жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ. №7 Бөбекжай балабақшасы
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.
Бөлімі: Қоршаған ортамен
таныстыру
Тақырыбы: Үйдегі және балабақшадағы
қауіпсіздік
Мақсаты: балаларға үйдегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру, қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлар мен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету,қауіпсіздік шаралары туралы білімдерін кеңейту,өз жеке басының қауіпсіздігін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.
Қолданатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: қауіпті жағдайлар туралы суреттер ойыншық немесе құрал-саймандар (балға, балта, шеге, қайшы)дәрілік, ұшы өткір, сіріңкет.б. заттар, слайд, үлестірмелі материалдар
Сөздік жұмыс:қауіп, қауіпсіздік.
Билингвальді компонент:қауіпсіздік ережелері – правила безопасности, қайшы-ножницы-скисорс, сіріңке-спички- матчс, ине-иголка-нидлс, от–огонь, пышақ-нож, балта – топор
Іс-әрекет кезеңдері
Ұйымдастыру-іздестеру - Балалар, бүгін бізге қонақтар келген екен. Бәріміз алдымен қонақтармен амандасайық.
Білер қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен,
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
Шаттық шеңбері;
Балалар бүгінгі оқу қызметімді сұрақ қою арқылы бастағым келіп отыр.
- Айтыңдаршы топ ішінде жүгіруге болама?
-Неге жүгіруге болмайды?
-Үстел үстіне, терезе алдына,шығуға болама?
Неге шығуға болмайды?
-Есікпен ойнауға болама?
-Не үшін болмайды?
-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Құлап немесе қолымызды есікке қысып жарақаттанбау үшін, біз қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз керек.
-Ендеше бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы:
«Балабақшағыжәнеүйдегіқауіпсіздік»
«Қауіпсіздік» дегеніміз балалар, өзіңді қорғау және сақтау дегенді білдіреді.
1.Қай ертегі кейіпкері үлкендердің ұрықсатынсыз терезеден орманға жалғыз кетеді? (Бауырсақ)
2. Ал мына ертегіде анасы орманға кеткенде,есікті басқа аңға ашып,кейіпкерлерін қасқыр жеп қояды. (Жеті лақ ертегісі)
3. Келесі кейіпкеріміз жалғыз орманға шығып, қасқырға әжесінің үйін қайда екенін айтқан үшін қауіпті жағдайға ұшырайды,ол кім? (қызылтелпек)
- Ия балалар бұл кейіпкерлер нені сақтаған жоқ?
- Дұрыс қауіпсіздік ережесін сақтаған жоқ.
-Балалар тақтаға назар аударайықшы суреттермен тілдесейік.
Бұл суреттегі заттар біздің үйдегі күнделікті пайдаланып жүрген құралдарымыз.
Пышақ балалар күнделікті өмірде пайдаланамыз тамақтарды кесуге, пышақты дұрыс қолданбасақ ол өте оңайзиян қолымызды кесіп алуымыз мүмкін.
Электр аспаптарымен болыңыз әсте сіз абай
Әйтпесе мынадай оқиға болады.
Жүргізуші:Жиналды үйі мысықтың.
(Үйшіктің алдында- қайшыны балалар біз матаны, қағазды қиюға пайдаланамыз, оны дұрыс қолдан басақ қолымызды кесіп алуымыз мүмкін,ол өте қауіпті
- балғаны біз екі нарсені біріктіру үшін пайдаланамыз, оны да дұрыс қолданбасақ қолымызды ұрып алуымыз мүмкін.
- дәрі дәрмекті балалар ата-аналарымыздың рұқсатынсыз ұстауға болмайды.
-сіріңкені біз тамақ пісіруге, үйді жылытуға пайдаланамыз оны балалар ұстауға болмайды қолымызды күйдіріп алуымыз ,өрт қаупін тудыруымыз мүмкін.
- үтікті біз үлкендердің көмегінсіз қолданбауымыз керек, үтіктің тоғын тықпаумыз керек ол өте ыстық болады. Ол да өте қауіпті балалар.
- Бұл құралдар қайда тұру керек?
- Ия дұрыс айтасындар, әрқайсысы өз орындарында тұру керек.
Осы кезде топқа Сақтаныш келеді.
Балалар менің атым-Сақтаныш. Мен балабақшада қатты жүгіріп, қолымды жарақаттап алдым.
-Балалар, біз Сақтанышқа қауіпсіздік ережелерін түсіндірейік.
Балалар қауіпсіздік туралы кім тақпақ біледі,кәне Бекзат айтып жіберші; Үтікпен киім басарда,
Сақтық керек оғанда.
Мұхият бол қашанда,
Үйде өзің қалғанда.
Ерназар; От пен бала ойнама,
Өртеніп кетер айнала.
Өрт тілсіз жау біліп қой,
Қызық деп оны ойлама.
Тәрбиеші:Балалар енді назарымызды экранға аударайық.(суреттер бойынша сөйлесу)
Тәрбиеші:Енді балалар мында қарандаршы мында бір сиқырлы қорапша тұр оның үшінде не бар екенің жұмбақтарды шешсек қана көреміз.
Жұмбақтар:
Қызып кетсе табаны
Бар жалғыз ақ алаңы
Бар жалғыз ақ шатағы
Іздей
бастар матаны (Үтік)
Жылмаң жылмаң етеді
Жылмандап матадан өтеді
Із міз
тастап кетеді (Ине)
Өткір жүзді келеді
Өте қажет құрал ол
Тұтас затты бөледі
Ұсақтап
та турар мол (пышақ)
Кішкене ғана теміршек
Төбесінде түйіншек (шеге)
Елу тентек тып тыныш
Бір сарайда жатады
Тысқа шықса біреуі
Жарқ етіп от жүгіредішашады (сіріңке)
(Мысық көзі алақтай қолың сермеп онды солды жүгіреді).
Тауық:Мысықтың үйі жанды деп су құяды асығып.
Мысық:Ұшыратпай қайғыға көмектесер қашанда
Көмек қолын созатын ,
Өрт сөндірушілерге мың алғыс!
2 өрт сөндіруші:Еңбегіміз еш етпей
Өртті жақсы сөндірдік
(Марш
музыкасымен
Қос таяқ
Бастары дөңгелек
Тұтасты
Кеседі бөлек бөлек (қайшы)
Тәрбиеші:Жақсы балалар жәшіктің ішінде не бар екенің көрдік,енді осы заттармен бір ойын ойнаймыз.Бұл заттардың барлығын үйде қолданамыз.
Д.ойын: «Жақсы, жаман».
Балалар:
Үтік - жақсы өйткені онымен киімдерді үтіктейді,ал жаман қолымызды күйдіріп алсақ.
Қайшы- жақсы онымен әр түрлі заттарды қияды,жаман дұрыс қолданбасан қолынды көзінді жарақаттап аласың.
Сіріңке -жақсы онымен от жағамыз,ал жаман өрт шығуы мүмкін .
Пышақ-жақсы онымен әр түрлі заттарды тураймыз,ал жаман абай болмасақ қолымызды кесіп аламыз.
Шеге-жақсы екі затты біріктіреді ,шеге жаман абай болмасаң денені жарақаттайды.
Ине-жақсы онымен киім тігеді ,жаман қолымызға кіріп кетуі мүмкін.
Тәрбиеші:Сонымен балалар осы заттармен үйде абай болу керек,үлкендердің рұқсатынсыз тиісуге болмайды.
Сақтаныш:балалар тағы қандай үйдегі ережелерді мен білуім керек?
Тәрбиеші:Жақсы балалар енді біз Сақтанышқа үйде қандай ережелерді ұстау керектігін айтып берейік,келіңдер шеңберге тұрайық.
(Балалар жауап береді кезекпен)
Үйдегі ережелер:
1.Тамақ ішкенде сөйлеуге болмайды,қақалып қаласың.
2.Биік орындыққа ,шкафқа ,терезенің үстіне шығуға болмайды,құлап қаласың.
3.Есікпен ойнауға болмайды,қолынды қысып аласын.
4.Қайшыны ұқыпты пайдалану керек,қолыңды кесіп аласын.
5.Розеткаға әр түрлі заттарды тығуға болмайды,тоқ ұрады.
6.Танымайтын адамға есік ашуға
7.Үйде жүгіруге болмайды,құлап қаласың.
Сақтаныш:Жақсы балалар енді үйде жүгірмейтін боламын,сендер айтқан қауіпсіздік кеңестеріңді есте сақтап орындап жүретін боламын.
Жүргізуші:Енді балалар келесі тапсырмамыз «Болады, болмайды» ойыны мына үстелдің үстінде қызыл, жасыл белгілер тұр.Мен сендерге сұрақтар қоямын ұстауға болатын заттар болса жасыл белгіні,ұстауға болмайтын заттар болса қызыл белгіні көтересіңдер.
Д.ойын: «Болады,болмайды».
1.Өрт болғанда 101 нөміріне қоңырау салуға?-болады.(жасыл)
2.Жанып тұрған сіріңкені тастауға ?-болмайды(қызыл)
3.Өрт шыққан жерде қалуға?-болмайды.(қызыл)
4.Өрт кезінде шкаф үшіне тығылуға ?болмайды(қызыл)
-неге?
-өрт сөндірушілер таба алмайды.
5.Бос шәйнекті тоққа қосуға ?- болмайды.(қызыл)
6.Ауырғанда емделуге кез келген дәріні ішуге болмайды(қызыл)
7.Көршілерден көмек сұрауға ?болады(жасыл)
Өте дұрыс сендер қауіпсіздік туралы жақсы түсініп келесіңдер.
Сергіту сәті;
Балалар көз алдарыңа елестетіңдер, сендер үйде жалғыз отырсыңдар. Танымайтын бір адам есікті қағып, ашуды өтінді.
Сендер не айтасыңдар?
-Анам үйде жоқ, қазір келеді.(балалар)
-Есікті ашып, әйелді кіргіземін, үндемей отырамын. (балалар)
-Қайсы жауап дұрыс деп ойлайсыңдар?
Ойын « Қай машина қандай көмекке бара жатыр»
Соңы; «От пен бала ойнама» әні.
Жүргізуші:Сонымен балалар үтікті сөндірмей қалдыруға болмайды екен,розеткадан алып тастап басқа жұмыстарды істеу керек.
-Сонымен балалар отты немен сөндіруге болады? -Су мен кұммен.
-Өртті кім сөндіреді?- Өрт сөндірушілер.
-Өрт сөндірушілер өрттің болғандығын қайдан біледі?-оларға телефонмен қоңырау салып қай жерде өрт болып жатқандығын айтады
-Егер өрт болса қандай нөмірге хабарласу керек?-01
-Өрт неден туындауы мүмкін ?-сіріңкемен ойнаудан ,бензиннен,майшамнан,электр аспаптарын қараусыз қалдырғаннан.
-өрт несімен қауіпті?өрт кезіңде киімдер,пәтер жанадыы бірақ ең бастысы адамдар өлуі мүмкін.
Жүргізуші:Жақсы енді от туралы кім мақал біледі.
Балалар:
-
От пен ойнама күйесің .
Сіріңке кішкентай ғана ,ал оның оты үлкен.
-
От су емес,жүзіп шықпайсың
4 Отсыз түтін жоқ ,түтінсіз от жоқ.
Жүргізуші:Жақсы ал енді орнымыздан тұрып майшам жасайық.Денемізді қозғаймыз ол майшам,ал қолдарымыз от,жоғары көтереміз,оңға солға қозғаймыз.
Жүргізуші:Жақсы балалар мына үстелде қарандаршы көптеген сандар жатыр олар неге байланысты екенің бізге айтып беріңдер және тақтада ілініп тұрған машинаға апарып қоямыз.
1.Егер өрт болса қай нөмірге звондаймыз?101
2.Егер пәтерге бөтен адам кіруге ұмтылса ,қатты тарсылдатса?102
3.Егер біреудің сенің денсаулығын нашарласа?103
4.Егер газдың иісін сезсендер?104
Жүргізуші:Жақсы балалар біз Қауіпсіздік елінің барлық тапсырмаларын орындадық.
Дымбілмес:Рахмет балалар сендерге мен енді үйде өзімді қалай ұстауым керектігін білемін,ережелерді ұмытпаймын,менің кететін уақытым болды.
Жүргізуші:Енді біз қауіп төнген жағдайда ,біз өзімізді қалай ұстауымыз керектігі туралы ережені білетін боламыз.Осымен сабақ аяқталды,топқа ораламыз.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: қиын жағдайлардан
шығудың дұрыс жолдарын іздейді, өзіне-өзі көмек беру дағдысын
түсінеді.
Түсінеді: қоршаған ортаға
бейімделу және әрқашан қауіпсіздік ережелерін сақтау
керектігін.
Қолданады: тиісті орындарда
қауіпсіздік ережелерін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген