400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 7 сынып Мәліметтер типтері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Жобалық жұмыс

Мектеп: №32 мектеп-лицей

Мұғалімнің аты-жөні: Тоқтар Фариза

Күні:

Сынып: 7а

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Мәліметтер типтері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.3.1 деректердің типін жіктеу.

Сабақтың мақсаты

Деректер типінтерімен танысу

Практика жүзінде теориялық білімдерін қолдану.

Сұрақтарға жауап беріп, талдау жасау.

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану, талдау

Бағалау критерийі

  • Деректер типтері туралы мәлімет алады және түсінеді.

  • Алған теориялық білімдерін практика жүзінде орындай алады

  • Тақырыпқа байланысты сұрақтарға нақты жауап береді.

Тілдік мақсаттар


Деректер типін пайдалана отырып, программа құру.

Лексика және терминология:

Тип,

Лексема,

-Тұрақтылар (константалар).

- Сәйкестендіргіш (идентификаторлар).

- Амалдардың белгілері;

- Қызметші сөздер.

іnteger, real, Var және т.б.

-Түсініктемелер

Құндылықтарға баулу




Жан-жақты болуға, оқушылардың ақпараттық – технологиялық ойлау қабілеттерін дамыту. Өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Бәсекелестікке дағдыландыру.

Пәнаралық байланыс

Математика, ағылшын тілі.

Алдыңғы білім


Бөлімше алдыңғы тақырыптарда қамтылған дағдыларға сүйенеді. Оқушылар Lazarus бағдарламасының интерфесімен таныс. Бағдарламада жобаларды құра алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі


Топқа бөлу

1 мин

Үй жұмысын тексеру 3 мин

«Сұрақтары бар қорап» әдісі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабаққа психологиялық ахуал орнату

Оқушылар үш бұрыш және төртбұрыш геометриялық фигуралар таңдау арқылы 2 топқа бөлінеді.

Топ атаулары үш бұрыш таңдағандар іnteger, ал төртбұрыш таңдағандар real деп аталып әр қайсысы өз тобына отырады.

Әр топ құмыра суретін салады және сабақ барысында смайлик арқылы бағаланады.

Үй жұмысы:





Үш бұрыш және төртбұрыш қиылған қағаздар

Сабақтың ортасы

Оқулықпен жұмыс

Оқылым,білу, түсіну.

8 мин








































«Постер қорғау» әдісі

6 мин




























Қолдану .

«Бәйге» әдісі

Оқушылар тапсырманы берілген уақытта орындап келесі тапсырмаға көшеді

4 мин






















Практикалық жұмыс

10 мин




































Сергіту сәті

1 мин

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Мәліметтер типтері.

Lazarus программалау ортасында программа кодтарын жазу үшін Паскаль программалау тілі қолданылады.

Паскаль программалау тілінің әліппесі

1.Латын әліпбиінің бас және кіші әріптерінен (A,B,C…..X,Y,Z; a,b,c…..x,y,z);

2.0,1,......, 8, 9 араб цифрларынан;

3.+ - * / ( ) < > = { } [ ] : ; ‘ және басқа да символдардан тұрады.

Бұл әліпби Паскаль тілінің базалық элементтері болып табылады. Базалық элементтер лексемалардан тұрады. Лексема дегеніміз дербес мағына беретін тілдің ең кіші бірлігі. Паскальда 5 лексема түрі бар.

1.Тұрақтылар (константалар)

2. Сәйкестендіргіш (идентификаторлар)

3.Амалдар белгілері

4.Қызметші сөздер

5.Түсініктемелер

Тұрақты (констант)-компьютердегі сандарды және басқа да мәндерді өрнектейді. Сандық тұрақтылар Паскальда дәл математика тілінде жазылады, айырмашылығы- бөлшек санының бүтін бөлігі мен бөлшек бөлігі арасында үтір орнына нүкте қойылады. Мысалы: 52,33 орнына 52.33; сан дәрежесі: негізі 1,235, ал дәрежесі 2 болатын сан 1.235Е2 деп жазылады.

Сәйкестендіргіш (идентификатор) - әріптен басталатын цифрлар мен әріптер тізбегі. Мысалы: bas, ff5fgg5566, kkf4ddd1d. Атауды бас әріп немесе күші әріппен жазудың айырмашылығы жоқ. Атау-бір нәрсені басқалардан ерекшелеп тұрады, сондықтан оны идетификатор деп те атайды.

Амал белгілері-сандар немесе басқа мәндер үстінде түрлі амалдар орындау арқылы жаңа мәндерді туындатады. Амал белгілері +, -, *, / сияқты түрлері бар.

Қызыметші сөздер- программалау барысында пайдаланған атауларды қызметші сөздер деп атайды. Мысалы: begin, end, to, if, else, mod, var т.б. Бұл сөздерді идентификатор ретінде қолдануға болмайды.

Түсініктемелер-«{» белгісінен бастап «}» белгісімен аяқталатын символдар тізбегі. Программаның орындалуына түсініктеме әсер болмайды, ол тек программаны жақсы түсінуге ықпал тигізеді.

1-тапсырма.

Т.Ж Кітаптан 2 топқа тақырыпты бөліп беріледі. Мәліметтер типі тақырыбын оқу арқылы білімін бекітеді.

Алған білімдерін постер арқылы қорғайды.

І топ

Айнымалылар типтері мен деректер типтері

Бүтін сандар типтерінің қабылдайтын мәндер аралығы мен жадтан алатын орны

Дескрипторлар

  • Айнымалылар титері мен деректер типтерін біледі.

  • Бүтін сандар типтерінің қабылдайтын мәндер аралығы мен жадтан алатын орнын біледі.


ІІ топ

Мәтіндік және символдық типтер

Нақты сандар типтерінің қабылдайтын мәндер аралығы мен жадтан алатын орны


Дескрипторлар

  • Мәтіндік және символдық типтерді біледі.

  • Нақты сандар типтерінің қабылдайтын мәндер аралығы мен жадтан алатын орнын біледі.


2-тапсырма.

Жұптық жұмыс






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
479
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі