400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: "7 санын қосу, азайту тәсілдері"

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Оқушыларға 7 санының құрамын еске түсіре отырып, 7 санын қосу, азайту тәсілдерін түсіндіру. 2. Ертегіні зейін қоя тыңдауға, ұшқыр ойлап, тез жауап беруге тәрбиелеу. 3. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: 7 санын қосу, азайту тәсілдері.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға 7 санының құрамын еске түсіре отырып, 7 санын қосу, азайту тәсілдерін түсіндіру.

  2. Ертегіні зейін қоя тыңдауға, ұшқыр ойлап, тез жауап беруге тәрбиелеу.

  3. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау-жинақтау, қызығушылығын ояту.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, еңбек, дүниетану.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылармен амандасып, сабаққа бейімдеу.

Қызығушылығын ояту.

  • Балалар, бүгінгі сабағымыз күндегі сабағымыздан өзгеше. Өйткені, бүгін біздер ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Ертегі тыңдауға қалай қарайсыңдар ?

  • Иә, тыңдаймыз.

  • Бүгінгі сабағымыз бастан-аяғына дейін «Жеті лақ» ертегісіне арналады.

Ерте, ерте ертеде. Ешкі жүні бөртеде, бір ешкі мен оның 7 лағы өмір сүріпті. Ешкі күнде үйінен, жем іздеп кетеді екен. Кетер кезде үнемі лақтарына:

  • Лақтарым, шырақтарым ! Шұнақтарым, құлақтарым ! Егер қасқыр келіп, есікті қақса, ашпаңдар, - дейді.

Сөйтіп, күнде ешкінің жем іздеп кететін кезін аңдып жүріп, бір күні қасқыр есік қағады.

Лақтар есікті ашып, қасқыр лақтарды ұрлап кетеді. (Лақтарды жасыру)

  • Ешкі лақтарын іздеп жүрген көрінеді. Енді біз ешкіге көмектесейік.

Қасқыр болды қауіпті.

Лақтарды қамап қойыпты.

Қасқыр үлкен пакет беріп жіберіпті. Ішінде хат бар, неше лақ болса, сонша тапсырма бар. Егер осыларды орындасақ, бір-бірлеп жемей қоя береді. Ал орындай алмасақ, лақтар қасқырға жем болады. Қасқырдың тапсырмасын орындаймыз ба ?

  • Иә, орындаймыз.

ІІ. Дайындық кезеңі.

1 – тапсырма.

Суреттер бойынша өрнектер құрастыр.

ІІІ. Жаңа сабақ.

2-тапсырма. Математикалық диктант.

Қосылғыштардың бірі 7 болатын қосынды жазу, мәнін табу.


3-тапсырма.

Азайғышы 7 болатын айырмаларды жазу және мәнін табу.


4-тапсырма.

Ойын «Кім тез есептейді ?»


5-тапсырма.

7см, 9см, 3см


6-тапсырма.

Суреттер бойынша теңсіздіктер құрастыру.


7-тапсырма.

Кітаппен жұмыс. Есеп құрастыру.


8-тапсырма.

Математикалық тест.


  • Міне лақтарды аман-есен анасына тапсырдық.



ІV. Бекіту.

  • Сонымен, 7 тапсырманы орындап, неше лақты құтқардық ?

  • 7 лақты.


V. Бағалау.

VІ. Үйге тапсырма.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қараша
409
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі