жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ. 7 сынып Электронды кестелер
Күні: 13.11.2019 ж Сынып: 7 Пәні: информатика |
Мектеп: Қаратөбе НОМ Мұғалім: Қонарова Алтынай
Қатысқандар
саны: 12 Қатыспағандар
саны:0
|
||
Сабақтың тақырыбы |
Электронды кестелер. |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
7.2.2.2-электронды кесте элементтерін пішімдеу |
||
Сабақ мақсаттары |
Excel-бағдарламасының мүмкіндіктері мен қызметін білу. Ұяшықтарды толтыру ережесін, ұяшық адресін білу. Электронды кестедегі деректермен жұмыс істегенде автоматтық толтыруды қолдану.
|
||
Бағалау критерийлері |
Excel-бағдарламасының мүмкіндіктері мен қызметін біледі. Ұяшықтарды толтыру ережесін, ұяшық адресін қолдана алады. Электронды кестедегі деректермен жұмыс істегенде автоматтық толтыруды қолданады.
|
||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар біледі: Автоматтық толтыру не екенің және оның тәсілдерін; Оқушылар істей алады: Электронды кестеде баған, қатар, формуланы, сандық деректерді құра алады; Пәндік лексика және терминология: кесте, ұяшық, қатар, баған, парақ, формула, диаграмма, шартты форматтау
|
||
Құндылықтарды дарыту |
|
||
АКТ қолдану дағдылары |
Ноутбуктар, интербелсенді тақта, ұялы телефон. |
||
Пәнаралық байланыстар |
Математика, орыс тілі . |
||
Алдыңғы білім. |
Кесте, қтаралар мен бағандардан кесте құру, ұяшықтарды біріктіру.. |
||
Сабақ барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы 3 минут
2мин
2 мин
8 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, оларды түгелдеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. Құрал саймандарын дайындау.
«Сиқырлы суреттер» әдісі арқылы сұрақ жауап болады. Оқушылар жадқа байланысты суреттерде жапсырылған сұрақтарға жауап беріп, сұрақ бойынша қай топқа жататынын анықтап, сол суретке апарып жапсырады да тобына барып отырады
1.ші топ жад тобы, 2. ші топ архивтеу. Суреттегі кеспе парақшалардағы сұрақтарға жауап бере отырып өздері сұрақ неге байланыстылығын анықтап топ атауына бөлініп отырады. 1.Жадттың түрлері 2.ROM? қандай жад? 3. Флэш жадттың сыйымдылығы қанша гбайттан басталады? 4.Сыртқы тасымалдаушыларға нелер жатады? 5.СD және DVD пішіндегі дисктердің RW пішімдегі дисктерге не істеуге болады? 6.Файл деген не? 7.txt, docқандай файл? 8.Файлда ақпаратты сығу процессі. 9.WinRar прграммасының авторы кім? 10.Сығылған файлды бастапқы қалпына келтіру процессі.
Олай болса үй тапсырмасын еске түсірейік. Үйге қандай тақырып берілді? Оқушылар қол көтеру арқылы жауап береді. Бір оқушы компьютерде мәтіндік редакторда кесте құрады. Жауап берген оқушыларды шапалақтау, мадақтау, арқылы бағалау. Жарайсың, Тамаша, Керемет.
Олай болса оқушылар қалай ойлайсыздар? Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай? «Ой қозғау» әдісі арқылы жасырылған суретті табу арқылы сабақтың тақырыбын ашамыз..
Слайд арқылы жасырлыған суреттерді танып салыстыра отырып тақырыпты ашады.
Оқушыларды сабақ тақырыбымен, оның мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстыру. Жаңа сабақты бейне көрсетілім арқылы Bilimland.kz сайтында интербелсенді тақтадан көрсетемін. Және слайд арқылы қысқаша түсіндіріп өтемін.
|
Түрлі түсті суреттер
Интербелсенді тақта.
Слайд 9,10,11
Bilimland.kz сайты
|
|
Сабақтың ортасы 8 минут
3 минут
5 минут
8 минут
|
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар Екі топ оқулықтағы деңгейлік тапсырманы орындайды. А деңгейі: Ұяшықтардың енін кеңейті немесе кішірейті. Дискрипторлар: 1.Электронды кестені іске қосады. 2.Баған мен қатардың енін ұызындығын кеңейтеді. 3.Берілген ұяшықты анықтайды.
В. Деңгей: Ұяшықтарға қарапайым формулалар жаза отырып, калькулятор ретінде пайдаланады. Дискрипторлар: 1.Ұяшықтарды анықтайды 2. Формула қатарын жазады. 3.Есептің жауабын құрастырады.
Сергіту жаттығулары Көзге арналған жаттығулар. Көзді бірнеше рет жыпылықтату. Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса. Қол саусақтарына арналған жаттығулар Алақанды уқалау. Қолды қысу Білезіктен айналдыру
Өзіндік жұмыс «Ақиқатты тап» Дұрыс бұрыс кестесі. Оқушыларға Bilimland.kz сайтындағы тапсырмаларды кеспе парақтарда беремін дұрыс бұрыс тұстарын анықтайды.
Сабақты қорытындылау: Әр оқушы жеке жеке өз аккаунттарымен кіріп тест жұмысын BilimLand.кz сайтында ұялы телефондары арқылы тапсырады. |
Компьютер, оқулық
Ойын ойнайық
Компьютер, ұялы телефон |
|
Сабақтың соңы 2 минут 2 минут
3 минут
|
Үйге тапсырма. 3.2 Тақырыпты оқу. 51 бет 1-8 сұрақтарға жауап беру.
Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау. Бағалау.
Білім шыңы арқылы бағалау. Оқушыларға сабақтағы белсенділігі, білімділігі жоғары болған оқушыларға стикерлер таратып беремін білім шыңына апарып жапсырып шығады. |
|
|
Саралау –Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Деңсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
Сұрақ жауап арқылы топқа бөлу ондағы мақсатым сұрақтарды топ атына байланысты ажырата білу, ойлау арқылы жылдам жауап беруге дағдыландыру, Ой қозғау арқылы алдыңғы білімдерін еске түсіру, және айта білу. Жеке,жұптық, топтық жұмыс арқылы сұрақтарды түрлендірдім. Тақырыпқа сәйкес тапсырмалар бере отырып, дескрипторлар арқылы бағалап отырамын. Компьютерде жұмыстана білуге, техникаға қызығушы -лықтарын арттыру. Онлайн тест тапсыру арқылы сымсыз желіні пайдала алу білімдерін қалыптастыру.
|
Дескрипторлар арқылы, білім шыңы арқылы оқушыларды бағалаймын. «Басбармақ» әдісімен кері байланыс жасаймын.Түсіндім, жартылай түсіндім, түсінбедім.
|
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану. Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |
||
Тексерілді оқу ісі мең: Н. Шарен.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген