Тақырыбы: 7 саны мен цифры
(математика сабағы)
Орындағандар: Жолдугулова
Ж.Ж.
Көкпекті ауданы
2020жыл
Сабақтың тақырыбы: 7 саны мен цифры
Сабақтың мақсаты: Білімділік:
7 саны мен цифрларының
құрлымымен
таныстыру.
Дамытушылық: Логикалық ойлау, есте
сақтау
қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелік: Тапқырлыққа, алғырлыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: 7 лақ, қасқыр, 7 саны мен
цифры
Түрі:
Аралас
сабақ
Әдісі:
Көрнекілік, түсіндіру, сұрақ- жауап
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру:
Гүл шоғын ұсыну арқылы бір-
бірлеріне жылы лебізін білдіру.
ІІ Өткен сабақты еске түсіру.
1 ден 6 ға дейінгі сандарды тура және кері
санату.
«Жоқ санды
тап»
ІІІ Жаңа сабақ мазмұны:
«7 лақ» ертегісімен таныстыру.
Балалар бүгін біз сабақта
ешкіге көмектесіп, қасқырдан лақтарын құткарып берейік. Қане
балалар ешкіге көмектесемізбе?
1
тапсырма: Балалар ешкінің неше лағы бар
екен.
Ендеше біздің өтетін
сабағымыздың тақырыбы 7 саны мен цифры
7 саны пайда болуына байланысты есептер
шығару.
7 санының танбасымен таныстыру
7 цифры неге ұқсайды. (шалғыға)
«Жетілік »- өткір шалғы ғой
Шалғыңды алда ора
ғой.
Жарайсыңдар балалар ешкінің бір лағын
құтқардыңдар
2
тапсырма:
7 санының қасиеті туралы кім
біледі? Осы санға байланысты 7 атаны,
7 қазына, аптаның 7 күнін кім
айтады.
7 ата: Ата, баба, әке, немере,
шөбере,
шөпшек, немене.
7- қазына : Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл- білім,
берен мылтық, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт.
Апта күндері: Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі,
бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Жарайсыңдар балалар ешкінің екінші лағын
құтқардыңдар.
3
тапсырма:
Дәптермен жұмыс:
7 санының жазылу жолдарын көрсету.
Ауада жазу.
Жарайсыңдар балалар ешкінің үшінші лағын
құтқардыңдар:
Сергіру сәті: Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп- кішкентай ағаштар,
Биік болып өседі.
4
тапсырма: Жұмбақ есептер
шығару.
а) Қарға жаңбыр жауып тұрғанда қандай ағашқа
отырады? (су ағашқа)
ә) Бес бұтақты қайыңда
Бұтақ сайын бес алма
Біреуін бер сайынға
Сонда қалмақ неше алма? ( Қайыңда алма
өспейді)
б) Қанат қақпай төбемізде тұратын не? (
шыбын)
5
тапсырма: Өз бетімен
жұмыс
Жарайсыңдар ешкінің бесінші лағын
құтқардындар
6 тапсырма:
«Көрші- қөрші
ойыны»
7 тапсырма: Мына суреттен жеті
айырмашылықты табыңдар?
Жарайсыңдар балалар міне сендердін білімдерін
арқылы ешкінің лақтарын қаскырдан кұткардық.
Қорытынды:
Бүгін біз қандай санмен таныстық?
Ешкінің баласының саны қанша?
Ешкінің төлін қалай
атаймыз?