400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 7 саны және цифры

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ 7 саны және цифры. Мақсаты: Балаларға 7 санымен, цифрымен таныстыру. 7 саны құрамын анықтату
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Математика негіздері

Тақырыбы: 7 саны және цифры. Апта күндері

Мақсаты: Балаларға 7 санымен, цифрымен таныстыру. 7 саныны, құрамын анықтату, тура және кері санауға үйрету, өрнек құра білуге үйрету. Апта күндері туралы түсінік беру. Балалардың ой-өрісін дамыту.

Көрнекіліктер:

Әдіс-тәсілдер: Ой қозғау, әңгімелеу, логикалық ойын дамыту, сұрақ - жауап, көрсету, санау, қайталау, ойын, сергіту сәті.

Шаттық шебері:

Күннің көзі ашылып, Көкке шуақ шашылып.
Құтты қонақ келіпті, Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге, Тәрбиенің басы ғой,
Ал, қанекей бәріміз, Сәлем делік үлкенге!
Сәлеметсіздерме, қонақтар !

Балалар барлығымыз мына ерекше гүлге назар аударайықшы.

Жай гүлден қандай айырмашылығы бар?

- Қанша желектері бар?

- Оны қалай атар едіңдер?

- Бұл гүл қай ертегіде бар?

- «Жеті түсті гүл» ертегіде.

Жеті түсті гүл ертегісінде қыздың барлық тілегін орындаған болатын. Біздің тілегімізді орындай ала ма екен?

- Біз не істей аламыз?

- Қыз гүлге қандай сөз айтады, кәне есімізге түсірейік.

Ұшшы, ұшшы жапырақ

Батыс, шығыс арқылы

Солтүстік пен оңтүстік

Шеңбер жасап кері қайт

Жерді жайлап басқаның

Болсын менің айтқаным.

1 тапсырма. Cұрақ белгісі

Гүлдің көгілдір түсті күлте жапырағында ненің суреті бейнеленген?

Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

- Кім атап, көрсетіп береді?

- Ал қазір жылдың қай мезгіл?

- Күз мезгілінде неше ай?

- Күз айларын кім атап береді?

- Қазір қай ай?

Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

7 саны және 7 қазына туралы түсінік беру.

7 саны өте киелі сан, мысалы 7апта,7 қазына 7 ата.

Кемпірқосақта неше түстен тұрады? Қандай түстер?

7санынан тұратын нені білесіңдер?

-7аптаны кім маған атап береді?

-7 атаны кім біледі?



Балалар бірінші тілегін орындадық, енді, гүлдің тағы бір желегін жұламыз.

Ұшшы, ұшшы жапырақ

Батыс, шығыс арқылы

Солтүстік пен оңтүстік

Шеңбер жасап кері қайт

Жерді жайлап басқаның

Болсын менің айтқаным.

2 тапсырма

Ағаш пен сандар.

Бұл желекте есеп шығар дейді.

Есеп қандай бөліктерден тұрады?

- Бұл не?

- Қандай ағаш?

- Алма ағашында не өсіп тұр?

- Қанша алма өсіп тұр? (Бір бала ортаға шығып санайды)

Кері санау

Есептің шешуін мұқият тыңдаймыз.

Алма ағашында жеті алма өсіп тұрды, жел соғып екеуі түсіп қалды. Қанша алма қалды?

Барлығы қанша алма?

Қанша алма түсіп қалды?

Қанша алма қалды?

Жауабы қанша алма қалды?

Бұл тапсырмасын орындадық кім 3-ші желекті жұлып, сөзін айтып берем дейді.

3 тапсырма

7 санын калай жазуын үйрену

1 топ резинкамен

2 топ таяқшалармен жазып көрсетеді.

Бұл тапсырманы орындадық гүлдің үшінші желегінің тілегін орындадық. Кім 4 желекті жұлып, сөзін айтып береді.

4 тапсырма

Жеке баламен жұмыс.7 санын жазу.

Келесі желек

5 тапсырма

Сергіту сәті

Гүлдін 5-ші желегін орындадық. Келесі желекте.

6 тапсырма

Логикалық есептер

Мысалы: Бір нәрсе сұрағанда, жұмбақ шешкенде. Ал қазір менің сұрақтарыма кім тез жауап береді.

1. Қонжық біреу, табаны нешеу?

2. Екі қоянда құлақ қанша?

3. Суға 3 торғай қонды. Біреуі ұшып кетті.

Қанша торғай қалды?

4. Оң қолымда үш алма,сол қолымда 2алма барлығын қосканда неше алма?

5 отбасымда менің,анам әкем

Атам менен әжем және мен

Отбасында нешеуміз

Отбасында.....

6.Аспанда неше күн бар? (Бір)
7. Бағдаршамда неше көз бар? (үш)
8.  Бір қолда неше саусақ бар? (Бес)
9.  Бір жылда неше мезгіл бар? (төрт)

Жарайсындар балалар,бұл тапсырманыда өте жақсы орындадыңдар.

7-ші тапсырма

Пішіндер

Пішіндерден қандай заттарды құрастыруга болады екен көрейік.

Балалар бүгінгі оқу іс әрекетінде көңіл күйлерін қандай болды?

- Сендерге ұнады ма?

- Қандай санмен таныстық ?

Кім маған жетіге дейін санап береді?

- Енді жеті түсті гүл балаларға алғыс айтқысы келген екен, оқып көрейік.

Гүлдің ортасындағы шеңберді алып, артынан әріптерді алып көрейік не деп жазылған екен.

«Жарайсыңдар!»

Бүгінгі оқу іс әрекеті аяқталып қалды, мен де сендерге алғыс айтамын «Бәрін бүгін жақсы қатысқан үшін және тапсырмаларды жақсы орындаған үшін жарайсыңдар деп айтамын.

Біз ақылды баламыз

Айтқан тілді аламыз

Бізге келген қонаққа

Тек жақсылық тілейміз.


































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 наурыз
499
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі