Ашық сабақ 7 санын қосу және азайту - 1 сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 7 санын қосу және азайту - 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру ұйымының атауы

25 Б.Момышұлы атындағы орта мектеп

Пәні:

Математика

Бөлім:

2А 10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту

Педагогтің аты-жөні:

Жақсыбаева А.К

Күні:

17.11

Сынып: 1 « Ә »

Қатысушылар саны:26

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

41 7 санын қосу және азайту / Отбасы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

1.1.2.3 қосудың ауыстырымдылық қасиетін, 0-дің қасиетін қолдану

1.1.2.4 біртаңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құру, білу және қолдану;

Сабақтың мақсаты:

-қосудың ауыстырымдылық қасиетін, 0-дің қасиетін қолданады;

- біртаңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құру, білу және қолданады.

Құндылықты дарыту

Ынтымақтастық, құрмет

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері:

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

10 мин

Психологиялық дайындық

Қайырлы күн, көздерім!

Ояндыңдар ма? (қабақтарын сипайды).
Қайырлы күн, құлақтарым!

Ояндыңдар ма? (құлақтарын сипайды).
Қайырлы күн, қолдарым!

  • Ояндыңдар ма? (қолдарымен шапалақтайды).
    Қайырлы күн, аяқтарым!

  • Ояндыңдар ма? (аяқпен жерді тебу).
    Қайырлы күн, мұғалім!

  • Біз ояндық!. (Күлімсіреп, мұғалімге қолдарын созады)

ІІ. 6 санын қосу кестесін сұрайды.

6 санын азайту кестесін сұрайды.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Оқушылар психологиялық ахуалын тудыру үшін жаттығу жасау




Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады.

Керемет!

Жарайсыздар!














Слайд 1

Ортасы

25 мин

Жаңа сабақ

1-тапсырма. Есепте және есіңде сақта!

1 Сурет бойынша «неше» сөзін пайдаланып, сұрақтар құрастыр.

Сурет бойынша неше сөзін пайдаланып, сұрақтар құрастыр. –Отбасының неше мүшесі орындықта отыр? –Олар кімдер? –Суретке түсуге тағы неше адам келе жатыр? –Олар кімдер? –Барлығы отбасында неше адам? 7 санын қалай қосуды және азайтуды есіңе түсір. Кестенің қалай құрылғанына назар аудар.

Құндылық: Бірлік пен ынтымақтастық
– Топпен сурет талдау, бірлесіп сұрақ құрастыру арқылы бір-бірімен тіл табысуға, ой бөлісуге үйрету.

7 санымен мысалдардың қалай құрастырылғанына қара. Есептерді шығар.

Қосудың ауыстырымдылық қасиетін пайдаланып, 7

санын және 7 санына қосудың кестелік жағдайларын

қарастырамыз. Сонымен қатар қосуға кері амал

ретінде саннан 7 санын азайтудың кестелік

жағдайларын қарастырамыз. Есептеуді орындайды

2-тапсырма.

2 Сандардың құрамын жаз. Азайтуға мысалдар құрастыр

Сандардың құрамын айт.

8 санының құрамы 7 және қандай сан? (1)

9 санының құрамы 7 және қандай сан? (2)

10 санының құрамы 7 және қандай сан? (3)

Өзің азайтуға мысалдар құрастыр.

8 – 7 = 1 8 – 1 = 7 9 –7 = 2 9 – 2 = 7 10 – 7 = 3 10 – 3 = 7

Құндылық: Бірлік пен ынтымақтастық
– Жұптық жұмыста серіктесін тыңдау, бір-біріне көмектесу арқылы бірлік пен өзара түсіністік дағдыларын дамыту.

3-тапсырма. Жұптық жұмыс

3 Есепте

Берілген әрбір санды 7-ге арттырады. Ол үшін кестені пайдаланады. Берілген әрбір санды 7-ге кемітеді. Ол үшін кестені пайдаланады.

кемітеді.

2 + 7 = 9 9 – 7 = 1 1 + 7 = 8 10 – 7 = 3

0 + 7 = 7 7 – 7 = 0 3 + 7 = 10 8 – 7 = 1

4-тапсырма. Зертте

4 Әр ыдысты толтыру үшін қанша литр су құю керек?

Бірінші ыдыстың сыйымдылығы – 10л

Ішіндегі сұйықтықтың мөлшері – 2 л

Қанша литр құю қажет?

Азайту амалын пайдаланып анықтаймыз.

10 – 2 = 8 л 8л +2л = 10л 10 л – 5 л = 5 л

5 л + 5 л = 10 л 7 л – 2 л = 5 л 2 л + 5 л = 7 л

7 л – 5 л = 2 л 5 л + 2 л = 7 л

ЕБҚ тапсырмасы







Оқушылар сұрақтар құрастырады және жауап береді. 7 санын қалай қосуды және азайтуды есіңе түсіреді. 7 санын және 7 санына қосудың кестелік жағдайларын есіңде сақтайды.









Сандардың құрамын айтады. Азайтуға мысалдар құрастырады.





Берілген әрбір санды 7-ге арттырады және 7-ге кемітеді.





Азайту амалын пайдаланып, тапсырманы орындайды. Кері амал қолданып, мысалдардың дұрыстығын тексереді.




Дескриптор:

- Сурет бойынша «неше» сөзін пайдаланып, сұрақтар құрастырады;

-7 санымен мысалдардың қалай құрастырылғанын анықтайды;

-есептерді шығарады.











Дескриптор:

-Сандардың құрамын жазады;

- Азайтуға мысалдар құрастырады;

-Сандардың құрамын айтады;

-Азайтуға мысал келтіреді.









Дескриптор:

Берілген әрбір санды 7-ге арттырады және 7-ге кемітеді.





Дескриптор:

- Әр ыдысты толтыру үшін қанша литр су құю керегін анықтайды;

-Азайту амалын пайдаланып есептейді.




Слайд 2





















Слайд 3 суреттер



















Слайд 4













Слайд 5





Соңы

10 мин

Сабақты бекіту.

Р ефлексия






Бүгінгі сабақта алған білімдері бойынша рефлексия жасайды


Оқушыларды мадақтайды, кері байланыс береді.

Слайд 6











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.11.2025
203
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі