
№18 орта мектеп
информатика пәні мұғалімі
Алчинова Арай Ондагановна
Маңғыстау обл. Жаңаөзен
қаласы
Сабақ тақырыбы:
Объектілердің үшөлшемді
модельдері
Сабақтың
мақсаты: SketchUp
редакторында примитивті 3D объектілерді
құру
Жетістік критерийлері: 3D модельді
жасау үшін негізгі құралдармен жұмыс жасай алады
3D модельді жасай алады.
Құндылықтарды
дарыту: Жұптық жұмыс
кезінде тапсырманы орындау барысындағы арақатынастық сыйластықты
қалыстастыру
Пәнаралық байланыс:
Геометрия, сызу
Бастапқы білім: Қолданбалы
бағдарламалық қамсыздандырумен жұмыс дағдысының болуы, құжатқа
бейне енгізе алу.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі:
Оқушылармен амандасу.
Қолайлы
орта құру үшін «Қошемет
жаса». Оқушылар шеңбер құрып турады және
сағат тілі бойынша бір біріне қошемет жасайды. Ойын шарты: сол
жақтағы көршісінің аты атау, қолынан ұстап қошемет
көрсету.
Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін,
еркіндікті дамыту.
Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып
отырады. «Бүгінгі
сабақтан не алғыңыз, не
көргіңіз келеді?» -
сұрағын оқушыларға қойып,
сұрақтарға жауап алу. Бастапқы
қатысушы жаңындағы
көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен
жалғасады.
ІІ.Өтілген тақырыпты қайталау сұрақ
–жауап «Миға
шабуыл»
-
Модельдеу дегеніміз
не?
-
Қандай жағдайда 3D
редакторы қолданады?
-
3D моделдеу үшін қандай
бағдарламаларды білесіздер?
-
SketchUp бағдарламасы не үшін
арналған?
-
SketchUp –тің негізгі құрал-саймандарын
ата.
ІІІ. Жаңа сабақ: 3D
моделін
құрамыз
3D-моделдің құрама
бөліктері
Төбе - бұл үшөлшемді
жүйедегі X, Y, Z координатасы бар нүкте
Қыр, немесе
қабырға – дегеніміз екі
төбені қосатын кесінді. Үшөлшемді графикада қырды
полигондардың шектеуші
деп
атайды.
Текстура
– дегеніміз үшөлшемді
фигураның бетін қаптайтын сурет.
Полигон
– дегеніміз
үшөлшемді фигураны құрайтын жазық көпбұрыштардың
жиыны.
Примитивтер
дегеніміз не?
Графикалық
примитив дегеніміз -векторлық
суреттерді құрайтын ең кіші графикалық
объектер.
Мысалға: түзулер
және бағыттауыш тілшелер; тіктөртбұрыштар; шеңберлер, эллипстар,
доғалар, сегменттер және секторлар; кисықтар; біріктіруші түзулер
және т.б.
Қандай 3D примитивтерді білесіз және оларды
атаңыз?

SketchUp редакторымен жұмыс.
Бейнежазбаны
көру
httpsHYPERLINK
"https://www.youtube.com/watch?v=oT0b00heZ1I"://HYPERLINK
"https://www.youtube.com/watch?v=oT0b00heZ1I"www.youtube.com/watch?v=oT0b00heZ1I
Жеке тапсырма:
Видеобейнені қолдана отырып SketchUp редакторында қарапайым 3D примитивтерді
құрыңыз.
Практикалық жұмыс. Мақсаты: практикалық жұмыс арқылы
даму дағдыларын арттыру
1. Sketchup бағдарламасының құралдарын зерттеу
(SketchUp
сабақтары)
2.
3D объект құру
ЖК2: Дескриптор:
Sketchup сабақтары
httpsHYPERLINK
"https://sites.google.com/site/eklocheva/uroki-po-sketchup"://sites.google.com/site/eklocheva/uroki-po-sketchup
Рефлексия
-
Мен түсінбедім.......
-
Сұрақтар туындады.......
-
Бүгін мен білдім.....
Сабақты
бекіту «Серпілген
сауал» тәсілі Тақырыптың
түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол
жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды
қоямын.
Үй тапсырмасы: Өз бөлменнің графикалық
моделін құру
