Материалдар / Ашық сабақ, 6 сынып. Зергерлік білезік бұйымын дайындау.

Ашық сабақ, 6 сынып. Зергерлік білезік бұйымын дайындау.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ, 6 сынып. Зергерлік білезік бұйымын дайындау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қазан 2024
128
1 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 6 сабақ 4

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы:

Зергерлік білезік бұйымын дайындау.

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

6.2.3.2-Ажырайтын және ажырамайтын біріктіру әдістерін қолданып, бірнеше бөлшектерден тұратын бұйым жасау

6.2.6.1-Қауіпсіздік техникасын қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

Сабақтың мақсаты:

  • Қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін қолдана отырып, әшекей бұйымын жасау;

  • Өздік жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасын сақтау.

Құндылықтарды дарыту

ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК

  • өзін-өзі ұйымдастыру, міндеттерге басымдық беру, жұмыс уақытын жоспарлау;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы

0-5 мин










































5 мин








Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды орналастыру, амандасу.

Сабаққа кіріспес бұрын оқушыларды құндылықтарға баулу арқылы жігерлендіру жүргізіледі. «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» тақырыбында ой қозғау.

Топқа бөлу. жапырақ таңдау арқылы топқа бөлемін. Сыныптағы бала санына орай жапырақ таратылады, жапырақтың сырт бетінде топ атауы жазылады. Түскен топ бойынша орындарына отырады.

Бағалау әдісін және жетістік критерийін түсіндіру.

«Зергер» тобы, «Шебер» тобы деп аталған екі топ ортасына ағаш бұтақтары салынған плакат қойылады. Ағаштағы бұтақшаларды оқушылар әрқайсысы жеке бұтақтан иеленіп, есімдерін жазып қояды.

Сабақ 3 кезеңнен тұрады:

1 кезең – «мыңнан жүйрік»

Білезіктің жасалу жолдары туралы сұрақтарға жауап беру арқылы жапырақ жинайды. Толық жауап берсе-2 жапырақ, жартылай жауап бергендер – 1 жапырақ алып, өз бұтақтарына жапсырады.

2 кезең – «Сегіз қырлы» (сарамандық жұмыс).

Бұл кезеңде оқушылар өткен сабақта басталған, үйде жалғастырған жұмыстарын аяқтайды. Жұмыстың сапасына, ұқыпты орындалғанына қарай оқушылар тағы да жапырақтар алып, критерийге сәйкес бұтағына жапсырады.

3 кезең – «бір сырлы» (бекіту сұрақтары).

Соңғы кезеңде оқушыларға қоржыннан таңдап сұрақтарға жауап беру арқылы тағы жапырақтар жинайды, толық жауап – 2 жапырақ, толық емес жауапқа – 1 жапырақ алады.

  • Оқушылар, сабақ соңында барлық кезеңдер бойынша 6 жапырақ жинаған оқушыға 10 ұпай, 5 жапырақ жинаған оқушыға 9 ұпай, 4 жапырақ жинаған оқушыға 8 ұпай, 3 жапырақ жинаған оқушыға 7 ұпай қойылады. Бұл – бүгінгі сабақтағы жетістік критерийлері, сондықтан сабаққа барынша белсенді қатысып, жапырақты көбірек жинауға тырысамыз.

  • Тағы бір ескеретін жағдай, барлық жапсырылған жапырақ санын есептеп, жеңімпаз топты да анықтаймыз, демек топтың жеңімпаз болуына бәріміздің де үлесіміз болады.

Бағалаудағы ерекшелік – жапырақтар топ ортасына толық жауап санына негізделіп қойылады, бірақ оқушы критерийді ескере отырып және өз нәтижесін өзі көре отырып, өзін өзі бағалау жүйесін іске асырады.

Бүгінгі сабақта біз өткен сабақта жасаған білезік әшекейін жасауды аяқтаймыз.

Сабақ үш кезеңнен тұрады.

1 кезең «мыңнан жүйрік»

Кезеңнің тақырыбы айтып тұрғандай, кім епті, жылдам болса, сол оқушы өзіне сұраққа тез жауап беріп, жапырақты жылдам алуға тырысады.

Сұрақтарға жауап бер:

  • Қазақтың дәстүрлі зергерлік бұйымдарын өзге елдердің әшекейлерінен не ерекшелендіреді?

  • Зергер үшін не маңызды?

  • Зергер бұйым жасау барысында неге назар аударады?

  • Зергерлік бұйым жасауда қандай металл түрлері қолданылады, неліктен?

  • Қандай асыл тастарды пайдалануға болады?

  • Сен өзің қандай қолайлы материалдарды қолданып зергерлік бұйым жасар едің?

Сұрақтарға қалай жауап бергендеріңе қарай жапырақтар алып бұтақтарыңа жапсырыңдар.

Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді.

Ой қозғайды, құндылық туралы өз пікірлерін айтады.



Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Қажетті материалдар:

Альбом, қарындаш, түрлі бояулар, фольга, түрлі көз моншақтар және т.б.

https://www.youtube.com/watch?v=QTH_uIMiBcQ


25 мин




Ортасы


























5 мин







2 кезең – «Білектің көркі - білезік» (сарамандық жұмыс).

Практикалық тапсырма.

Сым білезік.

Бұл сымнан жасалған білезік қолыңызға өте нәзік және әсем көрінеді.

Оқушылар топта немесе жұпта (жеке) ақылдаса отырып әшекей бұйымдарын жасауды жалғастырады. Оқушылар орындап жатқан білезіктерін жалғастырып орындайды.

Жұмыс барысында ұлттық нақыштар көрініс табуы қажет.

Оқушылардың көңілін бұйымды жасау барысында ұлттық нақышты көрсететін элементтің көрініс табуы қажет екендігіне назар салыңыз.

Практикалық жұмыс барысында оқушылар қауіпсіздік техникасын сақтау қажет.

Қауіпсіздік туралы ескерту: 

Металды кесу кезінде әрқашан көзілдірік пен қолғап киіңіз.

Қысқышпен жұмыс жасағанда қолыңызға абай болыңыз, жарақат алудан сақтаныңыз.

Балғаның қолыңыздан түсіп кетпеуін мұқият қадағалаңыз.

Шығармашылық жұмыстың таныстырылымы.

Жұмыстың сапасына, ұқыпты орындалғанына қарай оқушылар жапырақтар алып, критерийге сәйкес бұтағына жапсырады


3 кезең – «сырлы сандық» (бекіту сұрақтары)

Әр оқушы сандықтан бүктелген сұрақтар таңдап алып, сұраққа жауап береді.

1 топқа

  • Ұлттық ою-өрнектердің қандай түрлерін білесіздер?

  • Зергерлік бұйымдарда қандай ою-өрнектерді қолдануға болады?

  • Әшекейлеріңізде қандай ою-өрнектерді қолданар едіңіздер?

  • Ою-өрнектерді қолдану барысында әшекей бұйымдарыңыздың образы қаншалықты түрленеді деп ойлайсыздар?

  • Білезіктен басқа қандай ұлттық әшекей бұйымдарын білесіңдер? Өңіржиек, шолпы, шашбау, қапсырма, алқа, сырға, жүзік

2 топқа

  • Зергерлік асыл тастардың адам ағзасына қандай пайдасы бар?

  • Білезіктің қандай түрлерін білесіңдер?

  • Білезікке нақышты қандай құралдармен салуға болады?

  • Жұмыс барысында қиындықтар кездесті ме және қандай жетілдіру амалдарын пайдаландың?

    • Зергерлік бұйым жасаған кезде қандай әдіс тәсілдерді қолдандың?

Сұрақтарға қалай жауап бергендеріңе қарай жапырақтар алып бұтақтарыңа жапсырыңдар.

Picture 7 әр оқушы өз бұтақтарындағы жапырақты есептеп, формативті бағалау ұпайын шығарып алады.

Ағаштағы жапырақ санын есептеп, жеңімпаз топты анықтаймыз.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі









Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.













Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды.


Дискритор

Қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін қолдана отырып, әшекей бұйымын жасайды және жасау жолдарын біледі.;

Өздік жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасын сақтайды.

Источник: http://comode.kz/post/sovety-po-stilju/ukrashenija-v-kazahskom-natsionalnom-stile/

Творения казахского ювелира известны во всем мире

https://www.youtube.com/watch?v=iIEFDDJyQPg



https://staterenta.ru/kk/brovi/kak-plesti-iz-cvetnoi-provoloki-braslety-kak-plesti-iz-provoloki.html









https://www.google.com/search


5 мин

Аяқталуы



Оқушылар жеке және топта орындаған жұмыстарының нәтижелерін, түрлі әдістер арқылы (жазбаша немесе ауызша түрде, көрнекі бейне құралдары арқылы) көрсетеді. Жұмыстар критерийлер бойынша бағаланады.

Рефлексия «Аяқталмаған сөйлемдер»

  • Бүгін мен ..... үйрендім

  • Мен көптеген мәлімет білдім....

  • Мен ......... білім алдым.

  • ........ тапсырманы мен орындадым.

  • Мен .........жасай алдым.

  • Мен келесі жолы.....безендіремін.

  • ...........менің қолымнан келеді.

  • Мені таңқалдырғаны....

Оқушылар кері байланыс парақшаларын толтырып шығады.

Үйге тапсырма:

Білезікті әсемдеуге дайындық жұмыстарын жүргізу



Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.




























Дидактикалық материалдар











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ