Тақырып бойынша 27 материал табылды

Ашық сабақ 7 сынып "Атмосфералық қысым.Атмосфералық қысымды өлшеу "

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ 7 сынып оқушыларына өткізілді. Тақырыбы "Атмосфералық қысым.Атмосфералық қысымды өлшеу". топқа бөлу, жұппен жұмыс, есеп шығару бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Мектеп: «Қарақоға ОМ»КММ

Қысым

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Темербекова Г.Т.

Сынып: Қатысқандар: Қатыспағандар:


Сабақ тақырыбы:

Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу.


Оқу мақсаты:

7.3.1.9 атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну.


Сабақтың мақсаты:

«Атмосфералық қысымның» физикалық мағынасын білу.

Барлық оқушылар: оқушылар атмосфералық қысым туралы түсініктерін толықтырады.

Басым бөлігі: өз бетімен тәжірибе жасап, түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар: өмірден мысалдар келтіреді, өзге пәндермен тақырыпты байланыстырады.Атмосфералық қысымның формуласын пайдалана отырып, әр түрлі биіктіктегі қысымды анықтай алады


Оқу дағдыларының деңгейі

Білу. Түсіну. Қолдану.


Бағалау критерийі:



  1. атмосфералық қысым физикалық мағынасын ажыратады.

  2. барометр арқылы атмосфералық қысымды өлшейді.

  3. өмірдегі қолданысына мысалдар келтіреді.


Құндылықтар:

2. Қоғамдағы ұлттық бірлік. 6. Тілдің біртұтастығы. Қоғамдағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісімді негізге ала отырып, бірін-бірі құрметтеуге, еңбексүйгіштік пен ынтымақтастыққа баулу,өзара түсіністікпен топта жұмыс істеу, толеранттылық таныту.


Пәнаралық

байланыс:

география, ағылшын


Алдыңғы білім:

Қысым, ауа қысымы .

География пәнінен атмосфера ұғымы жайлы біледі.

Математикадағы білімдерін пайдаланып, есептеулер жүргізеді.


Сабақтың жоспарлан

ған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы




5 мин




1.Ұйымдастыру: Сәлемдесу. Қызыл, жасыл түстерді тандату арқылы оқушыларды «Барометр», «Торричели» деп топтарға бөлу.

ІІ. Ынтымақтастықты қалыптастыру:

«Шаттық шеңбері» арқылы бір-біріне сәттілік тілейді.

ІІІ.«Кім жылдам?» ойын өзін-өзі тексеру

й жұмысын тексеру):

1. Қысымның өлшем бірлігі? (Паскаль)
2. Қысымның формуласы? (Р=F/S)
3. Сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғасына түсіретін қысымы? (Р = ρgh)
4. Күштің өлшем бірлігі? (Ньютон)
5. Заттың неше күйі бар? (үш күйі бар)
6. Сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғасына түсіретін қысымы неге тәуелді? (ρh)
7. Биіктіктің өлшем бірлігі? (метр)
8. 2 м тереңдіктегі судың қысымы нешеге тең? 20кПа
9. Деңгейлері бірдей ыдыста керосин мен су құйылған. Қысымы бірдей ме? Жоқ
10. Керосиннің 0,5 м тереңдіктегі қысымы неге тең? 4кПа

Кері байланыс (қате жауапқа, дұрыс жауаппен түзету жасайды).


Ұғымдар жазылған түрлі түсті стикерлер





Слайд 2







Сабақ ортасы


10 мин


Білу, түсіну

Оқылым

Айтылым,













Айтылым

Жазылым


5 мин













«Оқулықпен жұмыс» Жаңа сабақ түсіндіру

«Суреттер сөйлейді» әдісі берілген суреттер бойынша ой тастау.

Оқушылар суреттен атмосфераның құрамы туралы түсіндіріп береді. Олар география пәнінен атмосфераның құрамын біледі. Джигсо тәсілі бойынша топтармен жұмыс істеу:

1 топ– оқулықпен жұмыс істеу, Торричелли тәжірибесін зерттеу.

Қойылған сұрақтарға жауап береді:

Атмосфералық қысымның пайда болу себебі неде?

Торричелли тәжірибесінің мәні неде?


2 топ – оқулықтармен жұмыс жасау, барометр-анероидтың құрылысын зерттеу.



Сұрақтарға жауап:

Барометр-анероидтың құрылысы?

Барометр-анероид қалай жұмыс істейді?

(екі топ бір-бірін бағалайды)


Концептулдық кесте

Слайд 4-11












Слайд 12

5 мин

Сергіту сәті: «Он сұрақ»

Жасырылған сөздер: паскаль, атмосфера

Тақтаға 1 оқушы шығарылады, маңдайына сабаққа қатысты негізгі сөз жазылады

Жазылған сөзді табу үшін оқушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады , оған жауап не «ия», не» жоқ» деп беріледі

Стикер қолданамыз

Слайд 13




10 мин













5 мин

«Жағдаят туғызу» топтық жұмыс (әр топқа тәжірибелік тапсырмалар)

1 топ. «Төңкерілген стақан». Стақанға жартылай су құйып оның бетіне қағаз жауып төңкереміз. Су төгілмейді. Неліктен?

2 топ. «Су, шприц, стакан». Шприцты суы бар ыдысқа батырып, поршенді сумен жанасқанға дейін түсіреді де, сонан соң қайтадан жоғары қарай жылжытады. Сонда поршенмен ілесіп, су да жоғары көтеріле бастайды. Неліктен?ҚБ: (Әр топтың жұмысын бағалау)

Есептр шығару

Жұптық жұмыс

  • 1-жұп

Теңіздің 9 м болатын ең терең жеріндегі су қысымын есептеңдер. Теңіз суының тығыздығы 1030 кг/м3

  • 2-жұп

100 см2 ауданға 50 Н күш әрекет етеді. Қысымды анықтандар

  • 3-жұп

Массасы 3кг ,ал көлемі 200 см3 металдың тығыздығы қандай?

  • 4-жұп

Бізді қоршап тұрған ауа барлық денеге p = 300 Па қысым түсіреді. Өлшемдері 4500 см3 болатын ауданға ауа қандай күш түсіреді.

(Әр топтың жұмысын бағалау)




Слайд 14-16











Слайд 17

3 мин

Кері байланыс «Табыс сатысы»

Мен білемін.

Мен түсінемін.

Мен жасай аламын.

«Табыс сатысы» парағы

Сабақтың соңы

Үйге тапсырма: «Атмосфералық қысым» сөзжұмбақ құрастыру.



2 мин

Рефлексия:

Тамаша Жақсы Нашар



Саралау, қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар жоспарлайсыз?

Бағалау –оқушылардың

білімін қалай тексересіз

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелерін сабақ барысында сақтау

Барлық оқушылар:

Тақырып бойынша керекті мәліметтер оқып, дәптерге жазады.

Кейбір оқушылар

Өмірмен байланыстыра өзге де мысалдар келтіреді.

Өзін-өзі бағалау, бір-бірін бағалау кезінде «қысым» белгісімен берілген парақтармен әр кезеңдегі іс-әрекеттерін бағалау тиімді болды.


География, ағылшын тілі пәні алған білімдерін қолданады.

Оқушы денсаулығын сақтау мақсатында физминутка жасалып, өздерін партада тік ұстап отыруларына нұсқау берілді.

Рефлексия

Сабақ мақсатына жетуде қолданған әдістер оқушылардың белсенділігін артыруға жұмыс жасады.

Өмірден мысалдар келтіру қызықты болды.

Оқу мақсаттары толығымен ашылды.

Келесі сабақта өзін-өзі бағалау әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы тақырып бойынша білімдерін нақтылау қажет.




Тексерген: _____________________













































«Қарақоға орта мектебі» КММ













Сабақтың тақырыбы:


Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу.

















Пән мұғалімі: Темербекова Г.Т.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
20.02.2022
517
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12