриоттық әндерді орындауда шеберлігін арттыру.

(Фанфармен жүргізушілер сахнаға шығады)
І Жүргізуші:Армысыздар құрметті ұстаздар және де тәуелсіз елдің ұландары,еліміздің

ертеңі ,болашағы.

ІІЖүргізуші:

Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем,

Ағынды өзен,асқар тау,гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бәрі маған деп «Отан» деп сыбырлаган

ІЖүргізуші:

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке болып саналады,себебі, осындай қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Қазақстан күннен – күнге өркендеп, гүлденуде. Біз осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Көк туымыз көгімізде желбіреп,тәуелсіздіктің тұғыры мықты болсын.Сіздердің назарларыңызға мектеп оқушылары ұйымдастыруымен концертімізді тамашалауға шақырамыз.
ІІ
Жүргізуші: Құджабек Асқардың орындауында «Көк тудың желбірегені» әні
Жүргізуші: 
Қазақстаным көк байрақты нұрлы елім, 
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім, 
Өзің менің қуынышым,бақытым 
Өзің менің тынысым да тірегім 
Жүргізуші: 

Елтаңбасы елімнің

Неткен айбат,әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі

(Ортаға оқушылыр шығып еліміздің рәміздері туралы ақпарат айтады)


Мерейім - нұрлана бер азат Күнім! 
Көрдік біз бұл бақыттың азаттығын, 
Таңымды тамылжытқан әсем әнмен 
Тыңдаңыз елін сүйген жастар үнін! 

Арқалық Тоғжан«Астана» әнімен қарсы алыңыздар. 

Хабарламастан бишілер тобы «Күресшілер биімен» шығады
Жүргізуші:

Желтоқсанның желі,аязы,ызғары

Қанды мұзда талай қазақ сыздады

Ұлт қаиы үшін шыққан сол күні алаңға

Азап шекті қайсар қыздары

(желтоқсан оқиғасы туралы айтылады,ерлік көрсеткен жастардың есімі аталады)

«Желтоқсан желі ызғарлы»әнімен ортағаМүслім Ақжолды шақырамыз. Қабыл алыңыздар. 
Жүргізуші: 

Отанды біз атамекен

Деп аялап атаймыз

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз

Отанды жас,кәрімізде

Туған жер деп сүйеміз

1 сынып оқушылырынан құрылған ұлдар хорын сахнаға «Тәуелсіз елдің ұраны!» әнімен ортаға шақырамыз

ІІ Жүргізуші:

Сен неткен Отан - Анам, ғажап едің, 
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім. 
Болашақ ұрпағының бақыты үшін, 
Жайнай бер, Ұлы Отан – Қазақ елім! 
Серікжан Нұрсұлтанның орындауында «Қазақтай ел қайда» әнін қабыл алыңыздар. 
І Жүргізуші: 
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің 
Таулы орман , жасыл жайлау, көлім менің 
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан –елім менің 
Ортаға Санатқызы Балымды шақырамыз. «Туған ел» әні. Қабыл алыңыздар! 
Жүргізуші: 
Аман боп халқымыз мәңгілік, 
Жүрейік достықта сән құрып. 
Бірлік пен ынтымақ нығайса, 
Атады әрқашан таң күліп. 

Қыздар хорын «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен қарсы алайық. 
Жүргізуші: 

Ақын қазақ

Азаптың

Бәрін тастап көшіпті

Іздеймін деп азаттық

Туын тастап көшіпті

Бәрін тастап

осы күн

Жеткен ұлы мұратқа

Домбыра мен бесігін

Тастамаған бірақта!

Нағыз қазақ қазақ емес,нағыз қазақ домбыра демекші ортаға домбырашылар ансамблін шақырайық

Құрманғазының күйі «Балбырауын» 

(Финал.Жүргізушілердің хабарлауынсыз ортаға қатысушылар шығып Т.Төрәлінің «Жаным қазақ» әнін орындайды.Оқушылардың қолында ту,гүл,шар болу керек.Ән бітуіне аз қалғанда жүргізушілер сахнаға шығады.)
1Жүргізуші: 

Егемендік бұл елімнің елдігі

Егемендік барлық ұлттың теңдігі

Егемендік елін жерің қорғаған

Жастарымның көрсеткен ол ерлігі

ІІ Жүргізуші: 
Кең далам, көл-дариям, сеңгір тауым, 
Бабалар жеңді ерлікпен небір жауын. 
Байрағым желбіреп тұр биіктерде, 
Байладым тәуелсіздік - өмір бауын! - дей келе тәуелсіздік мерекесіне арналған концертімізді аяқтаймыз.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.Амандықта жүздескенше,аман сау болыңыздар.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14.06.2019
839
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі