15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ. 7- сынып. Қазақтың ұлттық киімдері.
Сабақтың
тақырыбы:
«Қазақтың ұлттық киімдері»
Сабақтың
мақсаты:
а)
білімділігі:
оқушылардың сәндік қолданбалы өнері
жайында білімдерін толтыру, көне киімдер
жайында түсінік беру;
б)
дамытушылығы:
оқушылардың ой - өрісін дамыту, ұлттық
киім түрлерін дұрыс бейнелеуге баулу;
в)
тәрбиелігі:
оқушылардың эстетикалық талғамын
арттыруға, ұлттық дәстүрге
тәрбиелеу.
Пәнаралық
байланыс:
еңбек, тарих, әдебиет
Сабақтың
түрі:
аралас сабақ
Сабақтың
әдісі:
шығармашылық топпен жұмыс
Көрнекілігі:
ұлттық киімдер түрлері салынған плакат,
сөзжұмбақ, үлестірмелі парақтар,
жұмбақтар, шекпен, тымақ, етік.
Қажетті
құрал - жабдықтар:
қарындаш, формат, субояқ, қылқалам,
акварель бояуы.
Сабақтың
барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі:
оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа
назарын аудару.
ІІ.
Үй тапсырмасын тексеру:
оқушылардың білім жетілдіру мақсатында
қойылатын парақтар арқылы топ жұмысын
ұйымдастыру. Әр топ берілген сұрақтарға
жауап береді.
1
топ. Сәндік қолданбалы өнер дегеніміз
не?
2
топ. Киіз үй жабдықтарын ата?
3
топ. Ісмер дегеніміз не?
4
топ. Ою - өрнектер неше топқа бөлінеді?
ІІІ.
Жаңа сабақты меңгеру.
Қазақы
киім көненің көзі. Қазақ киімдері көп,
үлгісі де көп. Кейбірінің сырт
көріністерімен атаулары өзбек, қырғыз
ағайындардың киімдеріне ұқсас болғанымен,
біздің халықтың киім пішіндері мен
нақыштары өзгеше.
Қазақ
киімдерін күнделікті тұрмыстық және
салтанаттық - сәндік деп екіге бөлуге
болады. Біріншісі арзанқол, бірақ шаруа
жұмысқа берік, қарапайым үлгіде тігілсе,
ал екіншісі бағалы, көргенде көз тартатын
әдемі, сапалы маталармен сәнді пішіліп,
үлгісіне лайық безендіріліп әсем
тігіледі. Жалпы алғанда, қазақы киімдер
етек - жеңі мол, қарапайым жұмысқа, жүріп
- тұруға үйлесімді, дене сымбатын
ашады.
IV.
Практикалық жұмыс:
оқушыларды төрт топқа бөлу, бөлінген
топқа тапсырма беру.
1
топ. Ер адамның сырт киімдерін бейнелеу.
2
топ. Әйел адамның сырт киімдерін
бейнелеу.
3
топ. Батырлар киімдерін бейнелеу.
4
топ. Қазақтың ұлттық бас киімдерін
бейнелеу.
Тапсырманы
орындай отырып төмендегі жұмбақтарға
жауап берейік.
1.
Адамның сәні, онсыз жоқ мәні. /киім/
2.
Дорбаға тығып бас жағын,
Байлай
салдым бас жағын. /тымақ/
3.
Іші егіс, сырты тегіс. /тон/
4.
Аузы бір құбыр. /шалбар/
5.
Дөңгелек өзі, төртеу көзі,
Ұстайды
мықтап, тұрғанды сырттан. /түйме/
6.
Әшекейлі күбіні,
Үюлі
тұрған шөмеле,
Кигіздім
биік төбеге. /сәукеле/
Сергіту
сәті: «Қолөнер» сөз жұмбағын шешу.
1.
Дөңгелек шеңбер етіп иілген, киіз үйдің
ең жоғарғы сүйегі? (уық)
2.
Жеңсіз жеңіл киім?
3.
Сәндік үшін білекке тағатын әшекейлі
бұйым?
(Білезік)
4.
Жеті түрлі дәнді - дақылдардан сүт қосып
пісірілген сұйық ас?
(көже)
5.
Сурет салып тоқылған киім?
6.
Нәрестеге арналып жасалған ағаш төсек?
( бесік)
7.
Теріден жасалған, қымыз құятын ыдыс?
(Торсық)
V.
Сабақты қорытындылау:
1.
Оқушылардың
жұмысын тексеріп шығу. Жақсы салынған
суреттерді үлгі етіп көрсетіп, талдау
жасау, бағалау.
2.
Үйге тапсырма: Басқа ұлттық киімдер
туралы мәлімет іздестіру.
Тақырыбы:
Орыс халқының қолөнері -Гжель
Сабақтың
мақсаты: Гжель
өнері туралы толық мағлұмат алу,
ерекшеліктерінің мәнін түсіну, эстетикалық
талғамды арттырып, мәдени дүниетанымды
кеңейту, өнерге бет бұру.
Міндеттері:
Гжель өнерінің қыр-сырларымен таныса
отырып, оның басты принциптерін білуге,
өрнектерін салуда ізденімпаздық,
талғампаздық, шығармашылық, іскерлік,
шапшаңдық қабілеттерді жаттықтырып,
дамыту.
Нәтижесі:
Оқушылардың өнерге деген қызығушылықтары,
белсенділіктері, эстетикалық талғамдары
артып, өнерді жоғары бағалауға, өнер
туындыларын қадірлеуге көз қарастары
артады, таным қабілеттері кеңейеді.
Сабақтың
барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі:әр
түрлі өсімдіктердің гүлдері арқылы 3
топқа бөлу, топтарды ережемен таныстыру,
бағалау парағымен және оның критерийлерімен
таныстыру.
ІІ.
Жаңа тақырыпты және мағынаны ашу.
Мұғалім
сөзі:Балалар, енді назарларыңызды
интербелсенді тақтаға аударыңыздар.Мұнда
сөзжұмбақ жазылған, соның дұрыс жауабын
табайық:
Сөзжұмбақ шешу ( Оқушылар сөзжұмбақтың
негізгі сөзі –кілті «Гжель» арқылы
жаңа тақырыпты анықтайды)
Кластер арқылы жаңа сабақты, өнердің
шығу тарихын және қазақ халқының
күзешілік қолөнерімен ұқсастығын
түсіндіру.
Гжель өнерінің негізгі элементтері.
Гжель өнерінің салу тәсілдерін слайд
арқылы көрсету
Топтық жұмыс орындау: №1 тапсырма
1-
топ: Бұлбұл құстың бейнесін өрнектеп
салып, түспен бояу;
2-
топ: Гүл бейнелі өрнек салып, түспен
бояу;
3-
топ: Әтеш бейнесін өрнектеп салып, түспен
бояу.
ІІІ.
Шығармашылық жұмыс :
Гжель элементтерін пайдаланып, ыдыстардың
сыртын әшекейлеу: (Жәй әуен ойнап
тұрады)
1-
топ: Табақ 2-топ: Құмыра; 3-топ:Тақтайша
(
Топ бойынша формативті бағалау)
Ү.Жаңа
сабақты Венн диаграммасымен пысықтау.
( Оқушылар орыс және қазақ халықтарының
қолөнерінің ортақ ұқсастықтарын
салыстырады: қыштан жасалады, өсімдік
өрнегін қолданады, күзешілік өнер,
формалары ықшамдалған, көне дәуірден
келе жатқан қолөнері )
ІҮ.
Қорытындылау:
1.
Оқушыларды бағалау.
2.
Үйге тапсырма: гжель ыдыстарының форматта
орындау.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген