400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 7 сынып "Ауыспалы осы шақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ 7 сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінен.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Қазақ тілі Сынып: 7

Сабақтың тақырыбы: Ауыспалы осы шақ.

Сабақтың мақсаты:

білімділік – етістіктің шақтары туралы оқушылардың түсінігін дамыту. Осы шақтың мағыналық түрі ауыспалы осы шақ туралы білімдерін жетілдіру.

дамытушылық – мәнерлі сөйлеуге жаттықтыру, жаттығу жұмыстарын орындату арқылы етістіктің шақтары туралы оқушылардың ойын дамыту.

тәрбиелік – адамгершілікке, еңбекке баулу.

Сабақтың түрі: ақпарат беру

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау, венн диаграмасы, шығармашылық, тест

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі қима қағаздар, суреттер, оқулық, слайд,сөз жұмбақ

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Оқушы назарын сабаққа аудару.

Психологиялық сәт (Сол қолмен ұшақ жасау, сол ұшаққа тілек жазу)

ІІ. Үй жұмысын тексеру

Үйге берілген тапсырма ауызша тексеріледі.

Жаттығуды оқып береді, пысықтауға арналған сұрақтар қойылады.

ІІІ. Жаңа сабақ

Жаңа сабақтың тақырыбын анықтау үшін сөзжұмбақ шешеді. Шешуі: ауыспалы осы шақ

Сабаққа мақсат қою. Бірінші бағанды толтырады.

Нені білгім келеді?

Нені білдім?

Нені білуім керек?







Оқушыға бағалау парағын беремін, әр кезең сайын оқушы өз жұмысын бағалайды

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Слайд арқылы жаңа тақырыпқа түсінік беріледі.

Оқушының жаңа тақырыпты түсінгенін тексеру үшін үлестірмелі қағазбен жұмыс жасайды.

Тапсырма.

Берілген сөйлемдерден ауыспалы осы шақ формасындағы сөйлемдерді теріп жазыңдар.

Таң қылаңда Найман-Ана жиынып-терініп үйден шықты. Табалдырықтан аттай бере, босағаға сүйеніп, ұйықтап жатқан ауылды мұңлы көзбен тағы да бір шолып алды. Аяғында етік, шалбарланып алған. Көйлек сыртынан қысқа жеңді қамзол, оның сыртынан желбегей шекпен жамылған. Басын ақ жаулықпен орап, желке тұсын түйіп қойыпты.

Пысықтауға арналған жаттығулар

Оқулықпен жұмыс.

138-140 жаттығуларды жазбаша орындау.

Сергіту сәті. Музыкалық жаттығу жасау.

ВЕНН ДИАГРАМАСЫ

Нақ осы шақ Ауыспалы осы шақ

Oval 2 Oval 4








Шығармашылық жұмыс

Етістікті өткен шақ формасында қолдана отырып, берілген суретке қарап мәтін құрастыру.


ІV. Жаңа білімді бекіту.

Тест тапсырмалары арқылы сабақты бекітемін.

  1. Осы шақты белгіле

А) Ит қоянды қуып келеді С) Мен Абайды қызығып оқыдым Е) Ол – Барлас ақынның шәкірті

В) Әкем іссапарға келмекші Д) Көрмегенді көрсетерсің

2. Дағдылы іс-әрекетті білдіретін осы шақ түрі

А) Осы шақ С) Келер шақ Е) Ауыспалы осы шақ

В) Өткен шақ Д) нақ осы шақ

3. Отыр, тұр, жатыр, жүр қандай етістіктер?

А) Болымды етістік С) Тұйық етістік Е) Салт етістік

В) Қалып етістік Д) Болымсыз етістік

4. Айғайлайды тұлғасына қарай қандай етістік?

А) Туынды етістік С) Сабақты етістік Е) Салт етістік

В) Қалып етістік Д) Негізгі етістік

5. Ауыспалы осы шақ неше мағынада жұмсалады?

А) 2 В) 3 С) 4 Д) 1 Е) 5

Сабақты қорытындылау. «Нені білдім? Нені білгім келеді?» Бағанын толтырады

V. Үйге тапсырма беру 141-142 жаттығулар жазбаша

Бағалау парағы арқылы оқушылар бағалайды.

.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1146
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі