400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. 7 сынып. Сыбайлас және вертикаль бұрыштар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақ 7-сынып оқушыларына арналған геометрия пәнінен «Сыбайлас және вертикаль бұрыштар» тақырыбында жасалған. Сабақта оқушылар сыбайлас бұрыштардың қосындысы 180°-қа тең екенін, ал вертикаль бұрыштардың өзара тең болатынын дәлелдеуді үйренеді. Теориялық білімді бекіту мақсатында практикалық есептер мен тапсырмалар қамтылған. Сабақ оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға, геометриялық фигураларды танып, олармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ (САБАҚ) ЖОСПАРЫ

Бөлім:

Геометрияның алғашқы мәліметтері

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны: ___ Қатыспағандар саны: ___

Сабақтың тақырыбы:

Сыбайлас және вертикаль бұрыштар, олардың қасиеттері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

7.1.1.9 сыбайлас және вертикаль бұрыштардың анықтамаларын білу.

7.1.1.10 сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін дәлелдеу және қолдану.

Сабақтың мақсаты:

- Сыбайлас және вертикаль бұрыштарды ажыратады және сызбада көрсетеді.

- Бұрыштардың қасиеттерін (қосындысы 180° немесе теңдігі) есептер шығаруда қолданады.

- Берілген шарттар бойынша белгісіз бұрыштарды логикалық түрде есептеп табады.

Құндылықтарға баулу:

Жауапкершілік: тапсырмаларды ұқыпты орындау.

Ынтымақтастық: жұптық жұмыста бір-біріне қолдау көрсету.

Сабақ барысы:

Уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


  1. Ұйымдастыру. Сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық ахуал: «Бұрыш тренингі». Мұғалім: «Өзіңді тік бұрышпын десең – шынтағыңды 90° ұста, жазыңқы бұрышпын десең – қолыңды жай, сүйірбұрышпын десең – қолыңды жоғары көтер»


ЕББҚ: Мұғалімнің нұсқауымен оқушымен бірге бұрыштарды дене мүшелерімен көрсетеді. Алдына бұрыш түрлері бейнеленген визуалды карточкалар қойылады

Амандасады. Тренингке қатыса отырып, дене мүшелері арқылы геометриялық фигураларды бейнелейді.


ЕББҚ: Мұғалімнің нұсқауымен және визуалды үлгіге қарап, бұрыш түрлерін денесімен бейнелейді.

Ауызша мадақтау: «Жарайсың!», «Тамаша!»

Музыкалық сүйемелдеу.

  1. Қызығушылықты ояту. ЖИ құралымен жұмыс: «Күнделікті өмірдегі бұрыштар» (қайшы, киіз үй шаңырағы, жол қиылысы) атты ЖИ-мен жасалған 10 сценарийден тұратын видео көрсету.

Проблемалық сұрақ: «Бұл заттардың арасында қандай байланыс бар? Олар қандай бұрыштарды құрап тұр?»

Видеоны көреді, өмірде кездесетін бұрыштарды талдайды. Өз ойларын ортаға салады.

«Миға шабуыл»: Оқушылардың жауабына қарай бағыт беру.

ЖИ-мен жасалған бейнеролик (Runway/Leonardo AI).

  1. Өткенді қайталау. «Зымыран сұрақтар» әдісі. Wordwall платформасындағы интерактивті ойын (Зымыран анимациясымен):

Тік бұрыш 90°, жазыңқы 180° болатынын еске түсіру.

Транспортирдің қызметі мен бұрыштардың белгіленуін сұрау.


ЕББҚ: Баламалы жауап беру: Ауызша жауап орнына оқушыға «90°» және «180°» жазылған карточкалар беріледі. Сұрақ қойылғанда тиісті санды көтереді

Платформадағы сұрақтарға жылдам жауап береді. Әр дұрыс жауап сайын экрандағы зымыран жоғары көтеріледі.


ЕББҚ: Сұраққа сәйкес сандық карточканы (мысалы, жазыңқы бұрышқа 180°) көрсетеді.

Дескриптор (1б):

- Өткен тақырып бойынша сұрақтарға нақты жауап береді (1 балл).


ЕББҚ үшін дескриптор: Бұрыш өлшемдерін (90°, 180°) визуалды қолдау арқылы дұрыс ажыратады – 1 балл.

Интерактивті тақта,

https://wordwall.net/ru/resource/60540610

Wordwall

  1. Топқа бөлу және Мақсат қою. «Терминдік карта» арқылы бөлу: «Сыбайлас», «Вертикаль», «Перпендикуляр», «Бұрыш», «Түзу» сөздерімен 5 топқа бөлу.

Сабақ тақырыбы мен SMART мақсатын таныстыру.

Терминдер бойынша топтарға бірігеді. Сабақ мақсатымен (анықтамасын білу, қасиеттерін қолдану) танысады.

Өзін-өзі бағалау: «Оңай/Қиын» (қай сұрақ оңай, қайсысы қиын болғанын айтады).

Топқа бөлу карточкалары, слайд.

Сабақтың ортасы


1-тапсырма. Жеке жұмыс. «Сәйкестендір» әдісі Мақсаты: Терминдерді меңгеру. Бұрыш түрлерін анықтамасымен сәйкестендіру тапсырмасы (1–А, 2–Ә, 3–Б).


ЕББҚ: Анықтаманы толық оқудың орнына, бұрыштың суреті мен атауын сәйкестендіруге арналған суретті карточкалар ұсынылады.

Анықтамаларды талдайды, бұрыш түрлерін ажыратады. Дәптерге жауаптарын белгілейді.


ЕББҚ: Суреттегі бұрышты атауымен (мысалы, вертикаль) сызық арқылы қосады.

Дескриптор (2б):

- бұрыш түрлерін таниды – 1б;

- анықтамасын дұрыс табады – 1б.

Үлестірмелі карточкалар, Интербелсенді тақта.

  1. тапсырма. Жұптық жұмыс. «Бірге орындайық» (ТӨДК стратегиясы)

Т – Толықтыру: Анықтаманы толықтыру.

Ө – Өзгерту: Теореманы (180°) дәлелдеу.

Д – Дамыту: Вертикаль бұрыштар теңдігін қорыту.

К – Күрделендіру: Перпендикулярлық белгісін (⊥) енгізу.


ЕББҚ: Дәлелдеу парағында бос орындар қалдырылады: « , себебі олар бұрыштар»

GeoGebra-дағы динамикалық сызбаны бақылайды. Жұппен теореманы талқылап, дәлелін дәптерге жазады.


ЕББҚ: Тірек сөздерді пайдаланып, дәлелдеу парағындағы бос орындарды толтырады.

ҚБ: «Бағдаршам» 🟢

түсінікті

сұрағым бар

түсінбедім. (2 балл)


ЕББҚ үшін дескриптор:

  • Тірек сөздер мен суреттер арқылы бұрыш түрін анықтайды – 1 балл.

GeoGebra

https://www.geogebra.org/calculator бағдарламасы, Шыныбеков (25–27 б.б.).

  1. тапсырма. Топтық жұмыс. «Қазына іздеу» (Саралап оқыту)

І топ (Базалық): №1.47, 1.49 – сыбайлас бұрыштарды табу.


ІІ топ (Орта): №1.59 – бұрыштардың 2:3 қатынасы бойынша есептеу.


ІІІ топ (Жоғары): №1.65 – логикалық есеп.


ІV топ (Шығармашылық): №1.67 – перпендикулярлықты дәлелдеу.


ЕББҚ: Оқушыға «Ата → Формула → Есепте» деген 3 қадамдық нұсқаулық беріледі. Ол тек І топтың (Базалық) 1 есебін орындайды


Топ ішінде рөлдерді (баяндаушы, хатшы, таймкипер) бөледі. Есепті флипчартқа орындап, қорғайды.


ЕББҚ: Нұсқаулыққа сүйене отырып, қарапайым сыбайлас бұрышты (180°-тан азайту) есептейді.

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» Топтар бірін-бірі бағалайды.

Дескриптор (3б):

- бұрыш түрін атайды;

- формуланы жазады;

- нәтижені табады.


ЕББҚ үшін дескриптор:

  • Дайын алгоритм бойынша белгісіз бұрышты табады – 1 балл.

Флипчарт, маркерлер, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың соңы

  1. тапсырма. Жеке жұмыс. «Сыныптан шығу билеті»

Мақсаты: Оқу мақсатына (7.1.1.10) жету деңгейін тексеру.

Есеп №1.50(1): «Бір сыбайлас бұрыш екіншісінен 30°-қа үлкен. Осы екі бұрышты тап».


ЕББҚ: Есептегі сандарды оңайлату (мысалы, 180 - 100). Шешім жолының шаблоны беріледі

Жеке парақшада теңдеу құру арқылы есепті шығарады. Шешуі:

.

Жауабы: .


ЕББҚ: Дайын үлгі бойынша есептің жауабын жазады.

Дескриптор (3б):

- теңдеуді дұрыс құрады – 1б;

- айнымалыны табады – 1б;

- бұрыштарды анықтайды – 1б

Жеке тапсырма парақтары, Шыныбеков оқулығы.

Бекіту. «Ақиқат / Жалған» кестесі

  1. Сыбайлас бұрыштар тең (Ж).

  2. Вертикаль бұрыштар тең (А).

  3. болса, бұрыш (А).

4. Жазыңқы бұрыш (Ж).

Кестені толтырып, бұрыштардың қасиеттерін қорытындылайды.

Өзара бағалау: Жұбының жұмысын дайын жауаппен тексереді.

Слайд, бекіту кестелері.

Кері байланыс: «Дейін / Кейін» Оқушылар сабақ басындағы білімі мен қазіргі түсінігін салыстырады.


ЕББҚ: Күрделі INSERT кестесінің орнына көңіл-күйін немесе түсіну деңгейін смайликтер салу немесе таңдау арқылы білдіреді


Үй тапсырмасы: №1.54, 1.60.

Дарынды оқушыға: №1.67 (GeoGebra арқылы тексеру).

Өз оқуына рефлексия жасайды. Үй тапсырмасын жазып алады.


ЕББҚ: Стикерге смайлик салып, «Білім шыңының» өзіне ыңғайлы тұсына жапсырады.

Жиынтық бағалау: Сабақ бойы жиналған ұпайларды 10 балдық жүйеге көшіру.

Стикерлер, күнделік.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.06.2026
8
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі