15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ. 7-сынып. Қазтуған жыраудың «Туған жермен қоштасу» толғауы.
Сабақтың тақырыбы: Қазтуған жыраудың «Туған жермен қоштасу» толғауы |
Мұғалімнің аты-жөні: А.Дуйсекова Күні: 18.10.2018ж |
||||||||||||
СЫНЫП: 7а
|
Қатысқан оқушылар саны: 9
|
Қатыспаған оқушылар саны: 0 |
|||||||||||
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
7.7.4.4.көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: 7.7.3.3.эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау |
||||||||||||
Сабақ нәтижесі:
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
||||||||||||
Бағалау критерийі |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
||||||||||||
Тілдік құзіреттілік |
символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ |
||||||||||||
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
||||||||||||
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Музыка, қазақ тілі. |
||||||||||||
Алдыңғы оқу |
«Әмірің қатты Есім хан...» |
||||||||||||
Сабақтың жоспары |
|||||||||||||
Жоспарланған уақыт |
Сабақ барысы : |
Бағалау түрлері |
|||||||||||
Басталуы 5 минут |
Сәлемдесу. Топқа бөлемін : «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1,2,3 вагондарға бөлініп отырады. Психологиялық ахуал қалыптастыру: Сынып реттілігін қадағалау. Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау. Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз! |
1-топ: «Бақыт» вагоны 2-топ: «Сүйіспеншілік» вагоны 3-топ: «Жарқын өмір» вагоны
|
|||||||||||
Жаңа білім 10 минут
|
Білу және түсіну Берілген мәтіндерді балалар оқып алады. «Джигсо» әдісі Мәтінде берілген толғауды топ оқушылары оқып, бір-бірлеріне түсіндіреді Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау. Қазтуған жыраудың «Туған жермен қоштасу» толғауы Қазтуған Сүйінішұлы (XVII ғасыр) - мырза, батыр, жырау. Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен айтулы жорық жырауы. Қазтуған жырау ноғайдың Едисан ордасының билеушісі Сүйініш мырзаның ұлы. Сүйініш мырзаның Қазтуғаннан басқа Азамат және Аджи атты тағы екі ұлы болған. Оның арғы ата-бабалары Ноғай Ордасының билеушілері еді. Әкесі Сүйініш Абдоллаұлы (орыс деректерінде – Сююнча Абдулов) Еділ бойында өмір сүрген, кейін Кубань жаққа өтіп кеткен. XVII ғасырдың екінші жартысында жазылған орыс деректерінде Сүйініш мырзаның аты жиі айтылады. Ресей мемлекеттік архивінің көне актілер жөніндегі бөлімінің «Ноғай істері» қорында Сүйініш мырзаның және ноғай ұлысының 1660 жылдарға дейінгі деректері сақталған. Қазтуғанның шежіресі былайша таратылады: Едіге би - Нұраддин - Уаққас - Мұса - Ысмайыл би - Дінбай би - Тінікей - Абдолла - Сүйініш - Қазтуған. Қазтуғанның есімі алғаш рет тарих беттерінде 1673 жылы аталады. Орыс деректерінде оның есімі Тоған деп көрсетілген. Осы жылы қалмақ билеушісі Аюке хан өзінің бірнеше тайшысымен бірге Астрахан басшыларының алдына барып, орыс-қалмақ келісіміне қол қойып, аманат сарайындағы ноғайдың жас мырзасын босатуды сұраған. Қалмақ тайшылары мұндай қадамға едисан ноғайларының мырзасы Сүйініштің сұрауы бойынша барған болатын. Олар Сүйініштің патша алдындағы абыройлы істерін еске салды. Алайда, бұл сұрақтың жауабын Астрахан билігі емес, Мәскеудегі патшаның өзі беру керек еді. Осы кезде іске кабардин князі К.М. Черкасский араласып, соңғы шешімді ұлық патшаның өзі хабарлайтынын айтып, қалмақ делегациясын жылы шыраймен шығарып салады. Қазтуған 1696 жылы ұзақ жылдар бойы Қалмақ хандығына тәуелді болған Едисан ұлысын бастап, Еділ бойынан Қырым хандығына тиесілі Кубаньға көшіп кетеді. Қазтуғанның есімі соңғы рет 1698 жылғы деректе аталады. Онда Едисан ордасының мырзалары Тоған мен Гидемирдің Кубаньның сол жағалауында орын алған жұтқа байланысты Мәскеуге Бейшім аға бастаған елшілікті жібергені жазылған. Қазтуған жырау жорық жыршысы және халық эпосын жасаушылардың бірі саналады.
|
«Джигсо» әдісі Оқулық, мәтіндер. |
|||||||||||
Ортасы 10 минут
|
Қолдану Тапсырма
Қазтуған жырау кім? «Туған жермен қоштасу» толғауының тақырыбы мен идеясына түсінік бер. Дескриптор
Дескриптор
Дескриптор Толғауға сатылай кешенді талдау жасайды Троп, фигура түрлерін табады. |
Оқулық. Топтық жұмысқа арналған ресурстар |
|||||||||||
Сергіту сәті 2 минут |
«Қыдырып қайтайық!» би билеу
|
Оқушылар би билеп сергіп қалады. |
|||||||||||
Аяқталуы Сабақты бекіту 10 минут |
Ой қорыту БББ кестесі
|
Тақырып бойынша түйген білімдерін жазады. |
|||||||||||
Бағалау Кері байланыс 3 минут |
Екі жұлдыз, бір тілек |
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып,жабыстырады. |
|||||||||||
Қосымша ақпарат |
|||||||||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
|||||||||||
|
|
|
|
|||||||||||
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Топтық жұмыс жасауға дағдыланған.
Мәтінді түсініп оқуға арналған тапсырмалар «Джигсо» әдісі |
||||||||||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
|||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген