Материалдар / Ашық сабақ 7-сынып "Атамекен — алтын бесік"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ 7-сынып "Атамекен — алтын бесік"

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сынып өзін-өзі тану мұғалімдеріне ҚМЖ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2018
668
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ: 19

Сынып: 7

Тақырып: Атамекен — алтын бесік

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Жақсы көру және кішіпейілдік; аянбай қызмет ету; жанашырлық

 

Сабақ мақсаты: Оқушылардың жақсы көру және кішіпейілдік,   аянбай қызмет ету, жанашырлық туралы түсініктерін кеңейте отырып, сүйіспеншілік құндылықтарын дамыту

Міндеттері:

1. Атамекенді қадірлей білу, адам өмірінде ата мекеннің алатын орны туралы мағлұмат беру;
2.
Атамекенді ардақтау сезімдерін дамыту;
3. Туған жерін көркейтуге ат салыса отырып , туған жерге , елге жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.


Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушыларды түгендеп , сабаққа дайындықтарын қадағалау

2.Тыныштық сәтi.

Орманға саяхат

Арқаларыңызды тік ұстап отырыңыздар. Көздеріңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әр тыныс алғаныңызда өзіңізді тыныш сезінуге тырысыңыз. Сіз сыныптың есігіне жақындадыңыз, есікті ашып, дәлізбен келе жатырсыз. Далаға шықтыңыз. Таза ауаны жұтып, самал жел мен күн нұрының сіздің бетіңізді жылытқанын сездіңіз. Орманға қарай жүріңіз. Абайлаңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минутқа  тоқтап, айналаңызға қараңыз. Табиғаттың сұлулығы мен тазалығын сезініңіз. Жаныңыздағы гүлдердің біріне келіп, сәл иіліп, мұқият қараңыз, қандай нәзік. Оны иіскеп, хош иісін сезіңіз. Айналаңызға зер салып, ары қарай жүріңіз. Гүлдер, гулдер мен ағаштардың хош иісі, құстардың әні және жәндіктердің баяу үні. Орманда жүріп, ағаштардың көптігіне, жақындаған сайын биіктей беретіндігіне назар аударыңыз. Күн көзі сізге жапырақтар арасынан сығалап, жасырынбақ ойнағандай, оның сылдырын естіңіз. Орманда біз өзімізді бақытты және қауіпсіз сезінеміз. Жазыққа  шығып, бірнеше минут  тынығыңыз. Өзіңіз бір сәт саясында отырғыңыз келген бір ағашты таңдаңыз. Ағаштың жанына келіп, оны құшақтаңыз. Қандай мықты ағаш. Оның күштілігі мен ондағы өмір қуатын сезініңіз. Енді оның түбіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алып, сөзді қоршаған ішкі тыныштық пен үнсіздікті сезініңіз (Мұғалім осы жерде бірнеше минут тоқтай тұруына болады). Біз жеңілдік пен бақытты сезінеміз. Қандай таңғажайып табиғат, біз барлық тіршілік иесін қалай аялап, сүюіміз керек екенін түсінеміз.  Енді бұл сіздің ағашыңыз, кез-келген уақытта осында келе аласыз. Мектепке қайта оралуға әзірленіңіз. Орныңыздан тұрып, айналаңызға тағы да мұқият қараңыз.  Жәндіктерді басып кетпей, келген жолыңызбен қайтадан мектепке оралыңыз. Міне, мектептің ауласына жеттік. Айналаңызға тағы қарап, терең тыныс алып, есікті ашып ішке кіріңіз де орныңызға келіңіз. Осы тыныштық пен қанағат сезімін сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімдеңіз!

1.Оқушылар қандай әсерде болдыңыздар?

Ендеше табиғатқа , туған жерді жақсы көріп оған  жанашырлықпен қарайық.

3.Үй тапсырмасын тексеру

19 сабақ. Ғ.Оралбаевтың «Бір шымшым топырақ» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

  • Атамекеннің адам үшін маңызы қандай?

  • «Атамекен», «туған жер» ұғымдарының қандай айырмашылықтары бар?

  • Өз атамекенің, туған жерің, Отаның туралы айтып беріңдер.

«Отан сүйер ұлан бол» Б.Момышұлы

Мен немере сүйіп отырған адаммын. Балаларды өте жақсы көремін. Сол балалардың, бүлдіршін балдырғандардың бақытты болашағы үшін сұрапыл соғыста ер азабын мейлінше көрген адаммын.
Менде адаммын жаралған сүйек, еттен,
Арым бар, намысым бар жер тербеткен
Қазақтың қарапайым бір ұлымын
Жанымды арым үшін құрбан еткен.
Балаларыма, немере, шөберелеріме айтар жалғыз тілегім: Елді сүйер ұлан болыңдар! Өз халқыңа лайықты азамат болып өсіңдер.
1. Балалар әңгімеде не туралы айтылған?

2. Бауыржан атамыз не себептен өз халқыңа лайықты азамат бол деп айтқан ?

3. Адам бойында қандай мінездер болу керек деп ойласыздар?

Олай болса жақсы мінезіміз арқылы атамкенге , туған жеріміз бен елімізге аянбай еңбек етейік.

Сабақ барысын талдау:

4.Дәйексөз.

Пәлен жерде пайда бар,
өз жеріңдей қайда бар?

Мақал  -мәтел

Кіндік қаның тамып, туып-өскен мекеніңді, табаның тиіп тұрған топырақты бәрінен артық көруге хақылысың. Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе? Дулығалы ата-бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Біз  тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек.

Енді осы мақал – мәтелді жаттап алайық

Хормен 1 рет

Ұлдар 2 рет

Қыздар 2 рет

Сұрақ : Атамекенді құрметтеу үшін бізде қандай қасиеттер болу керек ?

Дұрыс айтасыңдар  адамның туған ата-анасы біреу, оның Отаны да біреу ғана. Сондықтан адам ең алдымен өз елінің перзенті, жан жүрегімен берілген азаматы болуы керек бізде Отанға , туған жерге деген сүйіспеншіліктің арқасында  ғана жақсы жақсы адам болатынымызды ұмытпайық .


5.Әңгiмелеу

Балқаш көлі туралы аңыз
Көлдің қазіргі атауына байланысты халық ішінде бұрыннан айтылып келе жатқан аңыз бар. Бұдан көп ғасырлар бұрын көлдің батыс жағалауын бір бай мекендеген екен. Оның Балқия атты аса көрікті қызы болыпты. Ол тек көркімен ғана емес, ақылымен де, адамгершілігімен де ел ауызына ілігіпті. Сүйікті қызды әкесі ғана емес, бүкіл жұрт еркелетіп Балқаш деп атайтын болыпты.
Жасы он жетіге толғанда Балқия алыс елден келген Ерден атты бір жас жігітке ғашық болады. Алайда қазақтың көне әдет-ғұрпы бойынша ата-анасы қызды бала күнінде атастырып, қалың мал алып қойған екен. Мұны естіп-білген қыз бен жігіт жасырын қашпақ болып келіседі де, бір ыңғайлы келген түнде екеуі екі атқа мініп тайып отырады. Ертесіне екі ғашық бір қалың қамыстың ішіне келіп дем алуға тоқтайды. Мұнда олар ойламаған жерден қырсыққа тап болады. Тал түсте аттарына қамыс ішіндегі қабандар тап береді. Ерден аттарды құтқарам деп жүргенде, қабанның азу тісі денесіне оңдырмай ауыр жарақат салады. Балқияның сүйікті жігітін өлімнен арашалап қалуға шамасы келмейді де асыл жарын жерлеп, өзіде сол жерде өлмек болады. Ал бұл кезде қабаннан үркіп қашқан екі ат қыз бен жігіттің туған ауылына келіп бір-ақ тоқтайды. Ыза болған қыздың әкесі жігіттерге қашқындарды ұстап әкелуге әмір береді және оларды халық алдында қарабет қылып жазаламақ болады. Қашқындарды іздеп шыққан жігіттер ат тұяғының ізімен жүріп отырып, қыздың тығылған жерін табады. Қуғыншыларды көрген соң, әкесінің қатал мінезін жақсы білетін Балқия, қолға түскеннен өлімді артық көріп, биік жардан көлге бір-ақ секіреді де су түбіне кетеді.
Бұл ауыр оқиға, трагедия сол маңдағы елге түгел жайылып, бұдан былайға жерде көлді өздері еркелетіп айтатын, сүйікті жас арудың атымен халық Балқаш деп атап кеткен екен.

Сұрақ .

Ерден мен Балқияның бір –бірініне деген жанашырлығы мен сүйіспеншіліктері туралы не айтар едіңіздер?

Олай болса балалар сүйіспеншілік риясыз болу керек . Сонда ған біз елімізге адал қызмет жасай аламыз.


6.Шығармашылық жұмыс

1.Дәптермен жұмыс 19 сабақ ,1тапсырма

2. Сыныпты 3 топқа бөлемін

1топ «Атамекен , туған жер» туралы мақал –мәтел жазады

2 топ сурет салады

3 топ эссе жазады

Әр топқа 5 минут уақыт беріледі .

Үлегерген топтың жұмысын талдау

Сұрақ:

Топпен жұмыс жасағанда қандай көңіл-күйде болдыңыздар ?

Жақсы, балалар, біз әрқашанда бір-бірімізге жанашырлықпен қарап , бір-бірімізді риясыз сүйіспеншілікке бөлеп жүрейік.


7.Топпен ән айту.

« Атамекен»

Сөзі : Қадыр Мырза Әлінікі

Әні: Ескендір Хасанғалиевтікі

Жасыл жайлау — түкті кілем, көк кілем

Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем

Маңдайымнан сипап өткен самалды

Қазағымның алақаны-ау деп білем

Қайда жүрсең ата мекен

Көкейіңде жатады екен

Күннің өзі ұясына

Қыймай оны батады екен

Жасыл жайлау — түкті кілем, көк кілем

Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем

Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесі

Қазағымның махаббаты-ау деп білем

Қайда жүрсең ата мекен

Көкейіңде жатады екен

Күннің өзі ұясына

Қыймай оны батады екен


Жасыл жайлау — түкті кілем, көк кілем

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем

Асқар тауың, аспаныммен таласқан

Қазағымның мәртебесі-ау деп білем


Қайда жүрсең ата мекен

Көкейіңде жатады екен

Күннің өзі ұясына

Қыймай оны батады екен


Қайда жүрсең ата мекен

Көкейіңде жатады екен

Күннің өзі ұясына

Қыймай оны батады екен


8.Үй тапсырмасы.

1.Оқулықтағы 20 сабақтағы С.Жүнісовтың «Аманай мен Заманай» туралы үзіндісін оқып мазмұнын түсініп келіңіздер.


9.Соңғы тыныштық сәтi.

Аяқ-қолымызды айқастырмай, тік отырамыз. Қазір біз тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Біз терең тыныс алғанда біздің ойымыз тынышталады. Демді ішке алғанда жүрегімізді ішкі тыныштық пен қуанышқа толтырамыз. Ал, демімізді сыртқа шығарғанда мазасыздықты сыртқа шығарамыз. Ал, балалар дайындалайық. Көзімізді жұмамыз. Арқамызды тік ұстап, қол-аяғымызды айқастырмаймыз. Қолымызды үстелдің үстіне немесе тіземізге қоюға болады. 9-10 рет, баяу жасалады.

Сонымен балалар біз жаншырлық , адал қызмет , кішіпейілділік туралы жақсы ойлар айттық . Олай болса  атамекенге , туған жерге, елге деген риясыз сүйіспеншілік пен  жақсы қасиеттерімізді естен шығармайық .




 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!