жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ 7 сынып Қуат
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Құмсай ауылы
Тарау: Жұмыс және қуат Күні: 05.03.18 жыл Сынып: 7қазақ |
Мектеп: Құмсай ЖББ орта мектебі Мұғалімнің аты – жөні: Кульмурзина Жаркын Сарсенбаевна Қатысқандар: 6 Қатыспағандар: 3 |
||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Қуат |
||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
7.2.3.1 – қуат ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру; 7.2.3.2 – механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларын есептер шығаруда қолдану. |
||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: Қуат ұғымының физикалық мағынасын түсіндіре алады. Оқушылардың көпшілігі: Формулаларды түрлендіріп, аралас есептерді шығара алады Кейбір оқушылар: Қуат және жұмыс ұғымдар арқылы құбыластарды байланыстыра алады. |
||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
Барлық оқушылар: Қуат ұғымына анықтама береді.Қуат пен жұмыстың формуласы мен өлшем бірліктерін біледі. Оқушылардың көпшілігі: Формулаларды түрлендіріп, есеп шығарады. Жұмыс пен қуаттың айырмашылығын және маңыздылығын біледі. Кейбір оқушылар: Өмірдегі қолданысына мысалдар келтіреді. |
||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Оқытудың тілдік мақсаты. Оқушылар: -Өз зерттеуін жоспарлау кезеңдерін ауызша және жазбаша нысанда талқылай алады. -Өз идеяларын плакаттағы схема түрінде көрсете алады. Кейін оқушылар басқа плакаттармен жұмыс істеп, өз пікірлерін айтып және өз идеяларын дамыта отырып, басқаларының идеяларын толықтырады Пәнге қатысты терминология:
|
||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
«Мәңгілік Ел» құндылықтары: Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, негізгі мақсатқа табандылықпен жетуге, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістіктерге жетуге үйрету. |
||||||||||||||||||
Пəнаралық байланыс |
Қазақ тілі-тақырыптың мәтінімен жұмыс жасауда; Орыс тілі, ағылшын тілі,-терминдермен жұмыс жасауда; Математика, технология. |
||||||||||||||||||
Алдыңғы білім |
Механикалық жұмыс |
||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||||||||||||||||
Сабақтың басы 2 минут
Білу: 5минут
|
1.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу
ІІ. Ынтымақтастықты қалыптастыру «Шаттық шеңбері» арқылы бір-біріне сәттілік тілейді. «Жұмыс», «Қуат» қиындылары арқылы 2 топқа бөлу.
ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру. (жеке жұмыс)
7. ҒА>Ға болса, онда дене Ж. Қалқып жүреді 8. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал И. Барометр
ҚБ : Өзара тексеру, дұрыс жауаппен түзету жасайды. |
Түрлі карточкалар
Тест сәйкестендіру
|
|||||||||||||||||
Сабақтың ортасы Түсіну: 7минут
|
Тапсырма №1. Топтық жұмыс «Тікелей радиоэфир» әдісі бойынша жаңа сабақты меңгерту (оқулықпен жұмыс). Радио жүргізуші - топтың ішінен бір оқушы болады, қалған оқушылар радио жүргізушіге тақырыпты ашуға көмектеседі. 2-ші топтағы оқушылар қонақтар болып есептеледі. 2-ші топтағы оқушылар қонақтар яғни қонақтар радио жүргізушіге тікелей эфирде ұялы телефонмен сұрақтар қояды. Радио жүргізуші сол сұраққа жауап береді.
Мәтінді 2
топқа бөліп беру: 1-топ:
Қуаттың анықтамасы, формуласы 2-топ:
Қуаттың өлшем бірлігі, еселік бірліктері
Дескриптор: 1. Оқулық бойынша мәтінмен танысады, негізгі ойды тұжырымдайды, 2. Мәтінді оқу барысында әр топ өз дәлелдерін сипаттайды
ҚБ: «Қыздыру шамы» арқылы бағалау. Жанған қыздыру шамын немесе жанбаған қыздыру шамын көтеру арқылы бірін-бірі бағалайды. |
Оқулық 7 класс Алматы «Атамұра» 2017 Авторлары: Р.Башарұлы, Ш.М. Шүйіншина, К.К. Сейфоллина
|
|||||||||||||||||
Сергіту сәті 1 мин |
«Физикалық жаттығу» ағылшынша айту |
|
|||||||||||||||||
Қолдану: Жаңа тақырыпты меңгеріп,білімдерін терендтіп,саралау 3минут
|
Тапсырма №2. Жеке жұмыс Балама тест
ҚБ: Оқушылар дұрыс жауапқа қарап түзету жасайды. (Мадақтау, қолпаштау) |
Кесте
|
|||||||||||||||||
11 мин
Талдау: 2минут
|
Тапсырма № 3. Есептер шығару. Жеке жұмыс «Ортадағы қаламсап» әдісі 1. Қуаты 5кВт двигатель 30мин ішінде қандай жұмыс істейді? 2. Массасы 10,5т көмір артқан қауға (бадья) шахтыдан бірқалыпты көтерілгенде 6200кДж жұмыс істелінеді. Шахтының тереңдігі қандай? 3. 1 сағатта 18000кДж жұмыс өндірген двигательдің құатын анықтаңдар. 4. Қуаты 30 Вт желдеткіш 10 минутта қанша жұмыс істейді?
5.
Биiктiгi 10 м сарқырамадан 2 минутта 50
6. Массалары әртүрлі екі қыз бала баспалдақпен жарыса жүгіріп, үйдің үшінші қабатына бір мезгілде көтерілді. Бұл жағдайда олар бірдей қуат өндіре ме? Жауабыңызды түсіндіріңіз? 7. 100 км-ге жүгірген машина мен адамның қуатын салыстырыңдар. Жүргеннен кейінгі қуаты? Жүгіргенге дейінгі қуат? |
Тақтамен жұмыс
|
|||||||||||||||||
Жинақтау: 2минут |
Полиглот әдісімен жұмыс жасайды:
|
Слайд |
|||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут
2 мин |
Кері байланыс: «Жұдырық-алақан» Оқушылар бәрін түсінген болса - алақандарын көрсетеді, түсінбеген тұстары болса - үш саусағын көтереді, ал мүлде түсінбеген болса - жұдырығын көрсетеді.
Үйге тапсырма: Механикалық «жұмыс» және «қуат» тақырыбына сөзжұмбақ құрастыру және 5.2-жаттығу №3,4, №475, 477, 478, 480.
|
Сабақтан алған әсерлерін ауызша қорытынды-лайды
|
|||||||||||||||||
Саралау
|
Бағалау
|
Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау
|
|||||||||||||||||
Барлық топтар «Тікелей радиоэфир» әдісімен жұмыстарын қорғайды
1-топ: Қуат ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру және формуласын жазу. 2-топ: Қуаттың өлшем бірлігін, еселік бірліктерін жазу. .
|
1-топ: Қуат ұғымының физикалық мағынасын түсіндірді және формуласын жазды.
2-топ: Қуаттың өлшем бірлігін, еселік бірліктерін жазды.
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырманы орындау кезінде қорытынды бағалау жүргізілді |
Математика пәнінен алған білімдерін қолданады. Оқушы денсаулығын сақтау мақсатында физминутка жасалып, өздерін партада тік ұстап отыруларына нұсқау беріледі |
|||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия: Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Сабақтың сәтті тұстары? Сабақтың сәтсіз тұстары?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Сабақ мақсатын айқындауда оқушылар тартылып дұрыс қойылды, өз деңгейінде ашылды. Оқушылардың жас ерекшелігі ескеріліп, барлық оқушылардың қажеттіліктері қанағаттандырылды. Оқушылардың барлығы қуат ұғымының физикалық мағынасы жайлы толық ақпарат ала отырып, оқу мақсатына қол жеткізді. Механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларын пайдаланып есептер шығарды. Сабақ барысында 5минут уақыт жетпей қалды. Сабақ жоспарында ешқандай ауытқулар орын алған жоқ, өзгерістер енгізілмеді. Сабақтың сәтті шыққан бөлігі ол таңдалған әдіс-тәсілдердің тиімділігі. Мысалы, «Тікелей радиоэфир», «Ортадағы қаламсап» әдістері және де оқушылардың бір – бірін шынайы бағалауы, оқу жетістіктерін бағалау критерияларын нақты түсінуі. Оқушылардың өздігінен білім алуы, берілген тапсырманы дұрыс және уақытында орындап, дәлелді, өмірмен байланыстырып жауап беруі. Сабақтың барысында көңіл аударатын нәрсе оқушылардың өзіне деген сенімділігін әлі де арттырып, бағалауға көп көңіл бөліп, жұмыстануым керек деген ойдамын. Және де алдағы сабақтарда қолдану дағдысын дамытуға арналған тапсырмаларды көбірек пайдалану.
|
||||||||||||||||||
ук
заңының формуласы
В.
су
құлап ағады. Су ағынының қуаты қандай?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген