400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 6-сынып Түріктер туралы тарихи деректер

Материал туралы қысқаша түсінік
Көшпелілердің шаруашылығын отырықшылықпен байланыстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы: Түрікілер туралы тарихи деректер Зерттеу сұрағы: Қытай және араб деректері түркілер туралы қандай ақпарат береді?

Мектеп: "Есет" мектеп- балабақша кешені

Мұғалімнің аты - жөні: Қ Тұрманбетова

Сынып: 6

Уақыты: 11. 10 Қатысқан оқушылар: 18 Қатыспағандар:


Оқушылар:

Сабақтың

мақсаты

  • Көшпелілердің шаруашылығын отырықшылықпен байланыстыру

Осы сабақ арқылы

жүзеге

асырылатын оқу

мақсаттары

6.4.1.2 – көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін анықтау;


Бағалау критерилері

  • Көшпелілердің шаруашылығы туралы деректерді сипаттау;

  • Көшпелілердің шаруашылығы туралы араб және қытай деректерін талдау және салыстыру;

Тілдік мақсаттар


Тарихи дереккөздермен жұмыс жасайды (оқылым дағдысы).

Топтардың презентацияларын тыңдайды және көшпелі мен отырықшы өмір салттың белгілерін жазып алады (тыңдалым дағдысы);

Өз заманының деректерін құрастырады (жазылым дағдысы);

Ақпараттық мәтіндер мен тарихи деректерді зерттеу жұмысын жүргізу барысында топта жұмыс жасайды, және де сонымен бірге, сынып алдында ауызша түрде өз жұмысының нәтижесін (оқылым дағдысы, айтылым, тыңдалым және жазылым дағдысы).

Пәндік лексика мен терминология:

Динар, этноним, қала, киіз, жылнама, қолжазба, жылнамашылар.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Дерекөздің негізінде келесі қорытынды жасауға болады:...

Бірқатар факторлар келесі факторларға әсер етті, мысалы...

Ең басты өзгерістер болды…

Біздің анықтағанымыз... Қорытындысында...

Біздің тобымыздың ойынша....

Тарихи маңыздылықтың критерийлеріне кіреді: атақты / есте қалатын / жаңғырық /нәтижелі / айрықша, мәнді. Қандай фактілер, дәйектер мұны дәлелдей алады?

Құндылықтарды дарыту

Құндылықтар: - патриотизм - ұлттық сана-сезім- тәуелсіздік

- қазақ зиялыларын мақтан тұту.

АКТ дағдыларының дамуы

Ақпарат іздеу мақсатында интернет сайттарымен жұмыс жасау

Пәнаралық

байланыс

Қытай және араб деректеріне талдау жасағанда Дүние тарихы пәні бойынша білімін пайдаланады. Қазақстан территориясындағы шаруашылықтың түрін анықтаған кезде география пәнінен алған білімін қолданады.

Алдыңғы меңгерілген білім


Оқушылар көшпелілердің әскери өнері.

Сабақ барысы

Сабақтың қезеңдері

Сабақта орындалатын іс - әрекеттер


Оқыту ресурстары

Басы


10 минут

М Сабақты топтарға бөлу

Қалаларды көрсету

1 Отырар 2 Тараз 3 Сайрам 4 Иясы

Видео көрсету

1.Не көрдік

2 Не білдік

3 Қандай мәдениетке жатады

Презентация



Ортасы


20 минут



Оқулықпен мәтінмен жұмыс жұмыс

талдау


А деңгей тапсырмасы: жеке-жеке жұмыс "Ақиқат жалған" кесте толтыру

Бір-бірін тексеру бағалау

Тапсырма Төмендегі сөйлемдердің «Ақиқат» не «Жалған» екенін ажыратыңыз (А/Ж).

Қалалардың құрылыс жүйесі 4 бөліктен жасалған.

-

Қалалар санының өсуі сауданың жандануына үлкен әсерін тигізді.Сауда негізгі 2 бағытта жүрген.

+

Махмуд Қашғаридің еңбегінде Испиджаб қаласы Сайрам деп аталады.

+

IX-Xғасырларда Жетісудың солтүстік шығысында 15 қала болған.

-

Бізге VI-IX ғасырларда түрік тайпаларының қалалары мен қыстақ кенттері жер болып кеткен қиранды төбелер түрінде жеткен.

+


В деңгей тапсырма: топтық жұмыс, картамен жұмыс

Дескриптор 1.Көшпелі мал шаруашылық қай аумақтарда болды

2 Отырықшы шаруашылық қай аумақтарда анықтайды

3Тұркілер неліктен кейбір аймақтарда суармалы ешіншілікті малшаруашылығымен қатар алып жүрді


Суреттер сөйлейді Салыстыру




С деңгейі тапсырмасы: Көшпелілредің дәстүрлі шаруашылығын бүгінгі өмірмен байланыстыру эссе жазу


ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ

Зерттеу сұрағы:

Араб және қытай деректері түріктер туралы қандай ақпарат береді?

М Зерттеуді жүргізу үшін оқушыларды топтарға бөліп, түпдеректермен жұмысты ұйымдастырыңыз.



Интерпретация

Т/Ж Түпдеректерге толыққанды талдау жүргізу мақсатында топтарға/жұптарға карточкаларды таратыңыз. Әрбір топтың/жұптың міндеті карточкада келтірілген дерекке жан-жақты талдау жасау.

№1

Түріктердің тұрмысын сипаттаған кезде Ибн Хордадбех айтқан болатын: «елдімекендері мен қамалдары жоқ, олар қабырғалары бар және шегелердің орнына аңдардың терісінен жасалған белбеулерімен бекітіліп, киізбен жамылған шатырларда мекен етеді. Олар киізді жасаудың хас шеберлері, себебі, бұдан олар киім тігеді.... Олар жылқының сүті мен оның етін азық етеді...».











№2

Х ғ. араб саяхатшысы Ибн-Хаукаль оғыздардың кейбір қалаларын сипаттаған: «Испиджаб шахристан, цитадель мен рабадтан құралады. Цитадель сақталмаған, адамдар тек шахристан мен рабадта мекен құрайды. Рабадта бақшалар мен суару каналдары орналасқан. Қала құрылыстары саздан жасалған. Барлық базарлар шахристан мен рабадта, ал билеушінің сарайы, түрме мен мешіт — в шахристанда орналасты. Испиджаб — гүлденген және өнімге бай қала».










№3

Қытайлықтар түріктердің шаруашылықтарының жоғары деңгейде дамығанын хабарлайды. Түріктер Қытайды темір бұйымдарын қамтамасыз еткен еді. «Тан-Шу» жылнамасында түркі тайпалары киіз үйде тұрғаны туралы жазылған: «Киізбен қапталған үйде мекендейді. Оларда асыл тұқымдас жылқылары көп».










Карточкалармен жұмыс жасау критерилері:

Мәтін «пирамидасын» толтырыңыз.

1. Не туралы дерек.

2. Басты ойы

3. Дерек туралы пікіріңіз.


Б Барлық сыныппен «Қытай және араб деректері түркілер туралы қандай ақпарат береді?» сұрағы төңірегінде талқылау ұйымдастырыңыз. Оқушылар дәйекті жауаптар қайтарады.

Презентация








Қосымша 1




Қағаздар, маркерлер




































Стикерлер, А1 форматындағы қағаздар







Соңы

10 минут


Рефлексия кері байланыс

Бүгін түсіндім...

Бүгін қызықты ...болды

Бүгін қиын...болды


Үй жұмысы Мазмұны


Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
4171
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі