жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "7 санын қосу және азайту "
Ақтөбе облысы
Мұғалжар ауданы
Құмжарған орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Алдабергенова Мансия Каймуллиновна
Математика сабағы
Сабақтың тақырыбы: 7 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға7 санын қосу және азайтуды үйрету. Қосу
және азайту компоненттерін, кесінділерді салыстыру, есеп
құрастырып шығару дағдыларын тереңдету
2. Оқушылардың логикалық ойларын дамыту,математикалық тілмен
сөйлеуге машықтандыру.
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа баулу.
Типі: дәстүрлі
Түрі: іскерлік ойын сабағы.
Пән аралық байланыс: ана тілі, дүниетану
Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру, көрсету,
Техникалық құрал: компьютер, интерактивті тақта,
Сабақтың өту барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2 Психологиялық дайындық
3. Қызығушылығын ояту (пысықтау.)
4. Жаңа сабақ. 7 санын қосу және азайту
5,“Кім тапқыр?”ойыны №1
6“Кім тез?”ойыны №2
7.Сергіту сәті
8“Ой қозғау”№3 Есеп құрастыр және шығар
Оқулықпен жұмыс №4
10. “Кім шапшаң?” Ауызша
11. Өзіндік жұмыс №5
11. “Кел, ойнайық!”
12.. Сабақты бекіту
13.Оқушыларды мадақтау, бағалау
Сабақтың барысы: Психологикалық дайындық 5-слайд
Ой сананы арттыру
Бүгінгі күн талабы
Біле білсең бұл дәуір
Математика заманы
6-слайд Өткен сабақтарда алған білімдеріміздіпысықтаймыз
Қалқанқұлақ тапсырмасы:
-Кесіндіні немен өлшейміз?
-Қосудың компоненттерін ата.
-Азайтудың компоненттерін ата.
-Азайтуды қалай тексереді?
-Қосудың қандай қасиеті бар?
-Маратта бар 5 іні, Асанда бар 2 іні ,
қоссақ 5 пен 2-ні неше болды шешуі?
7-слайд: 7 саны туралы не білеміз?
7 тақ сан
2 мен 5- тің қосындысы
7- киелі сан
7 ата 7 жоқ 7 жұт
7 қазына
8-слайд –Олай болса бүгінгі жаңа сабағымыз «7 санын қосу және азайту»
Жұмбақ шешу Жаңылмастан жетеуі,
Кезек қызмет етеді (Аптаның 7 күні)
Балалар,Апта деген ағайдың 7 бірдей ұлы бар екен.
Бүгінгі сабақта апта ағайдың ұлдарының тапсырмасын орындаймыз.
9-слайд Бірінші ұлы- Дүйсенбі: «Кім тапқыш?»№1тапсырма
Қосылғыштарының бірі 7 болатын қосындылар құр және мәндерін тап.
Азайғышы 7 болатын айырмалар құр және мәндерін тап.
1+7 3+7 7-7 7-1 7-2 7-3
2+7 0+7 7-0 7-4 7-5 7-6
10-слайд Екінші ұлы: “Кім тез?” № 2 тапсырма
Кесінділерді өлшеп, қоысындыларын және айырмаларын табамыз.
-Балалар көк кесіндіні өлшейміз 9 см.Қызыл кесінді 7см.Екеуінің айырмасын неше?9-7=2 Қызыл кесінді 2см кем.
-Енді балалар жасыл кесінді мен қызыл кесінділердің ұзындықтарының қосындысымен салыстырамыз. Ал қызыл кесінді 7см жасыл кесінді 3см.Екеуінің қосындысы 10-ға тең.
Олай болатын болса жазамыз.
9
см –
7 см = 2 см
7
см+3см=10см
2см <10см
11-слайд Сергіту сәті
Секіреміз топ – топ
Шапалақтап көп –көп
Иілеміз оңға қарай 1, 2, 3
Иілеміз солға қарай 1, 2, 3
12-слайд Ой қозғау Үшінші ұлы-Сәрсенбі № 3 тапсырма
Үлкен қасық – 10 ? артық
Кіші қасық – 7
10- 7= 3
Жауабы: 3- еуі артық
13-слайдТөртінші ұлы
Бейсенбі №4 Оқулықпен жұмыс
№ 4 тапсырма
9-3 9-4
Азайғыштарды салыстыр.
Азайтқыштарды салыстыр.
Осыған ұқсас тағы бірнеше айырма жаз.
Олардың мәндерін салыстыр.
Не байқадың?
14-слайд Бесінші ұлы-Жұма Ой толғаныс “Кім шапшаң?”
Зообақта болғанда
Құмда ойнаған үшеуін,
Әткеншек тепкен екеуін,
Арқаларын қыздырып
Отырған тағы үшеуін
Көріп қалып, санадым.
Қанша маймыл байқадым?
Жауабы: 3+2+3=8 маймыл
15-слайд Алтыншы ұлы Сенбі Өзіндік жұмыс № 5 Салыстыру (= < >)
10-6*3 +5 8-7* 4+4 4+5* 7-7
1+7* 9-2 2+7* 6-1 8-3 *7+0
16-cлайд Ғарышкерлер туралы түсініктер беру 12 сәуір

Юрий Тоқтар Талгат Айдын
Гагарин Әубәкіров Мусабаев Аимбетов
17-слайд жетінші ұлы
жексенбі «Кел, ойнайық!»

2+5 10-7 7+1 2+7
9-4 6-1 6+2
18-слайд -Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс
-Қазір қандай ай?
- Ақпан.
-Санаулы күннен кейін қай мезгіл келеді?
- Көктем.
- Қандай ай?
- Наурыз
-Олай болса,бүгін өткен 7 санымен 1 дің қосындысы 8 болады.
8 наурыз кандай мереке? 22 наурыз
Көктем мезгілі қай заманда да жаңалық пен тазалықтың жаршысы.
Әдетте, тазалық айында қала, ауыл көшелері қыстағы күл-қоқыстан тазарып қана қоймай, жас теректермен де толықтырылып жүр.
Олай болса бүгінгі сабағымыздың соңында
ағаш отырғызуға өз үлесімізді қосайық.
19-слайд 10 ағашты үш қатарға төрт-төрттен отырғызуға бола ма ?
![]()
![]()
![]()
Сабақты қорытындылау: Не үйрендік?
Не білдік?
7 саны тақ сан,
1 таңбалы сан,
7 бірліктен тұрады
20-слайд Оқушыларды бағалау, мадақтау
Қалқанқұлақ тапсырмасы
-
Санды немен белгілейміз (цифрмен)
-
Кесіндіні– Балалар бүгін біздің сабағымызда көптеген қонақтар келіп отыр. Сол кісілермен амандасып қояйық.
Өткен сабақтарда алған білімдерімізді пысықтаймыз.2-СЛАЙД
– Санды немен белгілейміз ? (цифрмен)
– Цифрды біз не істейміз? (көреміз, жазамыз)
– Кесіндіні немен өлшейміз? (см)
-Жұп сандарды ата?
– Тақ сандарды ата?
– Қосудың компоненттерін ата?
– Азайтудың компоненттерін ата?
– Қосудың ауыстырымдылық қасиеті жайлы не білесің?
-Маратта бар 5 іні,Мұратта бар 2 іні қоссақ 5 пен 2 –ні неше болды шешуі?7
-Олай, болса бүгінгі жаңа сабағымыз «7 санын қосу,азайту»3-Слайд
-Балалар сендер қазір неше жастасыңдар?7
7 артына 0 санын қойсақ қандай сан шығады?Ұлы Жеңіске 70 жыл.
Ерте замандардан бері Жер бетін мекендеп келе жатқан халықтардың көпшілігі жеті санында сиқырлы күш бар деп санаған. Оны кие тұтып, қастерлеген небір ұлттар да болды. Соның бірі – қазақ халқы. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелерін жеті санымен атап, ата заңдарына, салт-дәстүріне арқау етіп келген.
Онда «Сиқырлы сандыққа» назар аударайық. 4-Слайд
Әже туралы айту. 5-слайд
1-сандық
Қазақ халқында және де басқа мұсылман халықтарында жұма күні ”Қасиетті күн” болып есептелінеді. Бұл күні әр отбасындағы әжелер, аналарымыз “жеті шелпек” пісіріп таратады. Шелпек алған адам “ қабыл болсын!”деп тілегін айтады. Шелпек таратқан адам “Әумин!” деп тілегін қабыл алады. Жұма күні қайтыс болған туыстарына арнап құран бағыштайды
7+1=8 7+2=9 7+3=10
1+7=8 2+7=9 3+7=10
6-слайд
7-1=6 7-2=5 7-3=4 7-4=3
7-5=2 7-6=1 7-7=0 7-0=7
2- сандық 7-слайд
Жеті ата. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті.. Олай болса жеті ата: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.
Кесінділерді өлшеп, қосындыларын және айырмаларын табамыз.
– Балалар көк кесіндіні өлшейміз 9 см. Қызыл кесінді 7 см. Екеуінің айырмасы неше. 9 – 7=2 – ге. Қызыл кесінді 2 см кем.
– Енді балалар жасыл кесінді мен қызыл кесінділердің ұзындықтарының қосындысымен салыстырамыз. Ал қызыл кесінді 7 см жасыл кесінді 3 см. Екеуінің қосындысы 10 – ға тең. Олай болатын болса жазамыз.
9см – 7см=2см
7см+3см=10см
2см< 10cм
3- сандық. 8- слайд
Жеті жоқ. 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ. 9- слайд
Үлкен қасық-10 ↓ ? артық
Кіші қасық-7
4-сандық. 10-слайд
Жеті қазына. Ол жөнінде пікір талас көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.
9-3 9-4
Сергіту сәті
5-сандық 11-слайд
Жеті жұт. 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).
Салыстыру
10-6 <3+5 8-7 < 4+4 4+5 > 7-7
1+7 > 9-2 2+7 > 6-1 8-3 < 7+0
6- сандық.12-слайд
Аптаның жеті күні. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Шығармашылық тапсырма
7- сандық.
Кемпірқосақ аспанның бір жағында жаңбыр жауып, бір жағында жарқырап күн шығып тұрған кезде көрінеді. Негізі қызыл, сары, жасыл және көгілдір түстен тұрады. Кемпірқосақ жаңбыр тамшыларына байланысты өзгереді. Мысалы, тамшы үлкен болса, кемпірқосақ анық және үлкен болып көрінеді.
«Кел,ойнайық» ойыны(Ғарышкерлер туралы түсініктер беру 12 сәуір)
2+5 10-7 7+1 2+7
9-4 6-1 6+2
Қорытынды:-Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қыс
-Қазір қандай ай? Ақпан.
-Санаулы күннен кейін қай мезгіл келеді?Көктем.Қандай ай? Наурыз
-Олай болса,бүгін откен 7 санына 1 дің қосындысы 8 болады.
8 наурыз кандай мереке?т.б. 22 наурыз
Көктем мезгілі қай заманда да жаңалық пен тазалықтың жаршысы.
Әдетте, тазалық айында қала көшелері қыстағы күл-қоқыстан тазарып қана қоймай, жас теректермен де толықтырылып жүр.
Олай болса бүгінгі сабағымыздың соңында ағаш отырғызуғ өз үлесімізді қосайық.
10 ағашты үш қатарға төрт-төрттен отырғызуға бола ма?
Не үйрендік?
Не білдік?
7 саны тақ сан,1 таңбалы сан,7 бірліктен тұрады
Жұптық жұмыс.
Сәйкестендіру тесті
Мақсаты: өрнектің мәнін таба отырып,бірін-бір бағалауға үйрету.
1+7-------2 8–7 ----10 3+7-----8
7+2 ------8 7+3----- 9 10-7 ----8
9– 7 ----- 9 2+7 ------1 7+1 ----3
ІV. Ой толғаныс.
1. Логикалық есеп
Мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін шыңдау.
1). Шығырмақ болып кеше есеп,
Жиналды жеті есек.
Үшеуі ұйықтап отырды,
Ынталысы неше есек? (7-3=4)
2). Алтайда бар бес іні,
Елтайда бар екі іні.
Қоссақ бес пен екіні,
Нешеуі болар шешуі? (5+2=7)
3)..Жетіден бірді алайық,
Қанша бала қарайық
Қарайық та санайық
Санайық та табайық. (7-1=6)
Жинақтау кезеңі
(жалпы топ) Сонымен бүгінгі сабақтан біз не үйрендік ,балалар!
Семантикалық картаны толтырып көрейік!
+ 8 9 10
1+7 +
2+7 +
3+7 +
Ендеше бүгінгі өтетін тақырыбымыз 7 санын қосу азайту.
7 санына байланысты қандай көңілді санамақтар білеміз.
Қара мына қызықты
Көсеуді кім ұмытты .
Жеті болам бір тартсаң
Бел ортамнан сызықты.
Каллиграфиялық кезеңі
7 санын тақтаға көрсету.
-Біз өмірде жеті санын қайда, қалай қолданып жүрміз?
-Ертегіде
Кемпірқосақтың түсі жетеу.
1 аптада жеті күн бар.
7- желпек.
7- ата.
Сабақтың тақырыбы 7 санын қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік
Оқушыларға 7 санын қосу және азайту жайында мағлұмат бере отырып, 7 саны қандай қызмет атқаратынын, оны қалай, қай кезде пайдаланатынын, алтыбұрыштың өзіне тән қасиетін түсіндіру;
2. Дамытушылық
Оқушыларға 6 санының құрамы, оларды салыстыру жайында мағлұмат бере отырып, 7 саны қандай қызмет атқаратыны жайында ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік
Оқушыларға 7 санын қосу және азайту жайында түсіндіре отырып, ізденгіштікке, тиянақтылыққа, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі жаңа сабақ
Сабақтың түрі аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, талдау, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі: алмалар, плакаттар, үлестірмелі карточкалар
Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі
Сабақтың болжамдық нәтижесі: Оқушылар 7 санын қосу және азайту жайында
мағлұмат ала отырып, оларды дұрыс пайдалануға
үйренеді.
Сабақтың жоспары:
I Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ Үй тапсырмасын бекіту
1. «Жолаушылар» ойыны
ІІІ Жаңа сабақ
1. Сөзжұмбақ
2. Нобайлау
3. «Кім тапқыр?» ойыны
4. «Тиісті жемісті тап!» ойыны
5. Cергіту сәті
6. Дәптермен жұмыс
7. «Гүл сыйлау» ойыны
ІV Сабақты бекіту
1. Шыңға шығу ойыны
V Бағалау
VІ Үйге тапсырма
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу;
- Сабаққа даярлығын тексеру;
- Назарын сабаққа аудару.
- Балалар, біз «Жеті лақ» ертегісін білеміз бе?
- Ендеше, мен сендерге «Жеті лақ» еретегісін қысқаша баяндап берейін.
Жеті лақ
Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде. Бір ешкінің жет лағы болыпты. Ешкінің үйіндегі азығы бітіп, лақтарына азық әкелуге барады. Ешкі балаларына: «Шырақтарым, қарақтарым, мен қазір сендерге азық әкелуге барамын, ал сендер есікті ешкімге ашпаңдар. Әйтпесе, аш қасқыр келіп, сендерді жеп қояды» - дейді. Ешкінің бұл сөздерін аш қассқыр тыңдап тұрады. (ертегі мұғалімнің айтуы бойынша қысқаша жалғасады)
- Балалар, ендеше біз бүгінгі сабақта ешкінің жеті лағын құтқаруымыз керек. Ол үшін бізге қасқыр шарт қойып отыр.
Қасқыр: «Балалар, сендер мен берген барлық тапсырманы орындасаңдар менсендерге лақтарды қайтарамын. Әр тапсырмамды орандаған сайын 1 лақтан жіберіп отырамын. Егер сендер тапсырманы орындай алмасаңдар, онда мен 1 лақтан жеп отырамын».
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
- Ендеше, балалар жеті лақтың 1-ші лағын құтқарайық. Ол үшін үйден көркем етіп жазып келген дәптерлерінді көрсетіп, берілген сұрақтарға жауап беріңдер.
Оқушылардың үйден жазып келген дәптерлерін тексеру.
- Балалар, біз өткен сабақта немен таныстық?
- 6 санының құрамымен таныстық.
- 6 санына көрші сандарды ата
- Санды немен белгілейміз?
ІІ Үй тапсырмасын бекіту
- Ендеше, балалар жеті лақтың 2-ші лағын құтқарайық.
Ол үшін қасқыр бізге мына жолаушылардың тапсырмаларын орыңдандар дейді.
- Балалар, бізге автобекеттен мына жолаушылар көмек сұрауға келіпті.
Яғни олардың қолында өрнек бар, олар есеп шығара алмағандықтан өз орнын
таба алмай отыр екен. Ендеше өрнектердің мәнін тауып жолаушыларға өз
орнын табуға көмектесейік.
-
Кел, ойнайық!
-
Сергіту сәті.
1,2,3,4,5,6,7 орныңнан тұр
7,6,5,4,3,2,1 орныңа отыр
Қорықпайды күшті аңнан,
Қорқады тек тышқаннан (Піл)




Сабақтың мақсаты: Оқушыларды 7 санын қосу және азайтудың тәсілдерімен таныстыру. Сандар құрамы туралы білімін кеңейту.
Оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру. Есте сақтау қабілеттерін, қосу және азайту амалдарының өзара байланысы негізінде логикалық ойларын дамыту. Топпен, жұппен жұмыс істеуге үйрету,
Оқушыларды ұқыпты, көркем жазуға жетелеу,бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер Ой қозғау, кластер ,СТО,АКТ.
Күтілетін нәтиже 7 санын қосу және азайтуды кестелік жағдайда орындау;
7 санының құрамы туралы түсініктері;
Қосу және азайту амалдарының байланысын білу.
Бағалау Бағдаршам, мадақтау,смайликтер.
Барлығын қосқанда Тренинг,топпен жұмыс,жұптық жұмыс, деңгейлік тапсырма, кері байланыс
Кіріспе Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І. Тренинг: Қуан шаттан,
Қуанатын күн бүгін,
Қайырлы таң, қайырлы күн,
Күліп шықты күн бүгін!
Сәлеметсіздер ме,ұстаздар!
Оқушыларды топқа бөлу.
Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу.
Балаларға әдемі сандықшаны көрсетеді.
-Балалар,мен бүгін мектепке келе жатып жолдан мына сандықшаны тауып алдым.Үстіне хат қойылған екен.Бұл хатта не жазылғанын оқып берейін:
-Сәлеметсіздер ме,балалар?Бұл-сиқырлы сандық ішінде бірнеше заттар бар екен, көргілерің келе ме?
-Олай болса,бүгінгі сабақта белсенділік танытуларың қажет.
Бар білімімізді ортаға салайық. Егер біз хаттағы жұмбақ-есепті шешсек,онда сиқырлы сандық ашылады екен.
Он асықтың үшеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолында қалады? (10-3=7)
Ия,шынымен де сиқырлы сандығымыз ашылды.
Сандықта текше бар екен .
ІІ.Өткен сабақты еске түсіреді.
1.Ауызша есептеу.
Сандықтан сиқырлы текшені аламын.(1)
Оқушыларға сиқырлы текше арқылы ауызша есептету.
10-ға дейін қосу.
2. Ойын: « Қар жауды» (2)
Мақсаты: Жаңа сабақтың тақырыбы 7 санын қосу және азайту екендігін табу.
-Балалар қазір қай мезгіл?
-Қыста не жауады?
Олай болса біз қазір сендермен "Қар жауды” ойынын ойнаймыз.
4+3=7 5+2=7 1+6=7
3+4=7 2+5=7 6+1=7
Балалар,қараңдаршы тақтадағы өрнектердің мәні нешеге тең?
Мұғалім сол арқылы жаңа сабақтың тақырыбын хабарлайды
Олай, болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «7 санын қосу және азайту». Шеңбер құрып,бір-біріне қайырлы күн тілеу.
Геометриялық фигураларды таңдап алып,сәйкесінше өз тобын тауып отырады.
Қыс мезгілі
Қар жауады.
Өрнектердің мәнін табады.
Барлық өрнектің мәні 7-ге тең.
Тұсаукесер Ассоциация: мұғалім тапсырма береді. Оқушылар 7 саны туралы білетіндерін еске түсіреді.
Негізгі бөлім ІІІ. Қызығушылығын ояту.
Мұғалім 7 санының қазақ халқы үшін өте киелі сан екендігі туралы қысқаша мәлімет беріп өтеді.
-Балалар 7 саны туралы не білесіңдер?
Бір аптада 7 күн(дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі, бейсенбі,жұма,сенбі,жексенбі)
7 ата (ата,әке,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат)
7 қазына (ер жігіт,сұлу әйел,жүйрік ат,берен мылтық,құмай тазы,қыран бүркіт,ғылым-білім)
Кеміпқосақтың 7 түсі болады.
7 шелпек-жұма күні отбасымыздың амандығы үшін пісірілетін құдайы тағам. т.б.
ІV. Мағынаны тану.
1.Өткенді еске түсіру, жаңа сабаққа кіріспе.
7 санының құрамы слайдтан орындаймыз.
7 санының құрамы 6 мен 1,1 мен 6-ты,3 мен 4,4 пен3, 2 пен 5,5пен2
2.Көрнекілік әдіс арқылы.
Мақсаты: 7 санын қосу және азайту кестесін құру.
Электронды оқулықтағы 7 санының кестелік қосу және азайту.
Дәптермен жұмыс.
7 санын қосу және азайту кестесін жаз және жатта.
1+7=8 10-7=3 7+1=8
2+7=9 9-7=2 7+2=9
3+7= 10 8-7=1 7+3=10
Жұптық жұмыс. Сәйкестендіру тесті
Мақсаты: өрнектің мәнін таба отырып,бірін-бір бағалауға үйрету.
1+7-------2 8–7 ----10 3+7-----8
7+2 ------8 7+3----- 9 10-7 ----8
9– 7 ----- 9 2+7 ------1 7+1 ----3
Сергіту сәті. Оқушыларды орнынан тұрғызып,өрнектер айтамын,егер өрнектің мәні дұрыс болса,қол шапалақтайды,қате болса аяқтарын тебеді.
2+5=8 (аяқтарымен жерді тепкілейді)
9-3=6 (қолдарын шапалақтайды)
Өз бетінше жұмыс.
Мақсаты:Оқушыға өзін-өзі бағалауды үйрету.
Әр оқушыға екіге бүктеліп өрнек жазылған парақшалар таратылады.Оқушы өрнектің мәнін тауып,қағаздың бүктеуін жазып өзін-өзі тексереді.
3+7 10-5 9-7 9-8
10-0 9-9 8+0 2+7
3+6 2+7 5-0 1+6
Топпен жұмыс
Мақсаты: Есеп шығару дағдысын қалыптастыру.
ІV. Ой толғаныс. 1. Логикалық есеп Мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін шыңдау. 1). Шығырмақ болып кеше есеп, Жиналды жеті есек. Үшеуі ұйықтап отырды, Ынталысы неше есек? (7-3=4)
2). Алтайда бар бес іні,
Елтайда бар екі іні.
Қоссақ бес пен екіні,
Нешеуі болар шешуі? (5+2=7)
3)..Жетіден бірді алайық,
Қанша бала қарайық
Қарайық та санайық
Санайық та табайық. (7-1=6)
Жинақтау кезеңі
(жалпы топ) Сонымен бүгінгі сабақтан біз не үйрендік ,балалар!
Семантикалық картаны толтырып көрейік!
+ 8 9 10 1+7 + 2+7 + 3+7 +
Сабаққа рефлексия жасау (балаларға смайликтер таратылады, балалар смайликтерді тақтаға жапсырады)
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Сабақта қандай қиыншылықтар кездесті?
Қиыншылықты кімнің көмегімен жеңдің?
Қай топтың жауабы сәтті шықты?
Бүгінгі ең үздік топ басшысы деп кімді атар едің?
Қорытынды Мұғалім бекіту сұрақтарын қояды. Оқушылар жеке жауап береді Сабақ соңында кері байланыс жүргізіледі.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген