Қолдану «Еркін талқылау» әдісі
арқылы топтық жұмыстар
Мәтін мазмұнын, идеясын меңгерту мақсатында 3 топқа шығарма
жазу,құруға тапсырмалар беру Балалар, экология
мәселесі негізгі мақсат болғандықтан, табиғат, адам, қоршаған орта
туралы оқығандарымызды ,білгенімізді ортаға салып
орындайық.
1
топ «Қызыл
кітап».туралы :
Сирек
кездесетін әрі жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарларды
қорғау мақсатында 1974 жылы Қазақстанда «Қызыл кітап» шықты. Оның
беті алуан түрлі болады. Қызыл парақтарына жойылып кету қаупі бар
жануарлар енеді. Ақ парағына саны азайған жануарлар мен өсімдіктер
енеді. Жасыл парағында қайтадан аяласа қалпына келетіндер
енеді.
2 топ : Ата-бабамыздың
табиғатты қорғау дәстүрі.
Көшпелі өмір сүрген
ата-бабаларымыз күндіз-түні, жыл бойы шаруа жағдайын ойлап, көшіп
жүруінің өзі табиғатты қорғаудың көшпелілік үдерісі. Өзі тұрған
жерінің құсын, аңын, шөбін үнемдеп пайдаланды. Төрт түліктің бабын
ойлап табиғатпен үйлесімді экожүйе ұйымдастыра білді. Қазақ
халқының тұрмысындағы көктеу, жайлау, күздеу, қыстау болуының
өзі-табиғатты қорғаудың үлгісі
3
топ :
Экология
туралы толық мағлұмат беру. «Экология» гректің үй,
ғылым деген екі сөзінен тұрады, яғни өзің тұратын үйдің жай – күйін
бақылап, біліп, ахуалын жақсартуға бағытталған ілім деген сөз.
Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс, мекені, алтын ұя,
бесігі, құт берекесі. Адам үшін табиғат ең қастерлі ұғым. Өйткені,
халық өзін табиғаттың бөлінбес бір бөлігі.
Табиғатты қорғау – бәріміздің борышымыз. Экология мәселесі негізгі
мақсатты табиғат, адам, қоршаған ортаны
қоғау.
«Бағдаршам» стратегиясы
арқылы топтарда өзара бағалау
жүреді
Егер жеткізуі нақты, анық, түсінікті болса
Жасыл түс
Егер жеткізуі орташа, ауытқушылықтар кезіксе
Сары түс
Егер құр сөзге негізделген мүлдем түсініксіз болса
Қызыл түс
Талдау
«Тақия тастамақ» ұлттық ойыны
ойналады.
Ойым бар ойын бастамақ,
Аты оның «Тақия тастамақ».
Ақырын, аспаймын,
саспаймын,
Алдыңа тақия тастаймын.
Алдына тақия тастаған бала табиғат туралы мақал-мәтел
айтады.
Табиғат - тал
бесік. Жер - ана, ел - бала.
Қара жерге
халық ие. Жер - ел ырысы.
Жер - таусылмайтын қазына.
Жер - ырыстың кіндігі, Еңбек - ырыстың
қазығы.
Жер тағдыры - ел тағдыры. Жер бауыры -
жазық.
Жердің сәні - егін, ердің сәні -
білім.т,б.
|