Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. 7 сынып. Инерция құбылысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Инерция құбылысы

Мұғалімнің аты-жөні: Ербатырова А.Ж.

Күні: 23.11

СЫНЫП: 7


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

7.2.2.1 инерция құбылысын түсіндіру және мысалдар келтіру

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Инерция құбылысына мысалдар келтіре отырып, айтып бере алады

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Инерция құбылысын тәжірибе жүзінде көрсетіп, тұжырымдай алады.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Өмірмен байланыстырады, дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Инерция құбылысын тұжырымдайды.

Тәжірибелер жасайды, мысалдар келтіреді

Тілдік құзіреттілік

Инерция құбылысы

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Математика, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Тығыздықты есептеу

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.

Жағымды ахуал туғызу. Екі түрлі ұялы телефон беріп, көңіл күйлерін білдіру. Екі топқа бөліп отырғызу

Кейбір оқушыларда ұялы телефондарында үй тапсырмасы бар болады соған жауап беруін өтіну.

ҚБ «Мадақтау»( тамаша, жарайсың)


Жаңа білім

10 минут







Ребус шешу арқыды тақырыпты ашу.

Белсенді оқыту. Түсіндіру және сипаттау.

1-тапсырма. «Миға шабуыл». Мәтін беріледі.

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Демалыс кезінде мен анаммен қалаға баратын болдым.Ертеңіне жолға шықтық, автобусқа отырдық. Автобус жүрмей біраз тұрып алды.Бір кезде «О, біз жүрдік!» деп қуандым.Терезеден далаға, қарсы үйлерге қарап отырмын. Тоғайлар, үйлер, малдар керісінше артқа қарай зымырап барады. «Қандай қызық!»деп ойладым.Біраздан соң терезеге қар түйіршіктері тарсылдап тие бастады.Олар тайғанап барып қисық сызықты траекториямен төмен қарай кетіп жатты. «Неге бұлай?» деп тағы ойладым.Енді қарасам автобус саяжайға жетіп қалыпты.Күтпеген жерден жүргізуші тежегішті басты. Сол кезде бәріміз де соғылып, жантайып қалдық. « Неге осылай болады екен?» деген ойлар мені мазалады.

2-тапсырма. «Бұл сұрақ болса, онда жауабы қалай болады?» әдісі ( Сұрақтарға жауап)

1. Көлік оңға немесе солға бұралғанда ондағы жолаушы қалай қарай қисаяды?Неліктен?

2. Не себепті желдеткіш ток көзінен ажыратылған соң, біразға дейін айналып тұрады?

Бағалау: «Толық ай мен жарты ай»


Белсенді оқыту. Нұсқау беру және айту;

Мағынаны тану. «Ашық микрофон» әдісі

1 топ – 56 бет

2 топ – 57 бет

Оқулықтан оқушыларға мәтін беру

«Кинометафора» интербелсенді тақтадан «Инерция» туралы көрсетілім көрсету.

Мұның дұрыстығына мынадай қарапайым тәжірибе арқылы көз жеткізуге болады.

ҚБ «Аралдар»








Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

10 минут







«Тәжірибе алаңы» әдісі

«Қалайша тиынды стақанға түсіруге болады?»

Үстел үстінде суы бар стакан. Стаканның бетінде карта. Карта үстінде тиын тұр. Тиынды қолмен ұстамай қалайша стақанның ішіне түсіруге болады?

Жауабы: Картаны саусақпен жылдам, әрі бар күшпен шертіп қаламыз. Бұл кезде тиын жылдамдық алып үлгермейді, яғни жылдамдығын сақтау құбылысы-инерцияның әсерінен стакан ішіндегі суға түседі.

«Қалайша қағазды аламыз?»

Ұзын парақ қағаздың үстінде суы бар банка тұр. Банканы орнынан жылжытпай қалайша қағазды алуға болады?

Жауабы: Қағаз парағының бір жақ шетінен ұстап, жылдам тартып қалу керек. Инерцияның әсерінен банка мен оның ішіндегі су жылдамдық алып үлгермейді, яғни қозғалысқа түсіп үлгермейді.

Критерий:

- партаның үстіндегі банканы қозғалтпай астындағы қағазды оқушы ала алады;

-нәтижесін түсіндіре алады;

Дескрептор:

  • Банканың астындағы қағазды қалай қозғалтпай алатынын білді;

  • Инерция құбылысы бойынша жасалған тәжірибенің нәтижесін түсіндіре алды;

Бағалау: «Бармақ» тәсілі


Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

Топтық жұмысқа арналған ресурстар

АКТ мен жұмыс

5минут

Саралау. «Дереккөздер» ғаламтор желісінде ақпарат жинау

1 топ – Г. Галилей өмірі туралы

2 топ – Инерцияның шығу тарихы туралы

мәлімет іздеу тапсырылады. ҚБ «Бағдаршам»

Оқушылар интернет желісіне шығады

Аяқталуы

Сабақты бекіту

5 минут

5-тапсырма «IDEAL» әдісі

И - инерцияның анықтамасы;

Н - қай тілден аударылды?

Е – кім ашты?

Р – пайдасы қандай?

Ц – зияны бар ма?

И – мысал келтір

Я – зиянын болдырмайтын жолдары

Бағалау: «Смайлик» тәсілі

Тақырып бойынша түйген білімдерін жазады.


Рефлексия

3 минут



минут

«Ұялы телефон» смс жазып, көңіл күйлі кір жайғышқа ілу


Сабақтан алған әсерлерін ұялы телефонға жазып, жіпке іледі

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс




Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.05.2020
668
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12